Түркістан облысы

Түркістан: құрбандыққа 7 тонна ет таратылды

5
(1)

Мұсылман үшін сауаптың үлкені – кісі көңілін жадырату. Бір кісі жымиса, он кісінің жүрегі жылиды. Сондықтан да, дін әр кісіні көркем мінезді болуға шақырады.  Бұл туралы Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметіне Newsroom+Ақпарат агенттігі сілтеме жасап хабарлайды.

Сайрам ауданының бірқатар кәсіпкерлері қайырымды істен мол сауап алу мақсатында мыңнан астам отбасы мүшелеріне ізгілік танытты.

Аудан көлемінде кешегі үш күн айтта Құрбан айт мерекесіне орай, 65 ірі қара, 178 ұсақ мал, яғни қой құрбандыққа шалынып, 1251 отбасыға ет таратылды. Олардың қатары аудандағы жалғыз ілікті қарттар, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар, асыраушысынан айрылған, көмекке мұқтаж жандардан құралды.

Еттен бөлек, 3,5 млн теңгенің азық-түлік себеттерін (ұн, май, күріш, қант және т.б) әзірлеген қайырымды жандар аталған отбасы мүшелеріне айттық таратып, игі шараға келе алмайтын отбасы мүшелеріне үйме-үй кіріп табыстады.

Жақсылық жасау — имандылықтың, тәрбиеліліктің, парасаттылықтың айқын көрінісі. Жақсылық жасаудан жарысып, нағыз мәрттік пен жомарттығын танытқан азаматтарға көпшілік мол сауапқа кенелуді тіледі.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll Up
Close