Тарих

Тағдыр азабы: Түркістан өңіріндегі қуғын-сүргін құрбандары

Кеңес билігі кезінде коммунистік билік кесірінен жазықсыз репрессияға ұшыраған қазақ қайраткерлер саны өте көп. Қазіргі таңда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қолдауымен репрессия құрбандарын ақтау жұмыстары жүріп жатыр. Алайда айтылмаған тағдыр азаптары қазірдің өзінде сансыз көп, деп newsroom.kz хабарлайды.

Репрессия құрбандары Қазақстанның түпкір түпкірінде болғанымен, айтарлықтай қайраткерлер Түркістан өңірінен шықты. Қазіргі таңда бүкіл репрессияға ұшыраған адамдар саны жинақталуда, олардың көбісі әлі күнге дейін құпия болып келуде.

Newsroom порталының тілшісі өзімізге белгілі репрессияға ұшыраған тарихи түлғалар туралы дерек жинап жазды.

1 – Нәзір Төреқұлов

Нәзір Төреқұлов (1892, Қандөз, Сырдария уезді, Түркістан өлкесі, Ресей империясы (қазіргі Қандөз ауылы, Жаңақорған ауданы, Қызылорда облысы) – 3 қараша 1937, Мәскеу) – мемлекет және қоғам қайраткері, публицист, алғашқы қазақ елшілерінің бірі, дипломат. Орта жүздің алты арысының бірі Қоңырат тайпасы Көтенше тармағының Маңғытай руынан.

Өткен ғасырдың басында ұлт үшін өлшеусіз қызмет жасаған алаш қайраткерлерінің ішінде Нәзір Төреқұловтың есімі ерекше құрметпен аталады. Нәзірдің ата–бабасы Оңтүстік Қазақстан облысының Қандөз ауылының төл баласы. Болашақ кеңес дипломаты, мемлекет қайраткері, ғалым 1892 жылы қазан айында Сыр бойының Түркістан өңірінде мақта саудасымен айналысатын дәулетті отбасында дүниеге келді. Әкесі Төреқұл заң және сауда қызметкері. Анасы Гүлбаһрам – тәжік қызы – аса діндар адам болған. Төреқұлдың үш баласының тұңғышы Нәзір, екінші ұлы Әбдіқадыр және Фатима атты қызы болды. Балалық, жастық шағын Қоқан қаласында өткеріп, осындағы медреседе, орыс–түзем мектебінде оқып, 1913 жылы Қоқан коммерция училищесінің сегізінші класын ойдағыдай аяқтаған Н.Төреқұлов, Мәскеу коммерция институтына оқуға түседі. Мұнда экономикалық пәндерді оқып үйренумен қатар, Нәзірдің өзі бала жасынан зор қабілеттілігін танытқан шет тілдерді үйренудің жаңа мүмкіндігі туды. Орыс және түрік тілдерін жетік біліп, француз бен неміс тілдерінде еркін сөйлей алатын дәрежеге жетті. Мәскеу коммерция институтының З курсынан 1916 жылы өз еркімен Батыс майданының «Земсоюз» нұсқаушылығына сұранып, Орта Азия жастарының саяси күресін бастаған серкесіне айналды. Өз ғұмырын халық азаттығы жолындағы күреске арнаған Нәзір, 1917–1920 жылдары үгітшілік, сауат ашу т.б. идеологиялық жұмыстармен айналысып, «Қазақ мұңы», «Халық газетасы», «Янги шарқ», газеттеріне редакторлық жасады. Минск маңында Қазақстаннан барған жастардан «Еркін дала» атты жасырын ұйым құрады. Ұйымның мақсаты шығыс халықтарының ұлт-азаттық қозғалысына көмектесу еді. Яғни, Нәзір Төреқұлов XX ғасыр басындағы ұлы өзгерістер кезеңінде тарих толқынымен сахнаға шыққан күрескер. Дүниетанымы демократиялық бағытта қалыптасқан мемлекет және қоғам қайраткері! Жиырмасыншы жылдары Түркістан Республикасының бірінші хатшысы болып сайлануының өзі көп жайтты аңғартқандай. Өйткені, ол жылдары Тұрар Рысқұлов, Сұлтанбек Қожанов, Мұстафа Шоқай, Мұхамеджан Тынышпаев секілді «сен тұр, мен атайын» дерлік ірі тұлғалар Ташкентте шоғырланғанын, Нәзір солардың қалауымен жас Түркістан Республикасы бірінші хатшысы болып сайланғанын ескерсек көп мәселеге көз жеткіземіз. Міне, осы бір күндерден басталған қайраткерлік жол жалындаған жастық ғұмырын қиып түскен сталиндік репрессияга дейін жалғасты. Ол бірде ағартушы, бірде баспагер, енді бірде Елші болып бой тастайды. Соның қай–қайсысында да халық қамын жеген қайраткер дәрежесінен бірде–бір рет ауытқымай өтті. Нәзір Төреқұлов үлкен қаламгер. Жастай жалындап өлең жазған ол аласапыран уақытта Торғайға барып «Қазақ мұңы» газетін шығарды. 1916–17 жылдары толқыған Торғай күрескерлер шоғырланған төңкерісшіл ойдың бесігі болғаны өздеріңізге мәлім. Демек Торғайда демократияшыл ойға рухани тамызық берген, қоғамдық ойдың қозғаушысына айналған тұлға — Нәзір Төреқұлов! Ташкентте «Темірқазық» журналын ұйымдастырып шығарып тұрды. Қаламы ұшталып, ойы толысқан ол қазақ, өзбек, тәжік тілдерінде халықтың көкейкесті мәселелерін қозғап көптеген мақалалар жазып жариялады. Бұл орайда Нәзір Төреқұловты отты публицист ретінде танимыз. Нәзір Төреқұлов қазақ, өзбек, тәжік тілдерін «ана тілім» деп білген, татар, башқұрт, қырғыз, әзірбайжан тілдерінде оқыған, ағылшын тілін білген, аз уақытта араб тілін игерген — полиглот азамат, игерген білімін іске жаратқан үлкен оқымысты ғалым. 1926 жылдың наурызында Бакуде өткен І Бүкілодақтық түркітанушылар съезінде түркі тілдес халықтар бірі екіншісімен тілдескенде өзара тез түсінісіп, бауырлас халықтар екендігін сезіне білулері үшін ортақ жазба қарпі қажеттігі алғаш рет көтерілген болатын. Осы съезде латын қарпін қабылдауын негіздеп сөйлегендердің бірі Нәзір Төреқұлов болды. Ол ұлттық рухқа, барлық талапқа сай, «тарихи тамырлы» әліпби, латыншаға негізделген, жаңа жазуды ең заманауи, мәдени және техникалық негізде жасауға мүмкіндік беретін жаңа латын әліпбиі екенін атап өтті. Нәзір Төреқұлов Қазақстандагы алғашқы баспагерлердің бірі. Ұлт республикасында баспа ісін ұйымдастырушы болған ол Мөскеуде 1922–28 жылдары «Күншығыс халықтары Орталық баспасында» бас редактор болып істеді. Халық даналығы дерлік түркі халықтары мақал–мәтелдері, жұмбақтарын кітап етіп бастырды. Қазақ Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов,

Мағжан Жұмабаев, өзбек Абдолла Аблани, башқұрт Вилданов секілді түркі халықтары ардақтыларын шығармашылық іске тартты. 1918 жылы РКП (б) қатарына өтіп, Қоқан автономиясын құлатуға қатысқан. Қоқан Ревком председателінің орынбасары және хатшысы болды. Ферғана облревкомының және Түркістан Республикасы Орталық Атқару Комитетінің төрағасы болды. Нәзір Төреқұлов Түркістан Республикасы Орталық атқару Комитетінің төрағасы ретінде Қырғыз Республикасының этнографикалыққұрылымына және тұрмыстық ерекшіліктеріне сәйкес болып келетін Красноводск уезінің Маңғышлақ уезі мен №4 және №5 Адай болыстықтарын Қырғыз (Қазақ) Советтік Социалистік Автономиялы Республикасына беру жөнінде 1920 жылы 16 қазанда №341 Декретіне қол қойған болатын. Міне осы Түркістан Республикасы Орталық Атқару Комитетінің қаулысы бойынша Маңғыстау түбегінің елімізге берілуі Нәзір Төреқұловтың жемісті еңбегінің нәтижесі екенін көреміз. 1920 жылы Түркістан КП Уақытша орталық комитетінің мүшесі және оның Атқару бюросының жауапты секретары қызметін атқарды. 1922 ж. Түркістан Республикасының Оқу–ағарту комиссары болып сайланды. 1922 жылдың қыркүйегінен КСРО ОАК жанындағы Орталық баспаның басқарма бастығы, сонымен бірге Москваның жоғары оқу орындарында шығыс тілдерінен сабақ береді, ғылыми еңбектер жазды. Оның «Бұхара Советтік Халық Республикасы», «Қоқан автономиясы», «Ферғана мәселесі» деген тарихи шығармалары бар. Өзбек мектебі үшін алғашқы оқулықтар жазды. 1923 жылы «Темірқазық» журналын шығара бастады. Журнал қазақ әдебиетіндегі кенжелеп қалған сын мәселесіне көңіл аудара бастады. «Нәзір жолдастың сыны қазақ әдебиетіндегі алғашқы сын деп айтуға болады». (С.Мұқанов. «Қызыл Қазақстан». № 16, 1923 ж). Н.Төреқұловтың оқу–ағарту саласындағы атқарған жұмыстары, айтқан сөздері, жазған мақалалары бүгінгі күнге дейін күн тәртібінен түспей келеді. Кезінде ол елді сауаттандыруға баса назар аударып, бірінші кезекте жергілікті ұлттық мамандарды даярлауға ерекше мән берген еді. Осы ұлттық мамандар арқылы ұлттық мектептер ашуға, әр ұлттың өз тілінде білім алуына баса назар аударды. Ташкентте тұңғыш қазақ жоғары оқу орнының ашылуына да Нәзір Төреқұлов мұрындық болды.1925 жылы өткен І бүкілодақтық мұғалімдер съезінде Н.Төреқұлов «Ұлт мәселесі және мектеп» атты баяндама жасады. Түркістаннан тысқары кеткен соң Нәзір Мәскеудегі КСРО халықтарының Орталық баспасын басқарды, ғылыми–педагогикалық жұмысқа араласты. КСРО Ғылыми академиясы түркология секторын басқарып, ғылымға біржолата ден қояды. Н.Төреқұлов 1922– 1926 жылдары Мәскеуге шақырылып, КСРО халықтарының Орталық баспасын басқарды, ғылыми–педагогикалық жұмысқа араласқан. Шығыс еңбекшілерінің Коммунистік университетінде (КУТВ) дәріс оқып, біраз уақыт осы оқу орнында проректорлық қызмет атқарған. Осы жылдары Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев сияқты ақыл–ой алыптары, «алашордашылдарды» қамқорлығына алып, қолдау көрсетеді. 1927 жылы Нәзір Төреқұлов БКП(б) ОК–нің және КСРО Сыртқы істер халық комиссариатының резервіне алынады. Яғни, Сыртқы істернаркомы тәжірибесі мол, біліміді адам ретінде оны осы іске лайықты деп тапты. Сол жылдары Нәзір Төреқұловтың кандидатурасын жақтаған КСРО Сыртқы істер халық комиссариаты Сталиннің атына ресми хат жолдайды. Сталин Оны осы орынға лайықты деп тауып, келісімін береді. 1927 жылдың 24 қарашасындағы Саяси бюроның мәжілісінде (№137 хаттама) жолдас Н.Төреқұловты Хиджаз, Неджд және біріктірілген аймақтарға елші етіп жіберу жөнінде шешім қабылданады. 1928 жылы небәрі 36 жасында ол Хиджаздағы (Сауд Аравиясы) КСРО–ның өкілетті уәкілі болып тағайындалады. Ол кезде мұндай жауапты қызметке жас адамның тағайындалуы дипломотиялық тәжірибеде өте сирек кездесетін жайт. Араға екі жыл салып, Нәзір Төреқұлов КСРО–дағы тұңғыш қазақ елшісі атанды. Жаңадан іргесі қаланып, әлемді тек мұнайымен ғана емес, рухани байлығымен аузына қаратқан Сауд Аравиясына КСРО– ның елшісі болу әншейінгі кезекті қызмет емес еді. Бұл елге елші таңдаудың өзі үлкен саясаттың жемісі болатын. Тағайындау алдында мұсылмандығы, қабілеті, білім дәрежесі, қазақ халқының өкілі екендігі бәрі–бәрі ескерілген. Оның үстіне Түркістан Автономиясында оқып, білім алғаны, қызмет істегені еске алынды. Осылай ол алып империяның өкілі ретінде шетелде 8 жыл бойы қайраткерлік көрсетті. Н.Төреқұловтың есімі тұңғыш қазақ елшілерінің бірі ретінде Қазақстан дипломатиясында мәңгілікке жазылған. Халқымыздың «Елдестірмек – елшіден, жауластырмақ – жаушыдан» деген қанатты сөзіне сай, Н.Төреқұлов Кеңестер Одағының Таяу Шығыстағы саясатын ілгерілету үшін маңызды ел болған Сауд Аравиясымен дипломатиялық қарым–қатынастарының бастау–бұлағында тұрып, өзінің миссиясын жоғары деңгейде атқарғаны белгілі. Өзінің жоғары білімділігі мен біліктілігіне қоса, шығыстың діні мен тілін түсініп, терең құрметтеген Н.Төреқұлов шығыс адамына тән мәмілегерлік талантын толық ашып көрсете алды. Сауд Аравиясы Королінің отбасына ықпал етудегі Ұлыбритания өкілі мен Кеңестер Одағының өкілі арасындағы бәсеке біздің қандасымыздың үлесіне шешулі оның табиғи мәмілегерлік қасиеттерін, қажырлы еңбегін көрсетеді. Сауда-саттық, шаруашылық саласында жасаған ұланғайыр қызметімен қатар, Король отбасымен жақын араласып игілікті көп істер атқарады, Король Әбдел Әзиз әл–Саудтың мұрагері Ханзада Фейсалдың КСРО–ға 10 күн бойы сапар шегуін ұйымдастыруы да елшілік қызметіндегі үлкен табысы, айрықша қайраткерлігі еді. Оның терең білімі мен кәсіби дағдысына, адами болмысына тәнті болған король мен оның отбасы оған ерекше құрмет көрсетті. Ауғанстан, Түркия, Иран, Ирак, Сирия, Иордания елшілерімен де араласып, достық қарым–қатынас орнатуға мүмкіндік туғызуы, сол кезде елшілікке қазіргідей жағдай туғызылмағанын ескерсек, адам сенбейтін ерлік еді. Н.Төреқұловтың Сауд Аравиясындағы сегіз жылға созылған дипломатиялық қызметі бірнеше ғасырлық тәжірибесі бар Ресейдің дипломатиясында да жоғары бағаланып отырғаны қуанышты. Сонымен қатар оның елшілік таланты мен күш–жігері Сауд Аравиясы тарапынан да өте жоғары бағаға ие болғаны аян. Еуропалық білім алған, шығыс мәдениеті мен мәнерін бойына дарытып өскен, жергілікті салт–дәстүрлерді сыйлап, өзі мұсылмандықты ұстануы елші Н.Төреқұловтың дипломатиялық корпус арасында шоқтығы биік болуына өз ықпалын тигізді. Сонымен, Н.Төреқұловтың КСРО дипломатиясы мен саяси тарихындағы алар орны ерекше екендігіне ешкім шүбә келтірмес. Бірақ, осыншама еңбек атқаруына қарамастан, Алаштың абзал арыстары С.Қожанов, Т.Рысқұлов, С.Сейфуллин сияқты Н.Төреқұлов та кеңес үкіметінің солақай саясатының құрбаны болды. Бір айырмашылығы, Н. Төреқұлов дербес мемлекет құруды армандаған алаш ордалықтардың құрамында болғаны үшін емес, мұсылман елдер өкілдерімен тығыз байланыста болғаны және мұсылмандьқ дінді сақтап қалуды үгіттегені үшін кеңестік жендеттердің қолдарынан өкінішке орай, 1937 жылы нақақтан жала жабылып мерт болды. Бірақ, кеш болса да 1958 жылы толығымен ақталды. Халқына қалтқысыз қызмет етіп, соңына өшпейтін мол мұра қалдырған алаштың адал перзенті, мемлекет және қоғам қайраткері Н.Төреқұлов жұлдызы жыл өткен сайын нұрланып, жарқырай бермек. Оның өнегелі мұрасы тек қазақ дипломатиясына ғана емес, келешек сабырлы да салиқалы саясатымызға үлкен жол ашары анық. Ұлт рухын ұлықтаған халқымыздың осындай тұғыры биік асыл, ұлы дала тұлғасын кейінгі ұрпақ жадында мәңгі сақтағаны абзал.

