Түркістан облысы

Түркістан: Мақтааралға барлық күш жұмылдырылды

0
(0)


«Су – тілсіз жау» демекші, қазір барлық күш Мақтаарал өңіріндегі тасқын сумен күресуге жұмылдырылған. Мақтаарал ауданындағы су тасқынына орай ауыл шаруашылығы саласында түгендеу жұмыстары жалғасуда. Арнайы жұмысшы тобы айналысып жатыр. Қазірдің өзінде 3600 гектардан астам ауыл шаруашылығы дақылдарының су астында қалып, зардап шеккені анықталған», деді облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте.

Брифинг барысында Facebook әлеуметтік желісіндегі тікелей эфирде тұрғындармен тілдескен С. Қалқаманов техногендік апаттан зақым келген тұрғындардың үйлері, өлген малдары мен шығындары есептеліп, тізім жасақталатынын жеткізді.

Сондай-ақ, брифингте сөз алған «Nur Оtan» партиясы Түркістан облыстық филиалы Төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев «Жалпы қызыл судан 620 үйге зақым келген. Тұрғындарды көшіру үшін 22 эвакуациялық орын даярланды. Бүгінде мұнда орналасқан адам саны 3,5 мыңға жуық. Қиын жағдайға ұшыраған мақтааралдықтарға қолдау білдіруші қайырымды азаматтар үшін «Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қоры жұмыс істейді. Сондай-ақ, өңірдегі жапа шеккен халыққа көмек беру үшін алғаш болып Жамбыл облысынан 30 тонна азық-түлік, киім-кешек тиелген үш жүк көлігі келе жатыр», деп атап өтті.

Гуманитарлық көмекті жергілікті ақсақалдар, партия және қоғам белсенділерінен құрылған топ қадағалайтын болады.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:

Тағы да

Scroll Up
Close