Түркістан облысы

Жетісай ауданының Қоғалы ауылы тұрғындары төтенше жағдай қызметкерлеріне көмектесуде

0
(0)

Түркістан облысы Жетісай ауданы Атамекен ауыл округі Қоғалы ауылын тасқын су басты деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Алайда ондағы 186 үйде тұратын 1400 тұрғынның басым көпшілігі яғни әйелдер қауымы балашағаларын алып, бүгінде өз еріктерімен Жетісай қаласындағы туған-туыстарының үйлеріне орналасқан.
Десек те, аудан әкімдігі қауіпсіз аймаққа көшемін деушілерге арнап үш мектепті әзірлеп, ауылға 50 орындық автобус та қойып қойған. Бірақ ауылдың ер кісілері көшуден өз еріктерімен бас тартып, елдімекен іргесіндегі дамбы көтеру жұмыстарына атсалсысуды жөн көріпті.
Жетісай ауданының Өзбекстан Республикасымен шекаралас орналасқан Қоғалы ауылындағы жағдайдың бұған дейін бақылауда болғанын ескертеміз. Аталған елдімекенде аудан әкімдігі мен төтенше жағдайлар қызметінің мамандары су тасқынын алдын алу шараларын жүргізіп, дамбы тұрғызу, құм толы қапшық қалау жұмыстарын атқаруда.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:

Тағы да

Scroll Up
Close