Martebe.kz дереккөздеріне сүйене, Қазақ елінің, қазақ жұртының тағдыры сынға түскен тарихи кезеңдерде, алмағайып замандарда әсіресе қазақ оқығандары, ұлт зиялылары жанқиярлық еңбек көрсетті. Ұлт болашағын ойлап қам жеген, халқы үшін от пен суға түскен, азап шеккен, керек болса осы мақсатта басын бәйгеге тігіп, жан қиған да осы Алаш арыстары болды. Әсіресе, ұлттық тәуелсіздік үшін күресте олардың бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, тізе біріктіріп, ел санасын оятудағы қыруар еңбегін ешуақытта ұмытуға болмайды.

Алайда, 1937 жылдың қырғынында осынау қазақтың қаймағы болған арыстарымыз барлығы дерлік қуғын-сүргінге ұшырап, басым көпшілігі ату жазасына кесілді. Ажалдан аман қалғандарының өзі ұзақ жылдар бойында ескерусіз қалдырылды.

Осылайша, қазақ ұлтының бүгінгі жарқын болашағын жақындатуға, оның іргетасын қаласуға сонау өткен ХХ ғасырдың алғашқы жылдарында аянбай еңбек еткен, қыруар жұмыс жасаған А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Шоқай, С.Садуақасов, Т.Рысқұлов т.б. көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлерінің бел ортасында Нәзір Төреқұловтың да есімі жарқырап көрінеді. Алаш идеясы бастарын біріктірген осынау саңлақтарымыздың қоғамдық және саяси өміріміздің әр саласында еңбек етіп, сол арқылы әрқайсысының түптің түбінде ұлттық тәуелсіздігімізге қол жеткізуге әрекет жасағандығын аңғарамыз.

Мемлекет және қоғам қайраткері Нәзір Төреқұлов та осы идея үшін күресті, азабы мен абыройы қатар түсіп жатқан, қатал да қатыгез тағдыр кешті. Оның өмір жолына қарап отырсақ, қоғамдық және саяси қызметінің барлық белестерінде алдымен ұлтына, туған халқына аянбай көмек беруге ұмтылғанын көреміз. Керек болса, осы мақсатта қолына қалам алып ғылыммен, әдебиетпен және журналистік қызметпен де айналысты.  Соның арқасында қазақ әдебиеті мен өнері үшін, қазақ тіл ғылымы мен баспасөзі үшін,  бір сөзбен айтқанда, жалпы қазақ тарихы мен руханияты үшін қаншама құнды дүниелер жазып тастап кетті.

Осы орайда қалам қайраткерінің осынау баға жетпес құнды мұралары жайында алғашқы іргелі ой-пікірлерді айтқан, сүбелі-сүбелі мақалалар жазған бір ғалым ағамыздың ерен еңбегін атап өтпеу қиянат. Ол өмірден өтіп кеткен, күллі қазақ журналистерінің ұстазы, қажырлы, қайсар ағамыз, көрнекті әдебиеттанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Темірбек Қожекеев еді. Ғалым сонау 80-ші жылдардың аяғы мен 90-шы жылдардың басында-ақ осынау тақырыпты терең қазып зерттеді.

Ал енді Н.Төреқұловтың қазақтан шыққан тұңғыш кәсіби, білікті дипломат, елші болғандығын және оның есімі сол кезде, көзі тірісінде-ақ халықаралық деңгейде танылғандығын, жоғары бағаланғандығын бүгін үлкен мақтанышпен айтуға тиістіміз. Бұл биік дәрежеге Н.Төреқұлов үлкен белестерден өтіп келді.

Нәзір Төреқұлов өмірінің, қоғамдық-саяси қызметінің осы кезеңі белгілі қоғам қайраткері, саясаттанушы ғалым Тайыр Мансұровтың соңғы жылдары жарық көрген бірнеше еңбектерінде нақты деректік құжаттар негізінде терең ашылады. Оның төмендегі кітаптарын: “Нәзір Төреқұлов –  Сауд Арабиясы корольдігіндегі КСРО-ның өкілетті өкілі”. /Хаттар, күнделіктер, есептер/ (1928-1935жж), М.: Русский раритет, 2000.; “Елші Нәзір Төреқұловтың Арабия дастаны”, 4 тілде (орыс, қазақ, ағылшын, араб), М.: Реал-Пресс, 2001.; “Елші Нәзір Төреқұлов. Дипломат, Саясаткер, Азамат”, М.: Реал-Пресс, 2003.; “Елші Нәзір Төреқұлов. Дипломат, Саясаткер, Азамат”(ағылшын тілінде) М.: Реал-Пресс, 2003.; “Елші Нәзір Төреқұлов” (Жизнь замечательных людей: өмірбаян сериясы.) М.: Молодая гвардия, 2004.; “Елші Нәзір Төреқұлов. Дипломат, Саясаткер, Азамат” (араб тілінде), Эр-Риад: АБЕКАН, 2006, т.б.

Қазақтың біртуар, аяулы перзенті жүріп өткен қызмет белестері, Н.Төреқұловтың өзі қалың ортасында жүрген, болған тарихи оқиғалар ауқымы немесе елшінің өз көзімен көрген елді мекендер, ірі-ірі саяси тұлғалармен, мемлекет басшыларымен жасаған  қарым-қатынасы сынды азаматтың өміріндегі маңызды сәттердің барлығы тиянақты түрде зерттеліп, Н.Төреқұлов тұлғасын терең ашуда айрықша қызмет еткен. Әсіресе, елші Н.Төреқұлов жайындағы Ресей Сыртқы істер министрлігіндегі, Ресей қауіпсіздік қызметінің Федералдық бюросындағы, солардың кіруге рұқсат етілмейтін мұрағаттары мен мұражайларындағы, құпия бөлімдеріндегі “аса маңызды мемлекеттік грифтегі” құжаттары мен олардың фотокөшірмелерін қолға түсіруде автор-зерттеуші айрықша табандылық танытты.

“Нәзір Төреқұловтың” араб тілінде басып шығарылуы, сөз жоқ, біздер – қазақстандықтар үшін, әсіресе өткен ғасырдың 20-30-шы жылдарында Сауд мемлекетінің қалыптасып, дамуының барынша қиын-қыстау кезеңінде онда кеңес дипломатиялық қызметін біздің аты аңызға айналған отандасымыздың басқарғаны зор мақтаныш. Бұл кітап КСРО мен Сауд Арабиясы арасында 55 жыл бойы қарым-қатынастар үзілгендіктен, ақпаратымыз болмауына байланысты арабиялықтар өкілетті елші Нәзір Төреқұловтың даңқты істері туралы білмеген олқылықтың орнын толтырып отыр.

Кеңес-Сауд қарым-қатынастарының, “алтын ғасыры” түбегейлі зерттелген. Кәсіби арабшылардың айғақтауынша, бұл зерттеу өз мақсатына жеткен. Осы істе “Нәзір Төреқұловты” Араб дүниесіндегі барынша ардақты Каирдың “Айн-шамс” университетінде аударуға ден қойған Сауд әл-Фейсалдың рөлі айқын аңғарылады. Кітаптың жай мазмұнын ғана емес, Төреқұловтың сыртқы істер халық комиссариатының басшылығымен жазысқан хаттарындағы астарлы ой оралымдары мен аса бай тіл өрнектерінің бәрі де араб тіліне шебер аударылған.

Ерекше айтарлық бір жәйт, сол кездегі Кеңес одағының басшыларының Н.Төре­құловты Сауд Арабиясына елші етіп тағайындау арқылы қандасымыздың әлемдік тұлғаға айналуына жол ашқанын өздері де аңғармай қалды. Н.Төреқұловтың сол кезеңде әлемдегі ең бір беделді, абыройлы дипломатия басшыларымен, елшілік қызметінің көрнекті қайраткерлерімен тіл табысып, қоян-қолтық араласып кетуі, сонымен бірге солардың құрметіне ие болуы, керек болса сол елде қоныс тепкен шетелдік елшіліктер корпусының жетекшісі, жолбасшысы (дипкорпус дуайені)  биігіне көтерілуі, әрине, кеңестік большевиктік үкіметтің толық қолдауына ие болуынсыз екіталай еді.

Қазақ перзентінің халықаралық деңгейдегі ірі, көрнекті саяси қайраткерге айнала бастауы, әрине, Кеңес Одағының, қызыл империяның шовинистік пиғылдағы көсемдері басқарған 1930 жылдардағы репрессиялық аппаратына ұнаған жоқ. Н.Төреқұловтың Кеңес Одағы үшін, ішінара, әрине, одақтас республикалар ретіндегі түркі халықтары үшін жасап жатқан жемісті елшілік қызметін шұғыл арада үздіртіп, Кеңес Одағына қайта шақыртып алу саясатында да осындай астар бар еді.

Сталиннің және оның төңірегіндегі жандайшаптарының, асыра сілтеушілерінің тікелей ұйымдастыруымен, тікелей  жала жабу арқылы көп ұзатпай Н.Төреқұловты ірі қайраткер ретінде саяси сахнадан алыстату мақсатында ашық, арсыз саясат жүргізілді. Түркі жұртына жаны ашығаны үшін, көмек бергені үшін “пантюркизм” көсемдерінің бірі деді. Диверсиялық-террорлық пантүркілік ұйымның белсенді мүшесі ретінде Тұрар Рысқұловпен бірігіп Кеңес Одағын құлатуға әрекет жасады деген айып тағылды. Оның аяғы арысымыздың нақақтан-нақақ ату жазасына кесіліп, 1937 жылдың 3 қарашасында “халық  жауы”  деген айыппен мерт болуына алып келді. Н.Төреқұлов осының барлығын сезді, білді. Біле тұра, зиялы, аса сабырлы, аса мәдениетті жан ретінде ең соңғы сағатына дейін партияға сенді, әділдік жеңер деп ойлады. Өзімен тұстас жаппай репрессияға ұшырап жатқан Алаш көсемдері Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов ағаларымнан жаным артық емес менің деп, іштен тынып, соңғы деміне дейін жақсылықтан үмітін үзген жоқ.

Осындай құнды деректердің барлығы жоғарыда аталған еңбектерде нақты мысал­дар арқылы дәлелденеді. Ату жазасын анықтаған құжаттардың фотокөшірмелері беріледі. КСРО-ның Жоғарғы соты Әскери кеңесінің үштігімен кесілген жаза шеші­мінің фотокөшірмесі жан түршіктіреді. Ешкім білмейтін, ешкім танымайтын, бригадалық әскери заңгер деген атақтары бар Матулевич, Стельмахович, Зарянов деген қатардағы үш офицердің жабық сот мәжілісін өткізіп,  жүрдім-бардым тергеп, жол-жөнекей қоя салған қанды қолдарының айбақ-шайбақ көшірмелері талай боздақтарымыздың осылайша түбіне жеткенін ойлағанда, түршігесің. Сталин сияқты жеке адамға табынған қоғамның  тұтас бір ұлттың үкілеген үмітіндей, алақанға салған аяулыларын шыбын құрлы көрмей, қалайша аяққа таптағандығын көріп, зығырданың қайнайды. Көпе-көрнеу жасалып жатқан қиянатқа не істерлерін білмей, шарасыз күй кешкен,  намыс пен ыза кернеген жүректері қан жылап, еш болмаса кегін ала алмай арманда кеткен қайран арыстарымыз-ай!

Кітаптың тартымды тілмен, анық, айқын стильде,  күллі репрессиялық жазалаудың зардаптарын сол күйінде оқырманға жеткізуі Нәзіртану ғылымындағы беймәлім беттерді ашады. Сонымен бірге Н.Төреқұловтың өмір деректері де, елшілікке дейінгі қоғамдық-саяси қызметтерінің маңызды белестері де қысқа да нақты баяндалып, назардан тыс қалмағандығы кітаптардың құнын арттырған. Бұл зерттеу әдісі Н.Төреқұловтың тарихи тұлғасын толық сомдап шығуға мүмкіндік берген. Қайраткердің елшілік қызметіне дейінгі азаматтық, адамдық келбеті де қалай қалыптасқандығы тартымды өмір деректері арқылы ашыла түседі.

Ең алдымен Нәзір Төреқұловтың өскен ұясы әулетті, ұлағатты, алған білімі құнарлы, тиянақты еді. Қазақтан шыққан алғашқы кәсіпкердің отбасында дүниеге келді, өз заманына сәйкес білім алды. Мәскеу қаласында, сол заманның ең беделді жоғары оқу орындарының бірі – Мәскеу сауда институтының экономика факультетінде оқыды. Бірнеше тілдерді қатар меңгерді. Соның арқасында өз тұстастарынан оқ бойы озық тұрған нағыз зиялы жан болды. Алайда, өз мемлекетінің мүддесін шет елде биік деңгейде қорғау үшін бұл қасиеттер де адамға аздық етеді. Біліктілігі жағынан аса жоғары деңгейдегі елші болу үшін алдымен, өмір ағымына жетік болу керек, ерік-күші қажет, сын сағатта тығырықтан жол таба білген жан ғана қапы қалмайды. Төңірегіндегілерді түсіне білу, әсіресе өзің елші болып келіп отырған мемлекетіңнің басшылығымен терезең тең келісім сөз жүргізу, көрегендік, шешендік өнер, осының барлығы бір бойыңнан табылып тұрмаса опық жеуің оп-оңай. Осы қасиеттердің барлығы Нәзір Төреқұлов бойынан табылды.

Қалай дегенде де Нәзір Төреқұловтың қызмет еткен, тағдыр кешкен жылдарында, сонан соң азамат соғысы кезеңінде жинаған іс-тәжірибесі зая кетпеді. Кейінірек ол үлкен-үлкен жауапты қызметтерге сайланды. Түркістан Компартиясы Орталық  Комитетінің жауапты хатшысы, Түркістан Атқару Комитетінің төрағасы, Шығыс халықтары институты директорының орынбасары және КСРО Орталық Атқару Комитеті жанындағы Орталық баспа басқармасының төрағасы, түрік халықтарының жазуын латын әліппесіне көшіру жөніндегі Орталық Комитеттің төрағасы сынды басшылық қызметтерді атқарды. Осының барлығы Нәзір Төреқұловтың қайраткерлік тұлғасын қалыптастырды, мемлекет ісін терең меңгеруге жол ашты.

Н.Төреқұлов елшілік қызметтің ең бір негізгі бағыттарын, бейнелей айтсақ, үш тағанын – өз мемлекетінің беделін лайықты дәрежеде ұстап тұру, оның саяси, сауда-экономикалық, басқа да мақсаттарын табанды түрде қорғау және аса қажетті ақпараттарды дер кезінде електен өткізе білу сияқты салаларды терең меңгеріп, осыларды мүлтіксіз орындап отырды. Ол сол кезеңде өзі төтенше және өкілетті елшісі болып отырған Кеңес Одағының беделін көтеруге күш салды, осы мақсатта әр деңгейдегі келіссөздерді шебер, біліктілікпен жүзеге асырып отырды. Әсіресе кеңестік сауда жүйесінің өміршеңдігін дәлелдеп, оған жасалған шетелдік қысымға шектеу салды, сол арқылы елшіліктің сараптау жұмысының арнасын жаңа жолға қойды. Мұны біз сол кезеңнің өзіндегі асқан шеберліктің үлгісі ретінде қабылдауымыз қажет.

