Түркістан облысы

Түркістан: мектептердің құрылысы қатаң бақылауға алынды

0
(0)

Жаңа оқу жылының басталуына бір айдан аз уақыт қалды.  Осы жауапты сәтке дайындық қай деңгейде?  Жол картасы бойынша салынып жатқан білім ұяларының құрылыс барысы қалай? Осы және өзге де мәселелер «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы жанындағы Білім мен ғылымды дамыту жөніндегі қоғамдық кеңес отырысында талқыланды, деп хабарлайды NewsRoom.kz.«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Күн тәртібінде «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі республикалық Жол картасының білім саласына қатысты тармақтарының Түркістан облысында орындалуы, Түркістан облысының білім саласындағы өзекті мәселелері мен 2021-2022 оқу жылына дайындығы, Түркістан облысында жаңғырудан өтіп жатқан мектептер, Жол картасы аясында Түркістан облысында құрылысы жүріп жатқан мектептердегі жұмыс барысы кеңінен сөз болды.
Білім мен ғылымды дамыту жөніндегі қоғамдық кеңестің төрайымы, облыстық мәслихаттың депутаты Рабиға Қуатбекова білімге қатысты индикаторлардың орындалуы бақылауда екенін айтты.«Nur Otan»  партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев партияның сайлауалды бағдарламасында білім саласына  баса мән берілгенін атап өтті.  Жол картасы баяу орындалып жатқан аудан, қалаларға жұмысты жандандыру керектігіне тоқталды.  Ел қазынасынан қаржы бөлінген мектептер уақтылы әрі сапалы салынуы тиіс.
Түркістан  облысында «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөнінде 17 Жол картасы бекітілген.
Қазіргі таңда облыстың Жол картасында 26 негізгі көрсеткіш пен 128 іс-шара болса, оның әрбіріне облыстық мәслихаттың депутаттары, фракция мүшелері жетекшілік етеді. Білім мен ғылымды дамыту жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңес партияның сайлауалды бағдарламасының білімге қатысты тармақтарының орындалуына ықпал етеді.
Жол карталарына сәйкес алдағы 5 жылда облыстағы апатты және үш ауысымды мектептердің өзекті мәселелерін шешу мақсатында 130 мектеп салу (2021 жылы – 47, 2022 жылы – 26, 2023 жылы – 21, 2024 жылы – 24, 2025 жылы – 12) жоспарланған. Биылдың өзінде 78 мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр.  Жыл соңына дейін 44 мектептің құрылысын аяқтау жоспарланған.
Сондай-ақ партияның сайлауалды бағдарламасы шеңберінде «5000 мектепті жаңғырту» жобасына облыстағы 108 мектеп еніп отыр.
Облыстық Адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Р. Жолаев жаңа оқу жылына дайындық жоспардағыдай екенін айтты. Оқулықтар жеткілікті.  Облыста 2021-2022 оқу жылында жалпы бала саны – 527 586, оның ішінде 1 сыныпқа 80894 бала қабылданады деп күтілуде. Бірінші сынып оқушылары былтырғы оқу жылымен салыстырғанда 26934 балаға  артуы мүмкін.

Жиында білім ұяларының құрылыс барысы туралы Түркістан облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары
Тәжібай Егетаевтың баяндамасы тыңдалды. Оның айтуынша, 2021 жылы 78 білім нысанының құрылыс жұмыстарын жүргізуге 18,9 млрд. теңге қаржы қаралды. Оның ішінде 2 млрд. теңге «Ауыл — ел бесігі» бағдарламасы арқылы, 16,9 млрд.теңге облыстық бюджеттен қаралған.
Бүгінгі таңда 69 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілуде.  9 нысан бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсы нәтижелері анықталмаған.
2021 жылдың соңына дейін 44 білім нысанын пайдалануға тапсыру жоспарланған. Бірақ Арыс, Кентау қалалары мен Қазығұрт, Сайрам, Төлеби, Түлкібас аудандарында Жол картасы бойынша білім ұяларының құрылысы кешігіп жатыр. Жиында аталған аудан, қала әкімдері орынбасарларының мәліметтері тыңдалып, жұмысты жандандыру жөнінде ұсыныстар берілді.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button