Түркістан облысы

Түркістан: Көгалдандыруға шетелдік ғалымдар тартылады

7700 га аймақта 12 миллионға жуық түп көшет отырғызылды.

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласын көгалдандырудың жаңа концепциясын жасауды тапсырды, деп хабарлайды newsroom.kz. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл іске шетелдік ғалымдар да тартылмақ. Жасыл желекті жайқалтуда жаңа технологиялар мен минералды тыңайтқыштар қолданылады. Кент келбетін әрі қарай ажарландырып, тынымсыз еңбекпен жасалған дүниені күтіп ұстау үшін креативті идеялар қажет. Осылай деген облыс әкімі өз міндеттерін дұрыс атқармаған компаниялармен келісімді бұзып, жұмысты өзге мекемелерге тапсыруды жүктеді. Қаладағы көгалдандыру жұмыстарымен танысқан облыс басшысы Түркістанды ну орманға айналдыру үшін жасалған іс-шараларды пысықтады.

«Қаланың көркін ашатын да, келбетін келісті етіп, әрін арттыратын да – оның тазалығы мен жайқалған жасыл желегі. Түркістанның экологиялық ахуалын тұрақтандыру – бәріміздің парызымыз»,-деді облыс әкімі.

Шаһар шырайын шұғылалы ему мақсатында көріктендіру, көгалдандыру, абаттандыру және санитарлық тазарту жұмыстары тынымсыз жүргізіледі. Киелі қаланы жел эрозиясынан сақтап, экологиялық ахуалын тұрақтандыру және қолайлы климат қалыптастыру үшін Түркістан айналасынан «Жасыл белдеу» құрылған. 7700 га аймақта 12 миллионға жуық түп көшет отырғызылды.

Облыс әкімдігінің ұйытқы болуымен қала 32 секторға бөлініп, абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Қала ішінде қарағай, терек, емен, үйеңкі, шаған ағаштары және өрік, алма секілді жеміс ағаштары егілген. Экологияны тазарту, барлық аймақтардағы полигондарды түзете отырып, оны әрі қарай дамыту, өсіру, жаңартылуы қамтылған.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.