Жалпы, Н.Төреқұловты Сауд Арабиясы сияқты мүлдем беймәлім мемлекетке елші ретінде таңдаудың, тағайындаудың күрделілігі шын мәнінде тереңірек, салыстыр­малы түрде, керек болса тарихи құжаттарға табан тірей отырып, ой толғауды қажет етеді. Сахара корольдігінің көп елге құпия жатқан ішкі сыры, мемлекеттік, саяси ерекшелігі, қоғамдық-әлеуметтік өзгешелігі т.б., барлығы жиылып келгенде кімді болса да аса қиын жұмыстың күтіп тұрғандығы айдан анық еді.

Оның үстіне бұл елде, яғни ислам елінде еркін жүріп-тұру, өз еліңнің саясатын тыңдата білу, діні жағынан мүлдем басқа бағыттағы мемлекеттің сөзін сөйлеп, сойылын соғу “жүрек жұтқандықпен” тең еді. Айталық, бір-ақ мысал, Мекке мен Медине сияқты ислам әлемінің қасиетті, қастерлі қалаларына аяқ басу тек шынайы мұсылман жанға рұқсат етіледі. Оның үстіне атеизмнің қызыл туы желбіреп тұрған, дінді жоққа шығарып отырған мемлекеттің өкіліне, мұсылман болсаң да араб елінде емін-еркін жүріп-тұрудың реті келе бермейтіні анық. Осының барлығын есептеп келгенде, Кеңес өкіметінің, Коммунистік партияның Н.Төреқұловтың арқасына жүктеген, мойнына ілген жүктің қаншалықты ауыр болғандығын түсіндіріп жатудың өзі артық.

Солай бола тұра Н.Төреқұлов Араб жерінде құрметпен қарсы алынып, төрт күннен кейін, 3-ші қарашада, Меккеде корольдің ұлы, тақ мұрагері Фейсалға сенім грамоталарын тапсырды. Корольдің өзі Әбдел Әзиз Әл-Сауд Н.Төреқұловтың тағайындалуы туралы М.Калининнің 1928 жылғы 9 маусымдағы жолдауына Кеңестік миссияның жаңа басшысы Сауд үкіметі мен корольдің жеке өзінің тарапынан “екі елдің арасындағы достық байланыстарды нығайту үшін” құрметке, барынша жақсы қатынасқа бөленеді деп жауап береді. Бұл лебіз жай ғана хаттамалық сыпайылық емес еді. Хиджазда болған сегіз жыл бойы Н.Төреқұлов король мен оның төңірегіндегілердің шын ілтипаты мен құрметін көрді. Бұған көп жағынан жәрдемдескен тарихи оқиғалар ағымы – саяси ахуал ғана емес еді. Н.Төреқұловтың адам, азамат ретіндегі жеке басы, кісілігі, адамгершілік қасиеті, терең білімпаздығы мен оқымыстылығы, биік парасаты мен ақылы, барлығы оны қоршаған ортасына, әріптестеріне, керек болса жаулары мен дұшпандарына да оның беделін мойындатты. Бойға біткен ақсүйектік, қанмен келген тектілік Нәзір Төреқұловты дара феномендік тұлғалық деңгейге көтерді.

Жас мемлекет – Сауд режімі сол кездегі аса құрметті Лондонның айла-шарғыларынан тіксініп, оқтын-оқтын оған қарсы Мәскеу беделін көлденең тартуға мәжбүр болды. Әл Сауд үшін КСРО рөлінің айрықша құндылығының тағы бір себебі – нақ Кеңес үкіметі бірінші болып оны жаңадан жарияланған мемлекеттің басшысы деп танығанды.

Нәзір Төреқұлов жаңа қызметін тез арада меңгеріп, жергілікті саяси қайраткерлермен, ірі саудагерлермен өзара сенімді қатынастар орната алды. Бұл орайда мына бір фактіні келтіре кеткен орынды. Бұрын араб тілін арнайы оқымаған Нәзір тез арада оны жақсылап үйреніп алғаны соншалық, аудармашы қызметінен мүлдем бас тартты. “Өйтпесем, бірдеңе айтсам, басқаша аударылады да, әңгіменің мәні айдалада қалады”, деп жазады ол. Бұл оның алдымен елшілік қызметінің өте жауапты әрі өте абайлап, сақтық ұстап атқаратын еңбек екендігін терең түсінгендігінің белгісі.

Оның араб тілін жетік меңгергені соншалық, ғұламалармен дін тақырыбында еркін сөз жарыстырып, салтанатты жиында король мен оның төңірегіндегілермен дипломатиялық корпус атынан сол тілде көсіле сөйлей алатын дәрежеге жетті. Араб тілін жетік білуі оны еуропалық дипломаттардан жоғары қойды, араб сұхбаттастарының құрметіне бөледі. Ал еуропалық дипломаттар бұл тілді білмейтін. Мысалы, британ миссиясының басшысы тек қана ағылшын тілінде сөйлейтін.

КСРО-ның Сыртқы істер халық комиссариатына жазған алғашқы хаттарының бірінде Н.Төреқұлов Шығыстану институтының студенттерін Хиджазға бір жылға тәжірибе жинақтауға жіберуді ұсынып, олардың тек араб әдеби тілін білуінің жұмысқа жеткіліксіз екенін дәлелдейді. “Құран тілінде бұл арада бір қорап күкірт те сатып ала алмайсың. Ал біздің оқу орындарында, бейнелеп айтқанда, арабистерді емес, аруақтармен және періштелермен ғана сөйлесе алатын құранистерді даярлайды”, – деп істің мәнін нақты түсіндіреді.

Пайдалы таныстықтардың кең ауқымы, олармен жиі-жиі араласып тұруы елдің ішкі және сыртқы проблемаларын жылдам игеріп кетуге жәрдемдесті. Ағымдағы жағдайды және Сауд режімінің КСРО-мен қатынасының болашағын дұрыс бағалауға оның сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Фуад Хамзамен жүйелі сұхбаттасып тұруы мүмкіндік берді.

Ал король мен оның ұлдары – ханзадалар Сауд пен Фейсалға келсек, олармен араласып-құраласып тұру қиындау болды. Өйткені, корольдің ордалары Риад пен Меккеде, ал дипкорпус Жиддада еді. Соған қарамастан, Н.Төреқұлов қажет болса, Меккеге аттанатын, екі король мен мұрагерлердің Жиддаға келуін пайдаланатын. Аса лауазымды адамдар, соның ішінде министрлер, әскер басшылары, тіпті құпия полиция бастығы Нәзір үйінде жиі қонақ болып, оларды емін-еркін әңгімеге тартатын.

1930 жылы-ақ, сауда шарты жасалмаған кездің өзінде, Н.Төреқұлов Сауд режіміне кеңестік мұнай өнімдерін сату жөнінде қым-қуыт келіссөз жүргізді. Әңгіме 50 мың “жәшік” бензин, керосин сату туралы. Бұл өнім елдің бір жылғы қажетін өтейтін еді. Келіссөз сәтімен аяқталды. Бірақ бұл үшін Нәзірдің голландиялық “Шелл” және америкалық “Стандарт ойл оф Калифорния” компанияларының өршеленген қарсылығын еңсеруіне тура келді. Сауд жағы мұнай өнімдерінен басқа, КСРО-дан ағаш, ұн, күкірт, қант және мата сатып алуға тілек білдірді.

“Бензин жөніндегі мәміленің” мықты саяси астары бар еді. 1931 жылға қарай корольге ықпал ету жолындағы әртүрлі топтардың тайталасы күшейе түскен болатын және бұл тайталас Сауд-Британ қатынастарының нашарлай түсуі жағ­дайында жүріп жатты. Бұған себеп Англияның Иорданияда Недж шекарасын бойлап бекіністер сала бастауы, ағылшын фирмаларының өздерін Хиджаз-Неджде сауда жасау құқығы нақ өздерінікі ғана екеніндей ұстау, Лондонның Араб Федерациясын құру жобасы еді.

Бұл кезде Хиджаз-Недж, Иеменді есептемегенде, бірден-бір тәуелсіз араб мемлекеті болатын. Аталған федерацияда осы тәуелсіздікті іс жүзінде ауыздықтау жоспары болатын. Осыған байланысты ағылшын сөзін сөйлейтін “сириялық­тар” (Ф.Хамза – А.Филби) мен Недж қайраткерлері арасындағы егес күшейе түскен-ді. Сайып келгенде, недждіктер мерейі үстем болып, 1931 жылы 2 тамызда Нәзір мен ханзада Фейсалдың қатысуымен 150 мың доллардың бензині мен керосинін несиеге сату туралы шартқа қол қойылды. Бұл ағылшын ықпалына қарсы әрекет еді. Бұл шарттың жасалуындағы Н.Төреқұловтың еңбегін КСРО Сыртқы істер халық комиссарының орынбасары Л.Қарахан оған жазған көптеген хаттарында аса жоғары бағалап отырған.

Сонымен бірге Н.Төреқұлов қажылыққа келген әртүрлі қайраткерлерден, соның ішінде жат жерде жүрген отандастарынан да бойын аулақ салған жоқ. Мысалы, Сібірден шығып, Түркияда қоныс тепкен белгілі панисламист, король қабылдамай қойған Абдурашид Ибрагимовпен кездеседі.

Үндістан арқылы Хиджазға өткен, тұрмыстық жағынан қатты қиналып жүрген Өзбекстан азаматтарына көмектескен. Л.Қараханға жазған арнайы хатында оларды отанына қайтару мәселесін шешуді, осындай істердегі ағылшын және итальян өкіметтерінің тәжірибесін негізге ала отырып, оның нақты жолын, жобасын ұсынады. Ол тіпті Жиддаға қоныс аударған Мұса Бигиев, Миян Кудрат секілді түркі тектес отандастарының Өзбекстанда қалған туыстарының тағдырына байланысты мәселелерді реттеуді Кеңес өкіметінің алдына қоюдан да қаймықпаған.

Нәзірдің өзі талай үлкен және кіші қажылық жасады, исламның талаптары мен дәстүрлерін бұлжытпай сақтады. “Идальфитр” (ораза айт) мейрамын біз жеке “мұсылмандық” байланыстарымызды кеңейтуге пайдаландық. 100-ден астам адаммен сәлемдесіп, сұхбаттастық. Құттықтай келген адамдарға арнайы қабылдау жасадық”, – деп жазады ол бір хатында.

1932 жылы 5 мамырда Н.Төреқұлов демалыстан оралғанда Жидда портында оны дипкорпус мүшелерінен тыс сыртқы істер вице-министрі А.Таха, Жидданың вице-губернаторы А.Амри, қаржы министрлігінің сенімді өкілі С.Хашем, құпия полиция бастығы М.Тайиб қарсы алды. Осының өзі де Нәзірдің беделінің өте биік, елші ретінде өте сыйлы, абыройлы болғандығын дәлелдей түседі.

Н.Төреқұлов Сауд үкіметімен келіссөзде, әрине, Кеңес үкіметінің көзқарасын, саяси тұғырнамасын берік қорғап отырған. Соның нәтижесінде Сауд үкіметі бұрынғы бірқатар талаптарын қайтып алды, саудадағы бұлжымай келген шектеулер толық алып тасталынды. Бұл туралы ханзада Фейсал кеңес елшісіне: “Ақыр соңында, бес жылғы даудан кейін Саудиядағы кеңес саудасы бағынуға мәжбүр болған, ылғи да Сауд-Кеңес қатынастарына қысым жасап, олардың қалыпқа түсуіне бөгет болып келген ерекше тәртіп ауыртпалығы еңсерілді”, – деп хабарлады.

Ал корольдің өзі Меккедегі ордасындағы кездесуде Нәзірге өз саясатын былай тұжырымдайды: “Мен кеңес өкіметінің көмегіне зәрумін. Мен әскери-саяси мәселелерде КСРО-ның қолдауына ие болғым келеді. Кеңестер маған басшылық жасап отырсын. Мен артымдағы барлық күш-қуатыммен Кеңестерге еремін. КСРО мен арабтардың мүддесі үшін кеңестер мені қалауынша пайдалана алады”. Демек, осының бәрінен шығатын қорытынды: Н.Төреқұловтың елшілік қызметінің тиімділігі мен кәсіби деңгейінің биіктігі ешқашан дау тудырмаған. Біз баяндап өткен аса күрделі, шытырман, әрі өте шетін, аса сақтықты қажет ететін елшілік еңбектің барлық қыр-сырын Нәзір Төреқұлов жете меңгергендігі анық.

Сонау өткен ғасырдың 30-шы жылдарында Нәзір Төреқұловтай отандасымыздың, қазақ азаматының әлемдік деңгейде терезесін тең ұстап, сол алпауыттардың өз тілінде, өз дәрежесінде Кеңес Одағы сияқты алып мемлекеттің елшісі ретінде абыроймен қызмет атқаруы, сүйте жүріп түркі тектес халықтардың да мұң-мұқтажын шешіп, осы жолда қам жасап өтуін де ерлікке пара-пар еңбек десек, артық емес. Осындай тағылымды тағдыр кешкен перзентіміздің тәуелсіздікке қол жеткен заманымызда арамызға қайта жарқырап оралатын кезеңі де келді. Ендігі жылдары оның атаулы даталарына сәйкес үлкен-үлкен білім ордаларының, дипломатия мектептерінің атаулары, мемлекеттік деңгейдегі сыйлықтарымыз Н.Төреқұловтың есіміне ие болып жатса қанеки.

Нәзір Төреқұлов – тарихи тұлға. Оның асыл бейнесін, ел алдындағы ересен еңбегін әрдайым есте сақтаған жөн.

Сонымен қатар, қазіргі таңда Түркістан облысы «Ұлы Дала Елі Орталығына» қарасты Нәзір Төреқұлов музей  филиалы орналасқан.

Қазақтан шыққан тұңғыш дипломатқа арналған Нәзір Төреқұлов музейі 2006 жылы қараша айында қоғамдық негізде Қазақстанның Мәдениет қайраткері, ақын Нұрмахан Назаровтың басшылығымен Түркістан қаласындағы Саттар Ерубаев музейінде бір бөлме болып  ашылды. 2008 жылдың наурыз айынан ресми түрде  Оңтүстік Қазақстан облыстық саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінің филиалы ретінде өз жұмысын бастады. Музейдің ресми ашылуына сол кездегі Сыртқы істер министрі болған Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев арнайы қатысты. Бұл жайында музейдің кіре берісінде сол тарихи сәттен суреттер сөйлеп тұр. Музейдің экспозициясын құрастырған Қазақстан Республикасына  еңбегі сіңген өнер қайраткері, дизайнер Аманжол Найманбай болса, Нәзірдің насихатталуына мол үлес қосқан азамат Ыбырай қажы Исмайыл.

2018 жылы тамыз айынан бастап Нәзір Төреқұлов музейі Түркістан облыстық Тарихи-мәдени-этнографиялық орталыққа қарасты музей филиалы. 2021 жылы Ұлы Дала Елі Орталығына қарасты музей филиалы болып бекітілді.

Музей ғимараты бір қабаттан тұрады. Ауданы 221,5 ш/м аумақты құрайды.Музей жалпы «Нәзір Төреқұловтың өмірі мен қызметінің белестері», «Нәзір Төреқұлов- дипломатия  Көшбасшысы» және «Кино зал» сынды үш залдан тұрады.

Музейдің алғашқы бөлмесі «Нәзір Төреқұловтың өмірі мен қызметінің белестері» атты бөліммен басталған. Жағалай қойылған экспонаттардың басын ұлттық мүдделерге қызмет етудің үлгісін көрсеткен көрнекті қайраткерлер туралы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сөзі бастайды.

Нәзір Төреқұловтың атамекені, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі бейнеленген суретте тұлғаның ата-анасы мен бауырлары жайында деректер де осы экспонаттан көріс тапқан. Сондай-ақ  ХХ ғасыр басындағы Түркістан жері мен Сыр бойындағы қоржын үйлер де тарихтан сыр шертеді.

Н.Төреқұлов халықаралық қайырымдылық қоры жасаған  Нәзірдің портреті бейнеленген кілемше де музей ажарын ашып тұр.

