Түркістан облысы

Арыста апаттың алдын алуға арналған оқу-жаттығу өтті

0
(0)

Арыс қаласының темір жол аумағындағы М-79 тұйығында өртке қарсы тактикалық оқу-жаттығу жиыны өтті. Жүк пойызымен тез тұтанатын заттарды тасымалдауда қауіптің алдын алуға бағытталған іс-шараға 100-ден астам адам қатысып, 11 бірлік техника жұмылдырылды. Арыс қалалық төтенше жағдайлар бөлімі ұйымдастырған шараға қатысқан қала әкімі Гүлжан Құрманбекова мұндай жаттығулар төтенше жағдай кезінде қызметкерлердің жедел әрекет етіп, батыл шешім қабылдауына оң әсерін тигізетінін атап өтті.

«Арыс қаласы тоғыз жолдың торабында орналасқандықтан әрі тұрғыны көп үлкен қала болғандықтан, сала мамандарының біліктілігін шыңдайтын мұндай оқу-жаттығу жиындарын жиі өткізіп тұруымыз керек. Нәтижесінде, апат бола қалған жағдайда тиісті қызметкерлеріміз кез-келген қауіптің алдын алуда еркін әрекет ететін болады», – деді ол.

Айта кетейік, оқу-жаттығу жиынына «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ кәсіпорыны мен қалалық медициналық жедел жәрдем станциясы, санитарлық эпидемиялық қадағалау басқармасы сынды өзге де мүдделі мекемелер қатысты.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button