Тұлғаның өз қолымен жазылған өмірбаяндары мен ол оқыған  Қоқан, Самарқанд қалаларының ХХ ғасыр басындағы көріністері де музейге келген қонақты қызықтырмай қоймайды. Қоқанда Нәзір дәріс алған медресе есігінің суреті де осы экспонатта.

Нәзірдің інісі  Әбдіқадір мен өзі оқыған  Қоқандағы сауда училищесінің суреттері қойылған экспонаттан 1914 жылы аталған оқу ордасының оқытушылары мен тыңдаушылар арасында түскен суреті де құнды дерек болып саналады.

Алаш арыстары бейнеленген экспонатта өзіндік сырға толы. Нәзірмен ниеттес, тағдырлас тұлғалар Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Мұхамеджан Тынышпаев, Міржақып Дулатов, Санжар Асфендияров, Жүсіпбек Аймауытов, Мұстафа Шоқай, Мағжан Жұмабаев, Тұрар Рысқұлов, Сұлтанбек Қожанов, Темірбек Жүргенов, Смағұл Сәдуақасовтың суреттерімен қоса,  Халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовтың тұлғалар жайында айтқан сөздері ілінген.

1920 жылы В.В.Куйбышевтың Ташкентке келу сәтінен фото сурет берілген.  Қазақ оқытушылар институтының тыңдаушыларының суреттері мен В.В.Куйбышевтың сөздері берілген экспонаттан да талай сыр көруге болады.

Нәзірмен қызмет атқарған  Орталық комитет мүшелерінің суреттерін   экспонат ретінде көре аласыз. Сонымен қатар  ХХ ғасырдың 20 жылдарындағы өзбек колхозшыларының бейнесі де ешкімді бей-жай қалдырмайды.

Тұңғыш дипломат Нәзір Төреқұлов қол қойған құжаттар,бұйрықтар мен журналдардың көшірмелерімен де осы залдан таныса аласыз. Сонымен бірге тұлға жазған мақалалардың бір тобын осы жерден де аңғаруға болады.

1926 жылы  Бакуде өткен Бүкілодақтық түркітанушылар съезінде  Н.Төреқұловтың сөйлеген сөзінен үзінділер берілген экспонаттың жөні бөлек.  Бұл жиында ол латын алфавитіне көшуді ұсынады. В.И.Лениннің  «Латындану шығыстағы зор революция» деген сөзі де осы экспонатта және съезден түскен Нәзір суреті де қалыс қалмаған.

1929 жылы түскен Кеңес одағының басшылары И.В.Сталин,  М.И.Калинин, В.М.Молотовтың және өзге де сала басшыларының суреттерімен көрермендер таныса алады.

«Ұлт мүддесі және мектеп» атты баяндамасының басты қағидаларын тағы бір экспонаттан байқай аласыз. Мұнда музейге келген жұртшылық оның толық нұсқаларын көре алады.

Н.Төреқұловтың сегіз қырлы, бір сырлы жан болғанын  оның  Мәскеуде   1923 жылы «Темірқазық» атты журнал шығарғанымен де байланыстыруға болады. Үш қана саны жарық көрген журналдың мұқабасын да осы жердегі экспонаттан байқай аласыз. Бұл экспонатта Нәзірдің журналдың алғашқы санында жазған алғы сөзінен үзінді мен  Ескендір Шынтасұлының өлеңі қойылған.

Нәзір өткен ғасырдың 20 жылдарында Мәскеуде оқыған қазақ жастарының қамқоршысы да болған. Олардың қатарында Өтебай Тұрманжанов, Бейсембай Кенжебаев, Жүсіпбек Арыстанов  сынды ақындар мен ғалымдар, қаламгерлер де бар. «Біздің қазақтың мақал-мәтелдері мол дүние. Өтебай, сен алдағы кезде соны жина!»,- деген аға Нәзір сөзі де экспонатқа енген. Сонымен қатар сол кезеңдері Мәскеуде білім алған қазақ жастарының бертінде түскен суреттері де бар.

«Біздің Ғани» атты экспонатта  Мемлекет қайраткері Нәзір Төреқұловтың  Ғани Мұратбаевты Мәскеуде жерлеу кезінде сөйлеген қоштасу сөзінен үзінділер келтірілген. Мұнда ол қайғыра, тебірене сөйлеп тұрған сәтінен сурет берілген.

Нәзірдің сурет салу өнерінің шебері болғаны да белгілі. Өз қолымен салған түрлі суреттері «Нәзір салған суреттер» деген атпен экспонат болып тұр. Мұнда сырға толы суреттерден көрермен өзіне рухани азық ала алады.

«Нәзір айтқан толғаулар» атты экспонаттан тұлғаның ел, тіл,білім жайында айтқан сөздері берілген. Мұнда да көрермен өздеріне ой түйеді.

«Нәзір жолы» картасы тұңғыш дипломаттың жүріп өткен жолдарынан сыр тартады. Нәзірдің қызмет еткен қалалары мен жүрген жолдарының ізін бейнелейтін картаның музей үшін маңызы ерекше.

Музейдің келесі «Нәзір Төреқұлов – дипломатия Көшбасшысы» деп аталатын залы да құнды экспонаттармен ерекшеленеді. Мұндағы  Нәзірдің  Сауд  Арабиясында елшілік қызметтегі пайдаланған жазу столы мен орындығы туристерді қызықтырмай қоймайды. Нәзірдің әкесі Төреқұлдың құманы мен анасы Гүлбаһрам тартқан қол диірмен де музейдегі құнды экспонаттар қатарында.

Нәзірдің пайдаланған қол сандықтары мен сия сауыты, жазу машинкасы да өзіндік маңызға ие. Сондай-ақ нәзіртанушы, белгілі ғалым Рахманқұл Бердібайдың қол папкасы Нәзір столының үстінде тұр. Музейге кәде сый ретінде әкелінген қалам салғышта көздің жауын алады.

Бүгінде таңсық экспонат саналатын патефон да осы залда орналасқан. Бұл экспонатты Нәзір  Сауд Арабиясындағы қызметте жүргенде тыңдаған. Музейге келген жұртшылыққа бұл экспонат өзіндік сырын ақтарып тұрғандай.

Белгілі нәзіртанушы ғалым  Тайыр Мансұровтың тұлға жайында жазылған барлық еңбектері дерлік кітап сөрелерінен  құралған бірінші айнадан анық көрініп тұр.Нәзір жайында шет ел ғалымдары да жылы лебіздерін аямаған. Олардың қатарында академик Е.Примаков та бар. Бұл лебізде академик   Н.Төреқұловтың 8 жыл  Сауд Арабиясындағы елшісі қызметін атқаруын сол кездегі рекордтық мерзім деп бағалайды.

Сауд Арабиясының картасы. Меккедегі  Әл-Харам мешіттерінің және қасиетті Қағба суреттері берілген экспонаттар да зер салуды сұранып тұр. Сондай-ақ мұнда Нәзірдің Түркістан Республикасы орталық атқару комитетінің төрағасы болған жылдарында демалыс күні жексенбіні жұмаға, Құрбан айттың үш күнін мереке етіп жариялау туралы жарлығы жайында да мағлұматтар бар.

Келесі экспонатта тарихи сәттерге толы. Сауд Арабиясы  Абдел Азиз әл- Саудтың суреті мен  Ханзада Фейсалды  Беларусь вокзалынан күтіп алу сәті және Ленинградтағы түскен суреттері күні бүгінге дейін маңызын жоймаған экспонаттар.

КСРО-ға  Ханзада Фейсалдың ресми сапарына орай дипломат Нәзір Төреқұловтың жасаған бағдарламасы жеке экспонат болып ілінген.

1927 жылы  КСРО ОАК төралқасының Төреқұловты Хиджазға өкілетті өкіл етіп тағайындау туралы қаулысының көшірмесі бейнеленген тарихи экспонатта Король Абдел Азиз әл-Саудтың Н.Төреқұловтың Хиджазға келуі туралы  КСРО ОАК призидумының төрағасы М.И.Калининге жолдауы және Төреқұловтың КСРО-ның төтенше елшісі және өкілетті министрі болып тағайындалуына байланысты жолдаулары бар.

Н.Төреқұловтың  Сауд Арабиясындағы беделді дипломаттар қатарында болғанын  Жиддада тіркелген шет ел дипломаттарының  Ханзада Фейсалмен түскен суреттеріндегі оның Ханзада жанынан орын берілуінен байқау қиын емес. Сонымен қатар бұл экспонатта Нәзір қол қойған құжаттармен де танысуға болады.

Өткен ғасырдың  отызыншы жылдарындағы Нәзір тұтқындалған Мәскеу қаласындағы  НКВД ғимараты және тұтқындау қағазы мен дипломаттың соңғы суреті көзге еріксіз жас үйдіреді.

«Жазықсыз жала құрбаны» атты экспонатта жазу машинкасы мен  НКВД қызметкерінің бас киімі суреті қойылған және тұлғаның өмірбаяны мен  анықтамалар көрініс тапқан.

Алматы қаласы жанындағы  Жаңалық елді мекеніндегі  саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіш суретінің берілуі Нәзірмен  тағдырлас тұлғаларды еске түсіреді.

А.Алимовтың «Нәзірдің өмірі» атты картинасы көрерменге үлкен ой салады.

Аталған залдың жоғары қабырғаларында Нәзірмен тағдырлас  Алаш арыстарының суреттерімен қоса өмірбаяндары берілген. Халқының қамын жеген арда ұлдар Нәзір Төреқұловтан бастап, Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов, Тұрар Рысқұлов, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов сынды өзге де тұлғалар өмірбаяндарын музейге келген жұртшылық құнды экспонаттар қатарында қабылдайды. Олардың есімі қашанда ел есінде.

Музейдің үшінші бөлмесі  «Кино зал» деп аталады. Мұнда  Нәзір жайында түсірілген «Тау тұлға», «Өмір жолы» атты деректі фильмдер мен  саяси қуғын-сүргін құрбандары мен сонау 30 жылдардағы ашаршылықты көз алдыңа келтіретін «Зұлмат», «Ашаршылық» сынды өзге де фильмдер көрермендер назарына ұсынылады.

Кино залдың айналасы  Нәзірге арналған экспонаттардан тұрады. Бұл экспонаттар легі «Нәзір хақындағы сөз» атымен Файзулла Ходжаев, Рахманқұл Бердібай, Темірбек Қожакеев, Мұхтар Мағауин, Бейбіт Қойшыбаев, Сәрсен Бек Сахабат  сынды қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен қаламгерлердің жылы лебіздерімен басталады.

Келесі экспонат  Нәзір Төреқұловқа арналып атамекені Түркістан қаласында ашылған нысандардан суреттермен  бедерленген. Мұнда  тұлға есімін иеленген мешіт-медресе, кітап үйі, музей мен орта мектептердің ашылу салтанаттарынан тарихи суреттер қойылса, Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта мектебінің оқушыларына  Нәзірдің артында қалған ізі  Әнел Нәзірқызының Мәскеуден арнайы жолдаған сағыныш хаты да тебірентпей қоймайды. Мұнда кейуана өзін меңдеген дерттің салдарынан әкесінің атамекеніне келе алмағанына қатты өкінішін білдіріп, мектеп ұжымына ризашылығын жасырмайды.

Нәзір шығармашылықты жанына серік еткен жан. Оның жүрегінен жыр болып төгілген өлеңдері де кезінде басылым беттерінде жарық көрген. Соның бірі 1919 жылы  жарияланған «Адамдар арасында» атты өлең шумақтары.  Аталған өлең осы залда экспонат ретінде ілінген.

Нәзірдің алғашқы жары, татар қызы Мариям Нигматуллина мен жастай шетінеген ұлы  Фарухтың суреттері тұлға өмірінің сағынышты сәттерінен көріністер береді. Қызы Әнелмен бірге түскен суретінде сәбидің әке қасындағы бақытты шақтары көз алдыңа келеді.

Нәзіртанушы ғалым Тайыр Мансұров, халықаралық «Нәзір» қорының негізін қалаған  Ыбырай қажы Исмайыл  және Мәдениет қайраткері Аманжол Найманбаевтың суреттері де музейдегі экспонаттар қатарына орын алған. Сондай-ақ бұл экспонатта академик Е.Примаковтың Нәзір жайындағы лебізі тағы да ұшырасады. «Семей-Невада» қозғалысының төрағасы, белгілі ақын, саясаткер  Олжас Сүлейменовтың  Тайыр Мансұровқа жазған достық хаты да осы экспонатта тұр.

Нәзірдің жоқтаушысы болған Ы.Исмайыл оның артында қалған жалғыз тұяғы, қызы Әнелді Мәскеуге іздеп барған кездегі  түскен суреті бүгінде музейдегі құнды экспонаттар қатарында. Сонымен бірге «Нәзір» қоры мүшелерінің  Өзбекстандағы Н.Төреқұлов ескерткіші алдында түскен суреттері де осы экспонатта орналасқан.

«Нәзір» қорының төрағасы  Ы.Исмайылдың  Сауд Арабиясына жасаған сапарынан түскен суреттер де көрерменді қызықтырмай қоймайды. Сауд Арабиясының сол кездегі  Қазақстандағы елшісі  Шейх Алимен елшілікте түскен суреті және  Ислам Лигасының төрағасы  Абдолла Ат- Түркимен, Доктор Мажит Ат-Түркимен, кәсіпкер Джумаихпен түскен суреттері де экспонатқа өзіндік келбет берген.

Нәзірдің гипстен құйылған мүсін экспонаты да залға рең беріп тұр.

Нәзірдің майлы бояумен салынған портреті өмірінің соңғы жылдарын еске түсіреді. Бұл экспонат та көрерменді ойландырмай қоймайды.

«Тұлпардың самғауы» және «Тұлпардың құлауы» экспонаттары да Нәзірдің тағдырына негізделген. Зер сала қараған жанға суретші көп сыр аңғартқан.

Залдағы сандық пен кебеже, келі мен келсап және алаша экспонаттары  өткен ғасырдың бас кездерін еске салады. Көне экспонаттарға қонақтардың да ықыластары ерекше.

Нәзірден қалған жалғыз тұяғы Әнелдің киімдері музей экспонаттарын толықтырған. Құнды экспонатқа  музейге экскурсия жасаған қонақтар ықыласпен ден қояды.

Музейге  Сауд Арабиясы  Корольдігінің 100 жылдығына орай берілген  Алтын медаль мен «Личность Петербурга» атты  Нәзір Төреқұлов атына берілген күміс медальдің да орны бөлек. Сонымен қатар лампа, шырағдан экспонаттары да көздің жауын алады.

Залдағы айнада музейге сыйға тартылған бірқатар кітаптар қойылған. Олардың қатарында Алаш ардақтысы  Ахмет Байтұрсыновтың кітабы мен ашаршылық пен саяси қуғын-сүргінді көркем тілмен бейнелеген жазушы Жылқыбай Жағыпарұлының «Зар-нала» атты туындысы бар.

Міне, Мемлекет қайраткері Нәзір Төреқұлов музейіндегі экспонаттар осы залдарда топтастырылған. Музейге экскурсия жасауға келген қонақтарға музей қызметкерлерінің қызметі қашанда әзір.

2 – Сұлтанбек Қожанов

Сұлтанбек Қожанұлы Қожанов (10.9.1894, Түркістан облысы Созақ ауданы Ақсүмбе ауылы – 10.2.1938, Мәскеу) – мемлекет және қоғам қайраткері, ұстаз, ғалым, публицист. Орта жүздің алты арысының бірі Қоңырат тайпасы, Көтенше тармағының Божбан руынан.Түркістандағы 4 сыныптық орыс түзем бастауыш мектебін (1910), 3 сыныптық қалалық мектепті (1913), Ташкент мұғалімдер семинариясын тәмамдаған. Мәскеуде БК(б)П ОК Марксизм-ленинизм курсын (1927) бітірген.

Өлкеде кеңестік билік тұсында орын алған ашаршылыққа қарсы күресте белсенділік танытты. Аштықпен күресетін орт. комиссияның мүшесі ретінде 1918 ж. қарашадан бастап Түркістан, Созақ, Жаңақорған, Қызылқұм, Шиелі өңірлерінде ашыққан адамдарды тамақтандыратын арнайы орындар ашуды ұйымдастырды. 1919 – 20 жылы Сырдария уезі төрағасының орынбасары, Түркістан уездік-қалалық атқару комитетінің, Сырдария облыстық революциялық кенттің төрағасы болды.

1920 жылдың соңына қарай Түркістан республикасының Ішкі істер халық комиссары, 1921 жылы қазанда Халық ағарту халық комиссары болып тағайындалды. Ол осы қызметтерді атқару барысында БОАК пен РКФСР Халық Комиссарлар Кеңесінің Түркістан ісі бойынша құрған комиссиясы – Түріккомиссияның Ресейде іске асырылып жатқан коммунистік шараларды Түркістан өміріне күштеп енгізуге, таптық күресті шиеленістіре түсуге, сөйтіп ұлттық мәселені кейінге ығыстырып тастауға бағытталған әрекетіне қарсы тұрды. Оқу-ағарту саласында білім беруді жергілікті халықтар тілінде жүргізу мәселесін көтеріп, оны жүзеге асыруды талап етті.

Мәскеу, Петроград секілді ірі қалаларда жоғары оқу орындарында білім алып жатқан түркістандық жастарға материалдық көмек көрсетуде бірқатар іс-шараларды жүзеге асырды. Түркістанда баспасөздің және ұлттық театрдың өркендеуіне елеулі үлес қосты. “Ақ жол” газетін шығаруды ұйымдастырып, оның алғашқы редакторы болды. 1922 жылы Түркістан республикасының Жер шаруашылығы халық комиссары болып тағайындалысымен, ауыл ахуалына ерекше көңіл бөліп, өлкедегі жер-су реформасына тек таптық қана емес, сонымен бірге ұлттық сипат беру бағытын да ұстанды.

1922 – 1924 жылы Түркістан КП комитетінің хатшысы, атқару кенті төрағасының орынбасары, РК(б)П ОК Орта Азия бюросының мүшесі болды. Қ. мемл. қайраткер ретінде Орта Азиядағы ұлттық-аумақтық межелеу кезінде (1924) айрықша танылды. 1924 жылы қарашада РК(б)П Қазақ обкомының (1925 жылы ақпаннан – Қазақ өлкекомының) екінші хатшысы қызметіне жіберілді. Қ-тың тікелей ұсынысымен Кеңестердің І съезі қазақ халқы тарихи атауын (патшалық тұсынан бұрмаланып қалыптасқан “киргиз” деген атты төл атауына – “қазаққа” түзетіп) қайтарып, астаналық қала атын Қызылорда деп өзгертті.

1925 жылы қарашада БК(б)П орталық комитетіне шақырылып, ұлт республикалары бойынша жауапты нұсқаушы лауазымымен Кавказға, 1928 жылы Ташкентке, Орта Азия Бюросына қызметке жіберілді. Мұнда ол үгіт-насихат бөлімі меңгерушісінің орынбасары, хатшы болды. Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы ғылым академиясының (ВАСХНИЛ) Ташкент бөлімшесін ұйымдастырды. 1929 жылы Орта Азия мақта-ирригациялық политехника институтын (САХИПИ) құрып, алғашқы директоры болды, сонымен қатар 1929 – 31 жылы Орта Азия мақта кентінің директоры қызметін атқарды. 1931 – 32 жылы БК(б)П ОК аппаратында істеді.

Қожанов негізгі міндеттерін қоғамдық, ғылыми-шығармашылық жұмыстармен ұштастырып отырды. Мектепке арналған “Есептану құралы” атты оқулығы (1924), “Түркістанның Кеңестік Автономиясының он жылдығына” атты орыс тіліндегі зерттеуі (1928) жеке кітап болып шыққан. «Есеп тану құралы» атты оқулығы көпшілікке арналған қазақ мектебінің математикадан бірінші оқулығы болатын. Кітап өте түсінікті, қызықты жазылған. Арифметиканың негізгі тәсілдерінен басқа да қыр-сырларын аша түседі.

РК(б)П ОК ұлт қызметкерлерімен өткізген Төртінші кеңесінде (1923), РКФСР ХКК төрағасының орынбасары Тұрар Рысқұловтың басқаруымен өткен жеке кеңесте (1926) сөйлеген сөздерінде, сондай-ақ И.В. Сталинге 1927 жылы жазған екі хатында Қожановтың саяси көзқарастары мейлінше айқын тұжырымдалған. Ол 1937 жылы 16 шілдеде Ташкентте тұтқындалып, саяси қуғын-сүргін құрбаны болды. 1957 жылы Қожанов ақталғаннан кейін сіңірген еңбегін мойындап, тек қана 1994 жылы еңбектері шығарыла бастады. Алматы, Шымкент қалаларындағы көшелерге Қожанов есімі берілген. Түркістанда ескерткіш қойылған.

Abai.kz дереккөздеріне сүйене, қыран ғұмыр кешіп, тау мен тасқа басын соғып, алыс пен аласапыранға толы күндерден арылмаған арда азаматты тану, таныту жағдайы тым көңіл қуантарлықтай емес. Қарама-қайшылықтар өте көп, бүгінгі ұрпаққа мәлімсіз жайттар да жеткілікті. Сол себепті де осы олқылықтардың орнын толтыру мақсатында ұлы тұлғаның шыққан тегі, ұшқан ұясы, ұрпақтары жайында там-тұмдап жазуды мұрат тұттық. Бұл да қожановтану әлемінің бір белесін биікке шығару мақсатында жазылды. Сонымен қатар біздің назарымызды айырықша аударған жайттың бірі әлі де болса кейбір жайттардың үстірт, шындыққа жанаспай айтылуы. Бұдан түйетініміз қожановтану әлемінде «ақтаңдақтар» өте көп болды, соның біршамасы әлі күнге дейін орын алып келеді. Сұлтанбек Қожановтың ресми ақталғанына (1957) алпыс жылдан астам уақыт өтті, ал енді шынайы ақталғанына ширек ғасырға жақындап қалды. Біздің бүгінгі тақырып аясындағы «ақтаңдағымыз» Сұлтанбек Қожанов сынды ұлы тұлғаның шыққан тегі, түп-тұқияны жайында болмақ.

Кеңестік қоғам жүйесінің қатаң талабы кез-келген тұлғаның шыққан тегіне қатты назар аударатын және ол тұлғаның шыққан тегі «кедей ортадан», немесе «орта шаруадан», бір сөзбен айтқанда «езілген тап» өкілі болуына қатты мән беретін. «Менің атым Қожа» шығармасындағы кейіпкер балалар (Қожа) жазғандай өмірбаян тізбегінде өзіміздің «езілген тап» немесе «кедей ортадан» шыққанымызды мақтан тұтатын едік. Мұны айтып жатқан себебіміз де жоқ емес, дәл осы шыққан тегін көрсету саясаты С.Қожановты да айналып өткен жоқ. Соның біршамасын сөзіміз дәлелді болуы үшін арнайы атап көрсеткенді дұрыс деп санадық.

Белгілі ғалым, қожановтанушылардың алғы легінде тұрған Амантай Шәріптің «Сұлтанбек Қожанұлы – әдебиетші» (Алматы. 1994) атты зерттеу кітабында: «Ол 1894 жылы қыркүйектің 10-ында қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданына қарасты Ақсүмбе деген жерде, орта дәулетті отбасында дүниеге келген»,-деп көрсетеді. Одан әрі: «Үкіметтің талаптарынан үріксе де, балаларын орысша оқытып, шоқыншақ етуден шошыған атқамінер ағайындарының қолқа салуымен қоңыртөбел шаруа Қожан қой соңында жүрген үлкен ұлы Сұлтанбекті Түркістан қаласындағы төрт жылдық орыс-түзем мектебіне тапсырады».-деп баяндайды. Дәл осы пікір «Арыс» қоры 2009 жылы шығарған «Сұлтанбек Қожанов. Шығармалары» кітабында да қайталанған, себебі құрастырған, кіріспесі мен соңғы сөзін жазған профессор А.Шәріп. Байқап отырғанымыздай Сұлтанбек «қоңыртөбел шаруаның»  «қой соңында жүрген ұлы» және оқуға да ауыл атқамінерлерінің қолқалауымен еріксіз кеткен тәрізді. Ақсүмбеліктердің бәрі балаларын «орысша оқытып, шоқыншақ етуден» шошынатындай әсер етеді. Қожанов енді ақталып жатқан кезде айтылған ойға кешіріммен қарауға болады, ал енді араға 15 жыл салып, қазақ елі тәуелсіздіктің көк туын асқақ желбіретіп жатқан тұста да алғашқы ойдың айна-қатесіз қайталануы құптарлық құбылыс емес.

Келесі бір дерек көзі – танымал қожановтанушы Жолтай Әлмашұлының «Сұлтанбек Қожанов» (Алматы, 2005) атты тарихи-ғұмырнамалық толғамы болды. Көлемді (272 бет), монографиялық деңгейдегі зерттеудегі келесі бір жазбаларға назар аударсақ: «Жиырмасыншы ғасырдың бас кезінде Ақсүмбенің датқасы – Сапарбай Мырзабайұлы еді. …Сол Сапарбай датқа бір күні түйеден түскендей етіп, жарлық қылды.

– Уа, халайық, мен сендерге Бектұрсын бегіміздің жарлығын жеткізгелі тұрмын. Біздің Ақсүмбеден биылғы жылы Түркістанға екі бала оқуға бару керек. Жібермесек, айып төлейміз,-деді.

Ел үрпиісіп-үрпиісіп, үрейленіп қалды. Бұған дейін оқу-білім дегеніңіз ойы тұрмақ, түсіне кіріп шықпайтын, өзінің бұйығы тірлігіне разы ауыл адамдарына мына жарлық тікенектей қадалғаны.

-Ау, неге үндемейсіңдер? Айтсаңдаршы, кімді жібереміз!..- Сапарбай дікектеп тұр.

…Сол күні Қоңқақ шалдың немересі, осыған дейін ескіше хат танып қалған зерек ұл – Сұлтанбек Түркістанға оқуға баратын екеудің бірі болып тізімге жазылды».

Ойымыз тиянақтылау болу үшін мысал үлгісін толығырақ нұсқада алдық. Бұл жерде де бала санының көптеу болуына байланысты Қоңқақ шалдың немересі Сұлтанбектің құрбандыққа шалынып кете берген сыңайдағы ойға келесің.

Осы аралықта автордың кейбір мәселелер жайында ағаттау, артықтау кеткен жерлері бар екенін қапысыз аңғаруға болады. Ең алдымен жиырмасыншы ғасырдың бас кезінде қазақ даласын Ресей патшалығы биледі, датқалық жүйе, бектік билік (Бектұрсын бегім) Қоқан хандығымен бірге құрдымға кеткен жүйе. Ресей билігіндегі қазақтың қолы жеткені «Болыс болдым, мінекей» деп хакім Абай айтқандай болыстық билік, Сапарбай да датқа емес болыс болып билік құрған және ол билігін Ақсүмбеде емес Түркістан қаласында отырып жүргізген. Сонымен қатар бұл күндері қасиетті Түркістан қаласындағы бір көшеге есімі беріліп, «жақсының аты өлмейді» деген өсиетке лайық болып ғұмыр кешкен Сапарбай болысты, ең бастысы Сұлтанбек сында ақсұңқарды ауылдан алып барып Түркістанда оқытқан халық қадірмендісін түйеден түскендей сөйлету, дікектетіп қою жарасымды емес, Ақсүмбеліктердің өткен тарихында Сұлтанбек Қожановпен қатар аталатын танымал тұлғаны дәл бұлай суреттеу елдігімізге сын. Ақсүмбеліктердің тең жартысына жуығы Сапарбай атамыздың ұрпақтары екенін де ұмытпау керек. Бір кездегі үстем тап өкілдерін жек көрінішті етіп суреттеуден арылатын мезгіл жетті. Екінші жайт Сұлтанбек Қожанның баласы, Қожанның әкесі Кебекбай. Қоңқақ Қожанның інісі. Кейбір деректерде Сұлтанбек Қожановқа байланысты Қоңқақов, Қоңқақұлы деген деректердің айтылуына осындай зерттеулердің негіз болары сөзсіз. Күні кеше ғана өмір сүрген Сұлтанбек Қожановтың өмір жолын, өскен ортасын, шыққан тегін жаңсақ көрсетуге хақымыз жоқ. Осы келтірілген мысалдағы «…Бұған дейін оқу-білім дегеніңіз ойы тұрмақ, түсіне кіріп шықпайтын» деген пікір де дәйексіз айтылған деп ойлаймыз. Күні кешегі кеңестік жүйеде бүкіл қазақ халқының 98% пайызы сауатсыз болды, 2% пайызы ғана хат таныды деген жалған ұғым болды, олар біздің араб харпімен хат танып, қисса жаттап, кітап оқығанымызды мойындамады. Том-том батырлар жырын, ғажайып айтыс үлгілерін, ғибратқа толы сан алуан мақал-мәтелдерді шетсіз-шексіз жатқа айтатын халқымызды сауатсыз еді деп кемсітті, яғни орысша жаза алмайтынның бәрін дерлік сауатсыз деп санады. Ең өкініштісі осыған сендік. Жоғарыдағы келтірілген мысалда да осы бір ескіліктің сарқыншағы мен мұндалап тұр, Ақсүмбеліктердің оқу-білімге деген көзқарасы тым үстірт, тіпті тұрпайы райда суреттелген деуге болады, өткен өтті, ендігімізге не жорық, тәуелсіз қазақ елінің өткен тарихы мен бүгінгі тарихын жарқыратып көрсететін уақыт жетті. Келесі бір кітаптың авторы профессор С.Жолдасов, кітап атауы «Халқымыздың жанашыры болып өткен сол бір жан мұрағаттарда»,-деп (Алматы. «Үш қиян» баспасы. 2014 жыл) аталады екен. Қысқаша болса да бірер мысал келтірсек: «… кедей шаруаның отбасында дүниеге келді. …Расына келгенде, әкесі Қожан Қоңқақұлы Қаратау сілемінде түйе бағып, егін еккен жан болған екен». Өкінішке орай ғалым аға ортамызда жоқ, алайда күні кеше, ұлы тұлғаның 120 жасқа толу мерекесіне орай шыққан кітаптағы бұл пікірлердің орын алуы өкінішті. Тағы да алдымыздан андыздап «кедей шаруа» шықты, Қоңқақ Қожанның әкесі болып шыққан, тіпті түйе бағып, егін еккен, жалпы мал баққан жанның егін егуі екіталай дүние.

Бұл айтылғандардан не түюге болады? Тәуелсіз қазақ ұрпағы ендігі кезекте «кедей шаруа» деп мақтанатын әдеттен арылу керек, соның ішінде өткен ғасырларда ғұмыр кешкен бабаларымызды уақыт таққан сол қасірет таңбадан, соның ішінде Қожановты да қазақтың өз ұланы етіп көрсетуіміз қажет, бұл – бүгінгі ұрпақтың бабалар алдындағы перзенттік парызы. Сол райдағы Сапарбай, т.б. ел жақсылары жайындағы артық кем айтудан арылып, жақсылық жағын айтуға көшкен абзал. Сол сияқты Қоңқақ атаны да ерікті еріксіз Қожанның әкесі етіп көрсетудің қажеті жоқ. Бұл айтылған ақтаңдақтардан арылып, алдымызда келе жатқан ұлы тұлғаның 125 жылдық тойын салтанатпен, биік рухпен қарсы алсақ қана баба рухы тыныш тауып, ұлы тұлғаның  өз тұғырындағы орны асқақтай түсері хақ.

Біздің мақсат қожановтану әлемінің «ақтаңдақтары» жайында ғана айту емес еді, сол себепті де бүгінгі жас ұрпақ, жалпы Сұлтанбек Қожанов сынды қайсар ұлдың шыққан тегі, өткен тарихы, бүгіні мен болашағы жайында да там-тұмдап болса да айта кеткенді дұрыс санадық. Дана халқымыз «жеті атасын білмеген жетесіз» деп жай айтпаған шығар, сол себепті де Сұлтанбек бабамыздың жеті атасын шежіре деректеріне сүйеніп, баяндап берсек. Сұлтанбектік әкесі Қожан, атасы Кебекбай, ұлы атасы Жамансары, одан әрі Сералы, Қойкелді, Есей, Болатай, Жәукім, Игілік болып келеді. Осы аталған бабаларымыздың қай-қайсысы болса да ел жадында қалған жақсы жандар. Ақсүмбе елінің ең биік таулары, суы мөлдір бұлақтары Кебекбайда. Сұлтанбектің атасы Кебекбай көптің бірі болмаған тәрізді, елге, жерге ие болған ардақты жан, бұл күндері Ақсүмбеліктердің бір биігі, бір бұлағы Кебекбай атымен аталады. Қойкелді, Есей аталарымыз қазақ халқының тәуелсіздігі үшін ат үстінде өмір сүрген батырлар, Абылай заманында өмір сүріп, сан алуан басқыншылық соғыстарда көзсіз ерлігімен есте қалған аяулы тұлғалар. Есей батырдың қасиетті Түркістан қаласындағы Қ.А.Яссауи кесенесіне жерленіп, ұлы Абылайханмен қатар жатқаны да көп жайтты аңғартады. Сол сияқты сегіз ата божбанның бірі Жәукім ата есімімен аталады, ал Игілік болса бар божбанның ұлы атасы болып саналады. Шежіреден түйгеніміз Сұлтанбек асылдың сынығы, тұлпарлардың тұяғы. Ел есінде қалған, қазақ тарихында аты мәңгілік қалып Түркістандағы кесенеге жерленген  Есей батырдың ержүрек ұрпағы.

Сұлтанбектің әкесі Кебекбайұлы Қожан елге сыйлы, өсіп-өнген, дәулеті мен сәулеті жарасқан ардақты жан. Қожанның төрт әйелі болған, алғашқы әйелі Алмақыз, одан кейінгі жары Төлебикені әмеңгерлік жолмен (інісі Қоңқақ қайтыс болғаннан кейін) «ерден кетсе де елден кетпейді» деген дәстүрмен алған. Кейінгі аналарымыз Көпей мен Айман апалар. Төрт анамыздан да ұрпақ сүйген. Алмақыз ападан Қалайы (кейін Бұзау апа аталып кеткен), Сұлтанбек, Райымбек, Райыс, сүткенжесі Өзипа деген қызы болыпты. Әмеңгерлік салтпен алған Төлебикеден Шәмші, Қамар, Қанай атты ұлдар мен Бибарал, Жамал атты қыздар сүйген. Көпей анадан Сейділда, Айман ападан Ұзақбай атты ұлдары болған екен. Қожан атамыздың кіндігінен сегіз ұл, төрт қыз өрбіген. Қолда бар дерек көздері ретінде белгілі журналист-жазушы Әлімбет Бостанов дайындаған «Жәукім божбан шежіресі» (Алматы. 2006) және Сұлтанбек Қожановтың немересі Төлен Қамарұлының «Сұлтанбек дастан» (Астана.2008.) атты шығармаларын пайдаландық. Қазақ халқында ежелден келе жатқан даналық сөздің бірі былай баяндалады: «Би бол, би болмасаң, би түсетін үй бол». Бұл өсиетті айтып жатқан себебіміз Қожан атамыз алысты болжай білетін, алыс-жақындағы ел жақсылары, әсіресе өнер адамдары, ақындар мен термешілер, әншілер үйіне түсіп Ақсүмбе ауылындағы дәулеті мен сәулеті жарасқан биік адам болса керек. Ол заманда қазақ халқында көп әйел алу салты сақталған, алайда күнін әзер көріп жүргендер, айта беретін кедейлер бас құрай алмай өмір бойы жалшылықта жүргені де жасырын емес. Бүгінгі өркениет өлшемімен алғанда бұрыс немесе дұрыс демей-ақ қояйық, алайда біздің Ақсүмбедегі Сапарбай болыстың бес әйелі, Ыбырайым бидің үш әйелі, ел жақсысы Қожанның төрт әйелі болғанын тарих бетінен сызып тастай алмаймыз. Бұндай жағдай ол кезде қалыпты саналған, Құнанбай қажының төрт әйелі, хакім Абайдың үш әйелі болғаны тарихтан мәлім.

Қожан атаға қатысты түйінді ойымызды баяндасақ. Қожан ата өз заманының көзі ашық, алдыңғы қатарлы азаматы. Ол кісі замандасы Шәді Төре сияқты шығыстың классикалық үлгідегі ғажайып дастандарын кешке қарай көпшілік қауым жиналғанда дауыстап оқып беру арқылы рухани нәр беріп отырған. Рухы биік батырлар жыры, мәңгілік махаббат жырларын арқау еткен лиро эпостарды, сөз сайысының қайталанбас түрі айтыс өнерін, даналық мектебінің туындылары шешендік өнер, билер тағылымы, тіпті мақал-мәтелдердің өзін жас ұрпаққа жеткізудің шебері болған. Бұл бір ғана Қожан атаның бойындағы дара қасиет десек қателесеміз, ол қасиеттер сол кездегі Ақсүмбеліктердің әрқайсысына серік болған асыл қасиеттер. Ол сонымен қатар таңдап сұлу сүйген, жел жетпес жүйрік мінген, алғыр қыран мен құмай тазы ұстаған. Ақсүмбе ауылының төрінде өтетін сән-салтанаты жарасқан тойлар, ас беру дәстүрі күнгей-теріскей ғана емес Сарыарқа төріндегі елдермен де жақсы қарым-қатынас орнатуға септігін тигізіп отырған. Сол уақыттағы ат жарысының басталатын жері Жабыкөл көлінің жағалауынан басталады екен. Көлдің тұнық суынан шөл қандырып, аз-кем тыныс алған тұлпарлар Ақсүмбеге қарай жарыс жолына шығатын болған. Осы жарыстарда кішкене күнінен ат жалында ойнап өскен, Қожан сияқты ардақты жанның үлкен ұлы Сұлтанбектің де желмен жарысқан тұлпардың жалына жабысып, сан рет бәйгеден келгеніне күмән туғызуға болмайды.

Ең өкініштісі ел жақсысы Қожанның тағдыры сүйікті ұлы Сұлтанбектің Ташкентте тұтқындалуынан кейін күрт өзгерді, ал енді «халық жауы» деген жаламен атылғаннан кейін тіпті тамұққа айналды. Қожан ата шамамен алғанда 1874-1940 жылдар арасында өмір сүріп, туған ауылы Ақсүмбеде қайтыс болды. Өкінішке орай ел басына нәубет келген жылдары Сапарбай болыстың бел баласы Шерияздан ата да жазықсыздан жазықсыз, тек қана Сұлтанбек сынды ақсұңқар азаматтың әкесі, жақын туысы болғандықтан алды атылып, қалғандары қуғын-сүргіннің құрбандары болды, сол себепті де бұл күндері ол кісілерден қалған белгі-бейіт те жоқ, өкінесің, амал жоқ.

Сұлтанбек Қожановтың бойындағы дана қасиеттер ата күшімен ғана емес, ана сүтімен де бойына сіңген. Сол себепті де ұлы тұлғаның нағашы жұрты жайында да айта кеткеннің артықтығы болмас. Қолымыздағы бар дерек көзі қаламы жүйрік журналист, ақын Мақсат Қарғабайдың «Сұлтанбектің нағашысы» деп аталатын танымдық мәні зор мақаласы. Сұлтанбектің анасы Алмақыз теріскей өңіріне танымал атақты бай Тоққожаның бәйбішесінен туған екінші қыз екен. Алмақыз апамыздың туған інісі Мүсірәлі кеңес билігінің қуғынына ертерек ұшырап, 1928 жылы байдың тұқымы деп қудалау басталғанда Созақтан Түркiстан, одан әрi Келес арқылы Өзбекстанның Самарқан облысына барып пана табады. Сол жақта қайтыс болыпты, ал енді ол кісінің ұлы Уәлихан қария таяу жылдар мұғдарында (2015) өмірден озды, Созақ ауданы Раң ата ауылының қадірменді қариясы болып ел есінде қалды. Дана халқымыз жігіттің үш жұрты ішінде нағашы жұртын құрметпен айтады және «жігіттің жақсы болуы нағашыдан» деп тіпті нақтылай түседі. Сұлтанбек Қожановтың нағашы жұрты да дәулетті, сәулетті болғаны үшін ғана «Созақ мінездің» тақсіретін тартып, жат елге жер ауып кетуге мәжбүр болған екен. Замана қасіреті.

Ендігі ретте Сұлтанбек Қожановтың сүйікті жары, ұл-қыздарының анасы Күләнда Мұңайтпасқызы жайында аз-кем ой сабақтасақ. Гүләнда Мұңайтпасқызы Лапина. Кейінгі фамилиясы – Қожанова. Алаш арысы Сұлтанбек ағамыздың зайыбы. Гүләнда апамыздың әкесі Мұңайтпас бұрынғы Ақмешіт, қазіргі Қызылорда жағының адамы. Сыр бойына танымал, білімдарлығымен аты шыққан, еті тірі, көзі ашық Мұңайтпас Лапин замана ағымына тез бейімделіп, еті тірлігімен елге тұтқа болған, болыс, би атанған азамат. Бұхара, Ташкент, Самарқанға керуен жүргізіп, сауда-саттықты да меңгерген. Соның арқасында балаларын үлкен қалаларға оқытып, білімді азамат болып өсуіне ықпал еткен. Бір ұлы – Сералы Лапин (1868-1919) Петерборда университетте оқыған, заң факультетін бітірген. Көптеген тілдерді білетін болған. Заңгерлікпен қатар сәулет, өнер, графика салаларына да қызығып, белгілі ғалымдар В.Бартольд, Е.Массонның өзіне шағатай, араб, түрік тілдерінен дәріс береді. Ол ең алғаш рет Самарқандағы айтулы сәулет ғимараттарының пропорцияларын шығарып, ондағы ою-өрнектер мен жазулардың қазақша нұсқасын парсы дәстүріндегі бәйітпен тәржімалап шығады. Көзқарасы жөнінен демократиялық бағытқа жақын болғандықтан, патша өкіметі тарапынан сенімсіздікке ұшырайды. Дүрбелең заманда Самарқан қаласында 1919 жылы нәбәрі 51 жасында құпия жағдайда мерт болды. Гүләнда апамыздың бірге туған әпкесі Ләтипа Мұңайтпасқызы да орысша-қазақша сауатты болған. Көзі ашық ару әкесінің ұйғарған жеріне бармай Ташкентке кетіп, сонда Қожықұлы Қоңырқұлжа деген оқыған азаматпен көңіл қосады. Әкесі біраз тулап, кедейге тұрмысқа шықтың деп қиғылық салады. Бұйрық, жазмыш солай болған соң амал жоқ, көнеді. Кейін сол әулеттен қазақтың даңқты суретшілері, кинорежиссерлері шығады. Сұлтанбек Қожанов Гүләндамен сол Қоңырқұлжанның үйінде танысады. Ол кезде Қоңырқұлжа Ташкентте пединститутта сабақ беретін. Сұлтанбек те сонда істейтін.

– Міне, Сұлтан, мына қыз оқу іздеп келген екен, оқыт енді. Арманың қазақ жастарының көзін ашу еді ғой, – деп, – табыстаған. Келесі жылы бұлар да отау көтерді. Содан 20 жыл отасты. Бір-бірін мейлінше сыйлап, адал жар, сүйеніш етер қолғанат бола білді. Тұңғыштары қыз бала болды. Атын Зиба қойған. Одан соң Арыстан, Нұрлан дүниеге келді.

Гүләнда Мұңайтпасқызы Лапина – Қожанова (1900-1989) ұзақ әрі аса ауыр тағдыр иесі ретінде ғұмыр кешті. 1937 жылы арқа тұтар азаматы, қазақ халқының қамқоры болған Сұлтекең ұсталып кетті, нәубет бір Сұлтекеңе ғана емес, отбасын да ойран етті. Қазақтың аса бір аяулы қызы Ақмола-Қараөткел аймағына орналасқан Қарлагта 10 жыл тұтқында отырды. Ол аз болғандай кесімді мерзімін сағат па сағат, күн бе күн түгел өтеп шыққанның өзінде, тағы да әрнені сылтау етіп, сыртынан «өз еркіммен жалдамалы жұмысшы болып қаламын» деген қағаздар дайындап, тағы да бір жыл ұстады. Сөйтіп, 11 жыл дегенде әзер босап шықты.

Ақмола-АЛЖИР тажалы жайындағы келесі бір дерек көздері жаныңды шошытады. Қуғын-сүргiн жылдары Ақмоладағы әйелдер түрмесiнде, яғни «АЛЖИР»-де 30 мың әйел жазықсыз жапа шеккен. Түрмеде 1 мың 507 нәресте дүниеге келген. ГУЛАГ архипелагындағы ең iрi түрмелердiң бiрi – «КарЛАГта» 1932 жылы 22 мың адам отырған. Бұлардың 87 пайызы – қазақтар болған. 1931-1956 жылдары «халық жауы» деген желеумен 1,5 миллион адам «ҚарЛАГта» азап шеккен. Осылайша елім деп еңіреген қазақ зиялыларының басы оққа байланса, әйелдері «АЛЖИРде» қара жұмысқа жегілді. Қазақстан мен Орталық Азияның  көрнекті мемлекет қайраткері – Сұлтанбек Қожанов та, оның жанұсы да мұндай жалалы жазадан шет қалмады.

Ендігі әңгіме Сұлтанбек Қожановтан қалған ұрпақтар жайында. Тұңғыш қыздары Зиба Сұлтанбекқызы Қожанова (1919-2000), ұлы Нұрлан Сұлтанбекұлы Қожанов (1921-1941), ұлы Арыстан Сұлтанбекұлы Қожанов (1929-1973). Тұңғыш қыздары, әкесі мен анасы тұтқындалғанда ес жиып қалған Зиба Сұлтанбекқызы қуғын-сүргіннің қорлығын көп көрді, ақырында суретші орыс жігітіне тұрмысқа шықты да фамилиясын өзгертіп тыныш тапты. Қалған балалар ағайындардың қолында, одан кейін балалар үйінде өсіп білім алды. Арыстаны әкесіне тартып математик болса, Нұрланы өжеттігіне салып өзі сұранып соғысқа кетіп, «халық жауының баласы» атынан құтылам деп жүріп қаза болып кетті. Гүләнда апамыздың айдаудан шыққаннан кейінгі барлық өмірі Сұлтанбектей есіл ердің адал есімін ақтауға, ең болмаса қабірін тапсам деген әуре-сарсаңмен өтті. Өкініштісі Гүләнда апамыз жан-жарының шын мәніндегі ақталып, есімі елге оралғанын көре алмай кетті. Ал жұбанарлығы Зиба апамыз әзіз әкенің ақталғанын көзімен көріп, алғашқы тойдың төрінде отырып, қуанышты күндердің шуағын көріп барып өмірден озды.

Бұл күндері Зиба апамыздың қызы Светлана Тыныбекова (1939 жылы туған) Астана қаласында тұрады, ұзақ жылдар бойы ұстаздық етті, филология ғылымдарының кандидаты, қазіргі уақытта бүкіл жан дүниесімен ұлы бабасының жоғын түгелдеп, ер азаматқа лайық әрекет етіп жүрген ардақты қыз. Әке жолын қуып ұстаз болған, математика ғылымдарының кандидаты, Қазақ ССР ҰҒА-ның математика институтында, қазіргі Қ.И.Сәтбаев атындағы политехникалық институтта абыроймен ұстаздық еткен, бала оқытқан Арыстан Сұлтанбекұлы ертерек өмірден озды, жұбанарлығы асылдың тұяғы, Арыстанның ұлы Санжар заңгер, қазір Алматы қаласында тұрады.

Қорыта айтқанда Сұлтанбек Қожанов сәулелі әулеттен шыққан арда тұлға. Жеті атасына дейінгі бабалары батырлық пен ерліктің биігінде тұрса, өз әкесі Қожан да ел жақсысы, даналық мектебінің, руханият әлемінің жанашыры болып туған халқына адал қызмет еткен жан. Нағашы жұрты да, жары Гүләнда апамыз да тектінің тұяғы, асылдың сынығы, әттең аумалы-төкпелі заманға тап келген тағдырлары, әсіресе дәулеті мен сәулеті жарасқандарға қырын келген кеңес билігі Қожановтың өзін де, жарын да, ұрпақтарын да аямады.

3 – Әлихан Бөкейханов

Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов – көрнекті қоғам қайраткері, Ресейдің жергілікті және қалалық қоғам қайраткерлері съезінің депутаты, Ресейдің I Мемлекеттік думасының және мұсылман халықтары съезінің депутаты, IV Мемлекеттік думаның мұсылман фракциясының Бюро мүшесі, Санкт-Петербор масоны, қазақтың 20 ғасыр басындағы ұлт-азаттық қозғалысының негізін салушы әрі көсемі, халқымыздың тұңғыш саяси Алаш партиясының ұйымдастырушысы және ұлттық Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, ғұлама ғалым – ормантанушы, экономист, тарихшы, этнограф, әдебиеттанушы, аудармашы, әрі дарынды публицист.
Semeylib.kz дереккөздеріне сүйене, Ә.Н.Бөкейханов 1866 жылы 25 наурызда Семей облысы Қарқаралы уезі Тоқырауын болысының 7-ші ауылында дүниеге келген. Бұл қазіргі Жезқазған облысы, Ақтоғай ауданына қарасты Қаратал ауылы. Ол қазақтың ақырғы ханының бірі Бөкейден тараған ұрпақтың төртінші буыны, Бөкей ханның шөпшегі.

Жасынан зерек, алғыр өскен Әлиханды әкесі Қарқаралыға алып барып, жергілікті молданың қолына оқуға береді. Бірақ ол молданың қолынан оқуды қанағат тұтпай, қаладағы үш сыныпты бастауыш мектепке ауысады. Оны бітіргеннен кейін, Қарқаралы қаласының қазақ балаларына арналған метепте 1879 жылдың 16 қырқүйегінен 1886 жылддың 16 маусымына дейін тәрбиеленіп, оқу барысында үлгілі тәртіп танытқан.

1886 жылы ол Омбыға келіп, жергілікті 4 жылдық техникалық училищеге «пансионер» болып қабылданды.
Ол 1890-1894 жылдары Санкт-Петербургтегі Орман институтының экономика факультетінде оқыды. Осы жылдары ол барлық студенттік қозғалыстарға белсенді түрде араласып, әсіресе солшылдардың көзқарасына бейім болды. Ә.Бөкейханов Ресей жандармерия басқармасының назарына алғаш рет студенттік жылдары-ақ ілігіп, «саяси сенімсіздердің» қара тізіміне алынды. Әлихан бұл тізімнен патша өкіметі күйреп, Кеңес өкіметі орнаған жылдары да – 1937 жылдың қырқүйегінде «халық жауы» болып атылып кеткенге дейін де шыққан жоқ.

Аталмыш оқу орнын ойдағыдай бітіріп, Әлихан Бөкейханов 1894 жылы Омбы қаласына қайта оралады. Келісімен Омбы қаласындағы орман шаруашылығы училищесінде математика пәнінен оқытушы болып қызмет істейді. Осы жылдары социалистік бағыттағы «Степной край» газетінің қызметіне белсенді түрде араласып, оның редакция алқасының құрамына кірген.
Әлиханның Омбыдағы жылдары оның көрнекті қоғам, саяси қайраткер ретінде де, педагогтық, ғалымдық, әдебиеттанушылық талантын жан-жақты ашып берді. Ол қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін, мәдениетін, шаруашылығын, төрт түлік малын, жер-суын жан жақты зерттеген санаулы ғалымдардың бірі.

Әлихан Омбы қаласында Орыстың императорлық жағрафия қоғамының Батыс-Сібір бөлімінің қызметіне қызу араласады. Алғашқы күндерінен-ақ белсенділігімен танылған Әлихан 1896 жылы қоғамның Батыс-Сібір бөлімінің толық мүшелігіне қабылданады да, ал 1901 жылы бөлімнің басқару комитетіне мүше болып сайланады. Сонымен қатар, ол жағрафия қоғамы Батыс-Сібір бөлімінің Семейлік бөлімшесін ашуға және қызметіне тығыз араласып, «Запискилерде» ғылыми мақалаларын жиі жариялап отырды. Ол Абай Құнанбаевпе
н қатар Семейдің статистика комитетіне де мүше болды.

Ә. Бөкейханов жағрафия қоғамының сүйемелдеуімен кіндік қаны тамған қазақ даласының тарихын көп зерттеген. Тарих саласындағы жазып қалдырған елеулі мұралары – «Исторические судьбы Киргизского края и культурные его успехи», «Киргизы» атты монографиялары. Бірінші ұжымдық монография 1903 жылы «Россия. Полное географическое описание нашего отечества» атты көп томдық альманахтың «Киргизский край» деген XVII томына еніп, Санкт-Петербордан жарық көрді. Шығармада Қазақ өлкесінің сонау тас, қола дәуірінен бергі тарихы, мекендеген халықтары, олардың мәдени, саяси-әлеуметтік жетістіктері кең көрініс тапқан. Сондай-ақ, Дала өлкесінің соңғы ғасырлардағы өмір-тарихын сипаттайды, патша өкіметінің жүргізіп отырған отаршылдық саясатын да батыл суреттеген. «Киргизы» атты еңбегі алғаш рет «Формы национального движения в современных государствах» атты жинақпен 1910 жылы Санкт-Петербордан басылып шығады. Сонымен қатар, әр жылдары жағрафия қоғамы Батыс-Сібір бөліміне қараған Семейлік бөлімшесінің басылымдарында «Из переписки киргизских ханов, султанов и прочее, прочее», «Из переписки хана Средней Киргизской орды Букея и его потомков» және «Из бумаг султана Большой Киргизской орды Сюка Аблайханова» атты ғылыми мақалалары жарияланған. Әлихан Бөкейхановтың көп мақалалары лақап аттпен берілген. Көптеген жұмыстарына «Қыр баласы», «Сын степей», «V», «Киргиз-Степняк», «К.Степняк», «Туземец», «Арысұлы», «А.Б.», «Қ.Б.», «Ғ.Б.» деп қол қойып отырған. Райымжан Әзіханұлы Бөкейхан мен экономист Мұханбетқали Жақсалиевтің айтуына қарағанда, Әлихан Кеңес дәуіріндегі баспа беттерінде «Қалмақбай» және «Н.Ш» деген атпен де еңбектерін жариялаған. Әлиханның қай жылдан бастап «Бөкейханов» фамилиясын алғандығын дәл айту қиын. Омбының техникалық училіщесін «техник» мамандығымен бітірді деген 1890 жылы маусымның 14 күні табыс етілген аттестат: «Сұлтан Әлихан Нұрмұхамедұлы» атына толтырылған.
Кезінде Әлихан Бөкейханов Орыстың жағрафия қоғамының Батыс-Сібір бөлімі мүшесі ретінде, қоғамның ғылыми мәжіліс-жиналыстарында қазақтың мәдениеті, тұрмыс-салты, өнері жайында баяндамалар жасап, дәрістер оқып тұрған. Сонымен қатар ол орыстың Г.Н.Потанин сынды ғалымдарына халқының ән-күйін, ою-өрнегін, тұрмыстық құрал-саймандарын жинасып, Том қаласында қазақтың өлкетану музейін ашуға қол ұшын берген.

Әлихан Бөкейханов – қазақтың тұңғыш энциклопедисі деуге де негіз бар. 20 ғасыр басында неміс Ф.А.Брокгауз бен орыс И.А.Ефрон секілді баспагерлер көптомдық «Жаңа энциклопедиялық сөздігін» шығарып тұрған. Қазақ өлкесін танушы ғалым Бөкейханов осы «сөздікті» әзірлеуге ат салысқан. «Сөздікке» енген қазақтын тарихы, қазақтың хандықтары, мысалға Бөкей ордасы жайында (8 том, 447-452 беттер), қазақтың көрнекті хан-көсемдері туралы және басқа материалдарды Ә.Бөкейханов әзірлегендігі күмән тудырмайды. Энциклопедиялық сөздікті баспаға дайындаған қызметкерлердің тізімінде Ә.Бөкейхановтың аты-жөні 4 томнан 21 томына дейін дерлік көрсетілген.

Алаш көсемi Әлихан Бөкейхановтың өмiрiнде Семей қаласының алатын орны айрықша екенiнде ешқандай шүбә келтіре алмаймыз. Ә.Бөкейхановтың 1896-1903 жылдары Семей және Ақмола облыстары уездерiнде қазақ жер пайдалануын зерттеумен айналысқан Щербина экспедициясына қатысып, қазақ халқының әлеуметтiк-экономикалық өмiрiне, мәдениетi мен тарихына қатысты бiрқатар ғылыми құнды еңбектердi жазуы, ұлы ақынымыз Абайдың әдеби бай мұрасымен етене жақын таныс болуы, өзiнiң Омбы кезеңiнен жақсы бiлетiн досы, орыс ғалымы Иван Филиппович Гусевтiң айтуымен Шәкәрiм еңбектерiне баса көңiл бөлiп, кейiнде «Қазақ» газетiнде «Қалқаман-Мамыр» поэмасы туралы пiкiр бiлдiруi, тағы басқа оқиғалар оны үнемi шетте Омбы, Петербор қалаларында оқып, қызметте жүрсе де, Семей зиялыларымен барынша жақындастыра түседi.

Әсiресе, данышпан Абайдың өлiмiне байланысты алғаш баспасөз бетiнде суретiне қоса қазанама жазып жариялауы, сондай-ақ Абайдың ұлы Тұрағұл және немере iнiсi Кәкiтай Ысқақұлымен бiрге ұлы ақынның өлеңдерiн жинақтап, баспаға әзiрлеп жарыққа шығаруы, оның Семейдегi өмiрiнiң ең ұмытылмас жарқын сәттерi болды. Ұлы ақын мұрасына деген бұл сүйiспеншiлiктiң соңы Әлихан Бөкейханов пен Абай балалары, жалпы Құнанбай қажы ұрпақтары арасындағы үлкен сыйластыққа, достыққа келiп ұласқаны белгiлi.

1905-1907 жылдардағы бiрiншi орыс революциясының қазақ даласында ұлт-азаттық қозғалыстың бел алып өрiстеуiне айтарлықтай ықпалын тигiзген аласапыран жылдар болды. Нәтижесiнде, 1905 жылы Семей губерниясына қарасты Қарқаралы қаласына таяу Қоянды жәрмеңкесiнде Алаш көсемi Ә.Бөкейхановтың басшылығымен тұңғыш қазақ съезi болып өттi. Онда патшалық Ресейдiң отарлық езгiсiне қарсы күштi наразылық бiлдiрген қазақ қоғамының бiрнеше баптардан тұратын басты саяси талап-тiлектерi айтылды. Ал, «Қарқаралы петициясы» деп аталатын бұл саяси құжаттың авторлары Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Жақып Ақпаев сынды ұлт зиялылары болды. Осы орайда, «Қарқаралы петициясына» қатысы бар» деген күдiкпен Ә.Бөкейханов алғашқыда Кереку, одан кейiн Омбы түрмелерiне қамалған едi. Алайда, ол 1906 жылы патшалық Ресейдегi I Мемлекеттiк Думаға сайлау науқаны кезiнде Семей облысы қазақтары атынан депутат болып ұсынылады. Сөйтiп, депутаттық мандатқа ие болған Ә.Бөкейханов түрмеден босатылып, Семейде өз сайлаушыларымен кездесу жиынын өткiзедi.

1905-1907 жылдардағы Әлихан Бөкейхановтың Семей өңiрiндегi қоғамдық-саяси қызметi оның халық депутаты, қазақ кадет партиясы басшыларының бiрi ретiнде Петерборға I Мемлекеттiк Думаның жиынына аттануымен аяқталып, одан ары қарай жаңағы Мемлекеттiк Думаның тарауы және Финляндияның Выборг қаласындағы «Выборгское воззвание» деген үлкен саяси оқиғаларға қатысуымен жалғасады. Алайда, ел өмiрiндегi осындай күштi саяси толқуларды басып-жаныштауға байланысты жергiлiктi патша өкiметi органдары тарапынан Алаш ұлт-азаттық қозғалысы қайраткерлерiн қайта қуғындау басталады. 1908 жылы Әлихан Бөкейханов екiншi рет тұтқындалып, Семей түрмесiне қамалады.

Әлихан Бөкейхановтың Семейдегi саяси қызметiнiң ең бiр маңызды кезеңi 1917 жылғы патшалық Ресейдегi ақпан төңкерiсiмен тiкелей байланысты болып келедi. Ә.Бөкейханов ақпан төңкерісінен үлкен үміт күткен еді. Бірақ үміті ақталмады: Уақытша үкімет, оның ішінде кадет партиясының көсемдері қазаққа автономия бергілері келмей, жалтарды. Оның үстіне, кадет басшыларымен ол жер мәселесі, шіркеуді үкіметтен бөлу және басқа көкейкесті мәселелер бойынша ымыраға келе алмай, партия қатарынан шығып кетеді.

1917 жылы желтоқсан айының 5-13-ы күндерi Орынборда өткен екiншi жалпықазақ съезiнде Алашорда үкiметi құрылғаны жарияланып, ал Алашорданың уақытша тұратын орны Семей қаласы болып белгiлендi. Семей ол кезде ұлы гуманист-ағартушы Абай және озық ойлы, прогресшiл көзқарастағы орыс демократтары Достоевский, Михаэлис, Долгополов, Коншин, т.б. мұрасы мен тағлымынан ғибрат алып, рухтанған қазақ зиялыларының үлкен бiр тобы бас қосып жиналған елiмiздiң үлкен мәдени-рухани орталығы болды.

Осы жылдары Семейде Алашорда үкiметiнiң ақ туын көтерген Әлихан, Ахмет, Мiржақып бастаған Мұхаметжан Тынышпаев, Халел Ғаббасов, Райымжан Мәрсеков, Жүсiпбек Аймауытов, Тұрағұл Абайұлы, Ахметжан Қозыбағаров, Мәннан Тұрғанбаев, Жақып Ақбаев, Мұхтар Әуезов, Әбiкей және Қаныш Сәтпаевтар, Ыдырыс Мұстамбаев тәрiздi тағы басқа ұлт зиялылары жан аямай қызмет еттi.
1917 жылдан 1927 жылға дейiнгi он жылға жуық уақыт аралығында Семейдiң бұрынғы «Заречная Слободка» деп аталатын бөлiгi Алаш қаласы болып аталып келдi. Тек, 1927 жылдың 15 қыркүйегiнде барып Семей қалалық кеңесiнiң шешiмiмен Алаш қаласы Жаңасемей болып өзгертiлдi.

Әлихан Бөкейханов 1918 жылдан бастап өзiнiң Алашорда үкiметiнiң төрағасы қызметiне байланысты Семейде тұрды. Ол Алашорда үкiметiнiң Ұлт Кеңесi, Семей облыстық кеңесi, облыстық және уездiк Земство басқармалары, Алаш қалалық Думасы мен Алаш қалалық қоғамдық басқармасы тәрiздi болашақ мемлекеттiк басқару жүйелерiн құруға қатысты қыруар iстер атқарды. Сондай-ақ Алаш милициясы мен атты әскер полкiн құруда да елеулi еңбек сiңiрдi.

1920 жылы қазақ автонмиясын құру және оның территориясын белгiлеу жұмысы қаралған комиссияның отырыстары 12, 14, 18, 19-тамызда, яғни, бiрнеше мәрте өтедi. Осыған қарап-ақ, мұнда Сiбiр ревкомы мен Астрахань губерниясының қарауына өтiп кету қаупi туындаған жерлердiң құдай қарасып, Әлiмхан Ермеков мен Ахмет Байтұрсыновтың арқасында қазақтың бас меншiгiнде қалғанын аңғару қиын емес. Соңғы, 24-тамызда өткен қортынды жиында Ленин қаулының дайын екенiн, Әлiмхан Ермековтiң қайта жасалған баяндамасы бойынша заңдастыру қажет екенiн айтып, шешiм шығарады. Әлiмхан өз естелiгiнде Әлихан Бөкейхановтың осы жиыннан кейiн Лениннiң кеңсесiнде қалып қойып, бекiтiлген шекараға тездетiп қол қоюын өтiнген екен. Себебi, сол тұстарда таласқа түсiп жатқан облыстардың жетекшiлерi тағы да ұсыныстар жасап, Сталинге кiрмек ниетте болған көрiнедi. Ұлт көсемi Әлихан осыдан секем алса керек, тезірек заңдастыруға асыққан.

Сонымен, ұлы күрескерлер пәтуаға келген қазақтың жерi 1920 жылдың 26-тамызында «Қырғыз АКСР-iн құру және оның территориясын белгiлеу туралы декрет» деген атпен баспасөзде жарық көрдi.
1919-1920 жылдары жаңа үкіметтің белгілі жарлығы шығып, Алаш партиясының к
өсемдері мен саяси белсенділеріне «кешірім» жасалып, большевикттік қызметтерге жіберіле бастайды. Әлихан «Жалпы Сібір сиезі» атты мақаласында «найзаның ұшымен, айбалтаның жүзімен болған үкімет» деп сипаттаған большевиктерге қызмет етуден бас тартады. Осы «оппозициялық қылығы» үшін 1920-1922 жылдары оған «буржуазиялық ұлтшыл» деген айдар тағылып, тергеулер жүргізіліп, айлап абақтыда да отырды.
Алаштың ардақтысы Әлихан Бөкейхановтың Семей түрмесiнен босап шыққаннан кейін, большевик көсемдері енді оны елінен кетуге мәжбүр етеді. Сөйтіп, 1922 жылдың күзінде Ә.Бөкейханов Мәскеуге жер аударылады. 1922 жылы Мәскеу қаласындағы Ұлттар істері жөніңдегі Халық комиссарияты жанындағы Орталық баспаның ғылыми қызметкері, 1926-1927 жылдары Ресей Ғылым Академиясының ғылыми қызметкері қызметін атқарды. 1926-1927 жылдары Ерекше Комитеттің тапсыруымен С.П.Швецов басшылық еткен экономикалық, антропологиялық, этнографиялық экспедициясымен Қазақстанның зерттелмей кенже қалған өлкесі Адай үйезіне, қазіргі Атырау және Маңғыстау облыстарына аттанды. Ол үйездің табиғатын, экономикалық жағдайын, кіші жүз руларының тұрмыс-тіршілігін, әдет-ғұрпын зерттейді. Соңында жиналған материалдарды өңдеп, қорыңдылап, тиянақты ғылыми еңбек жазып, ол еңбегі экспедицияның басқа материалдарымен бірге жарияланады.

Ал, 1937 жылдың 27 қыркүйегінде Қазақстан Кеңестік Республикалар Одағы Жоғарғы Сотының Әскери Коллегиясы «возглавлял контрреволюционную борьбу против Советской власти, устоновил связи с руководителями террористического центра в Казахстане и в Москве» деген жалған айыппен қазақтың ұлт-азаттық қозғалысының негізін қалаған аса көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғұлама ғалым Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов елінен тыс жерде – Мәскеуде өлім жазасына кесілсін деген үкім шығарды.

Соңғы тергеуде Алаш партиясы мен кеңестік билікке қарсы әрекеттеріне байланысты барлық жауапкершілікті өз мойнына алған Бөкейханов ақтық сөзінде «Кеңестік билікті сүйген емеспін, бірақ мойындауға мәжбүрмін» деп мәлімдеді. Үкім сол күні-ақ жүзеге асырылды. Сөйтіп, жаңа үкімет Алты Алаштың көсемі Ә.Бөкейхановты өлім жазасына кесе отырып, қазақ халқының ұлттық, ұлт-азаттық қозғалысының күре тамырын шауып тұншықтырмақ болды, қазақтың ұлттық намысын, сана-сезімін аяққа таптамақ ниетін танытты.

Ә.Н.Бөкейханов 1955 жылы 8 қыркүйекте толықтай ақталған. Бірақ КГБ осы жаңалықты халықтан 34 жыл бойы жасырып келді. 1989 жылы қайта отырыс өтіп, Бөкейханов тағы да ақталады.

Adebiportal.kz дереккөздерінде Әлихан Бөкейхановтың біртұтас Алаш идеясы жазылған.

1917 жылы шілде-тамыз айларының өліарасында Жалпылқазақтық І құрылтай шақырылып, «Алаш» партиясы тарих сахнасына шықты. «Алаш» партиясының ұлттық ұстанымы бес түрлі тұжырымға негізделді.

Бірінші ұстаным: жер, жер және жер. Жерсіз Отан жоқ. Әлихан Бөкейхановтың ұйғарымы бойынша: «Қазақтың байырғы жерін қашан қазақтар өз бетінше ғылым мен техникаға сүйеніп толық игермейінше, жер жеке меншікке де, қоныстанушыларға да берілмейді».

Яғни, бұл ұстаным: Жер – Отан, ал Отанды сатуға да, жеке меншікке айналдыруға да болмайды. Сол жер үшін әр қазақтың намысы жыртылып, ол жерге әр қазақтың тері мен қаны төгілген – деген тұжырымға саяды.

Екінші ұстаным: жердің астындағы, үстіндегі, аспанындағы барлық игілік қазақ мемлекетіне қызмет етуі керек. Ә.Бөкейхановтың айтуынша: «Оның әр бір түйір тасы әр қазақтың өңіріне түйме болып қадалу керек» болатын.

Яғни, бұл – өз жерінің игілігін – әуелі өз елі игілігіне айналдырсын, одан асса ғана жатқа салауат – деген емеуірінді танытады.

Абай данышпанның:

Өздеріңді түзелер дей алмаймын,

Өз қолыңнан кеткен соң енді өз ырқың, –

дегеніндегі «ырық» – осы ырық.

Жердің астына, үстіне, аспанына иелік ете алмасаң – ырықтың кеткені сол емес пе?!.

Үшінші ұстаным: Ә.Бөкейхановтың жобасы бойынша, «Қазақтың жерінде өндірілген «бір уыс жүн сол мемлекеттің азаматтарының үстіне тоқыма болып киілуі» керек, яғни, толықтай экономикалық тәуелсіздік пен бірлікке қол жеткізуге ұмтылуы тиіс еді.

Тағы да сол Абай:

«Бірлік – ақылға бірлік, малға бірлік емес. Малыңды беріп отырсаң: атасы басқа, діні басқа, күні басқалар да жалданып тірлік қылады. Бірлік сатылса – антұрғандықтың басы осы. Ағайын алмай бірлік қылса керек», – дегендегі бірлік – осы экономикалық бірлік.

Ал біздегі сатылмайтын құндылық – тек «жалданып тірлік құру» ғана болып қалды.

Төртінші нысана: қазақ мемлекетінде мемлекет құрушы ұлттың тіл, дін, діл үстемдігі болуы керек, яғни, Х.Досмхамедовтің пайымдауына жүгінсек, «ұлттық мәдениет үстемдігі сақталуы» тиіс болатын.

Келгенде Жиенқұлға шықпайды үнім, –

деп Сара ақынның сал Біржанға қарата айтқанындай, бұл үш мәселеге келгенде, біздің де үніміз шықпайды.

Егер қоғамның дамуы осы бетімен кете берсе, күні ертең біз «Құранды» да орыс тілінде оқитын боламыз.

Бесінші, түпкі мақсат: тәуелсіз ғылымға, ұлттық салт, дәстүрге негізделген заңға сүйене отырып, Жапонияның үлгісіндегі ұлттық-демократиялық мемлекет құру еді.

Яғни, тағы да сол Х.Досмұхамедовтің пайымдауына жүгінсек:

«тәуелсіз сот құрылымы болады, тең және туыстық қарым-қатынастарды қамтамасыз ететін одақтық қағидаттар (заң) жасалады».

1990 жылғы «Қазақстанның суверенитеті» туралы мәлімдемеде қамтылған осы бес түрлі ұлттық ұстаным бұтақтала келіп, 2002 жылғы жерді сату туралы заң жобасынан кейін қазақ мемлекеті ұлттық идеядан толық арылып, беймарал мемлекеттің құрылымына көшті. Соншама азап шеге жүріп аңсаған тәуелсіздік идеясынан нағып соншама тез жеріндік? Ал «Жапония сияқты ғылымға сүйенген ұлттық-демократиялық мемлекет құру керек» – деген ұстаным үшін анық емес деректерге сүйенсек, 60 мыңдай адам «жапон шпионы» ретінде ату жазасына кесіліпті.

Жоғарыда айтылған ұстанымдарды таратып жатпайын. Ол ұзақ әңгіме. Саясат, экономика, қоғамдық даму дегенді былай қойғанда, біз өзіміздің тәуелсіз рухани тәрбиемізді қадірлей алмадық.

1.Қазір дәстүрсіз ұрпақ қалыптасып келеді. Бұл – үлкен рухани апат.

  1. Тәуелсіз экономика мен тәуелсіз ғылым жоқ. Ал тәуелсіз ғылымсыз – тәуелсіздік те, зиялы да, болашақ та жоқ. Тағы да сол «сорлы» Абай:

«… малды сарып қылып ғылым табу керек. Ғылымсыз – ахирет те жоқ, дүние де – жоқ. Ғылымсыз – оқыған намаз, тұтқан ораза, қылған қажылық, ешбір ғибадат орнына келмейді», – дейді.

Біз сол ғылымды «малдың», яғни, бизнестің құрбандығына шалып отырмыз.

  1. Ұлттық ұйытқының, мектептің, соның ішінде бастауыш мектептің ұлттық мәйегі ұйымаған. Ботаника пәнінен – Қазақстанның шөптерінің түрі мен атауларын, зоологиядан – Қазақстанның жан-жануар мен хайуанаттар дүниесін, жағырапиядан – жер мен су атауларын, жер қыртысының аттарын, астрономиядан – «он сегіз мың ғаламның» қазақша атауларын, тарихтан, өзгені былай қойғанда, қазақ хандығының құрылған жылы туралы нақты мәліметті таба алмайсыз (Бұл ретте тарихшылар әлі бір тоқтамға келген жоқ).
  2. «Саудасы – ар мен иманы» – деп Абай айтқандай, дін – саясат пен бизнестің құралына айналды. Ұлттың өз дінін өзіне жиіркенішті көрсету ұстанымы жүргізіліп отыр (Дін туралы қабылданбай қалған ескі заң жобасы мен қолға алынып жатқан жаңа заңның сұлбасы солай деуге негіз қалайды).
  3. Мемлекеттік Тіл – мемлекеттік қолданымнан шеттетіліп отыр. Мысал керек пе? «Кітап шығарудың қажеті қанша. Оны кім оқиды. Электрондық нұсқа бар» – дейтін министрлер мен ректорлар пайда болды.
  4. Мемлекет – өз ұлтынан ажырай бастады. Екеуінің ойы екі басқа. Енді олардың басы қайта біріге ме, жоқ па? Әй, қайдам.

Бұның барлығы нені танытады? Жоғарыда атап өткенімдей, біздің тәуелсіз мемлекетімізде қарама-қарсы бағыттағы екі ұлттық ағымның қалыптасқандығын анық аңғартады. Ашығын айтайын, мемлекет халықтан ажырап қалды. Қазір мемлекет пен халық басқа: «Мемлекет тек реттеп отыруы керек. Қалғанын базардың өзі реттейді», – деп өзеурегендер, енді бірер жылдан соң халықтан мүлдем қол үзіп, тағы да сол Ленин айтқандай, «халық бұрынғысынша өмір сүргісі келмейтін, ал биліктегілер бұрынғысынша басқара алмайтын жағдайға» душар болары анық. Былтыр ғана болуы мүмкін болжам, биыл, шындыққа қарай бетін бұрып отыр.

Міне, Әлихан Бөкейханов ұйытқан Алаш идеясының негізгі мәйектері осындай.

Қазір ерінбеген – алашшыл болып алды. Мәселе ұранда емес, соны ұлттың діліне сіңіруде. Кейде, маған кеңес тұсындағы Балтық жағалауы, Өзбекстан, қазіргі Бельгия сияқты Үнсіз Азаматтық Мойынсынбау қозғалысын үнемі санада ұстаған дұрыс сияқты да көрініп кетеді. Осы орайда Әлихан Бөкейхановтың саяси көзқарасына қатысты, оны «массонға», «шоқыншыға», еуропашылдыққа, «рушылға» теңеп жүрген саяси сауатсыздық пен азаматтық жәдігөйлікке сәл ғана түсінік бере кеткім келеді.

Бірінші уәж: Әлихан Бөкейхановтың массондық идеяға қатысы қандай?

Әлихан Бөкейханов – ұлттық саясаткер. Ұлт тәуелсіздігі жолында ықпалы тиетін барлық мүмкіндікті пайдалануға мәжбүр. Ал 1905 жылы ұлттық автономия, патшаны тақтан түсіру, конституциялық демократия орнату, бұратана ұлттарға – нәсіліне, дінінен қарамастан азаттық беру, өзінің даму жолын анықтауға ерік беру мәселесін кім көтерді? Кадет партиясы көтерді. Ендеше, «бұратана ұлттарға – нәсіліне, дініне қарамастан азаттық беру, өзінің даму жолын анықтауға ерік беруді» мақсат етіп қойған саяси партияның құрамына Әлихан Бөкейханов неге кірмеуі тиіс? Конституциялық демократия партиясы өзінің күрес жолына: адамға адам – бауыр, дос, бірің – бәрің үшін, бәрің – бірің үшін, нәсілдік, ұлттық, діндік, әлеуметтік теңдік, азаматтық қоғам сияқты тура өзіміз ұрандатып өскен коммунизмнің принциптерін негіз етіп алды. Міне, сол мақсатқа жету үшін Әлихан Бөкейханов кадет партиясына өтті. Бұл мақсатқа жету жолында бауырлас түркі халықтарының ұлт зиялылары да топтасты.

Соның нәтижесінде Ресей мұсылмандарының бірінші құрылтайын ұйымдастыруға мүмкіндік алды. Сол құрылтайда көтерілген жасыл тудың шылауымен 1917 жылы 1-11 мамыр аралығында Мәскеу қаласында өткен І Бүкілресейлік мұсылмандар құрылтайына Х.Досмұхамедов, Ж.Досмұхамедов, Ғ.Әлібеков, К.Жәленов, Ғұбайдолла және Дәулет ишандар, У.Танашев пен Ш.Бекмұхамедов қатысты. Бұл құрылтай Ресей бодандығындағы мұсылмандарды ғана біріктіріп қойған жоқ, сонымен қатар тәуелсіз республика туралы мәселе ашық мінбеде көтерілген тұңғыш бас қосу болды.

Ал 1917 жылы Керенский:

«Түркістан мен дала облыстары Тула немесе Тамбов облыстары емес. Ағылшындар немесе француздар өздерінің отарларына қалай қараса, біз де оларға (яғни, қазақтарға – Т.Ж.) солай қарауымыз керек»,– деп мәлімдеме жасағаннан кейін Ә.Бөкейханов ресми түрде кадет партиясынан шықты.

Өйткені, бұл кезде қазақ арасында дербес партия құру мәселесі толық пісіп-жетілген еді. Ә.Бөкейханов өзінің бұл шешімін:

кадет партиясының мақсаты – ұлттық автономия жариялауға қарсы болғандықтан да, Алаш идеясына сәйкес келмегендіктен де, оның құрамынан шығамын – деді.

Міне, бұл кез-келген саясаткер ұстанатын күрес тәсілі. Осындайда Аятолла Хомейнидің өзінің күнделігіне: «Мен дінім үшін (ұлтым үшін деп түсініңіз – Т.Ж.) шайтанмен де жұмыс істеуге әзірмін» – деген сөзі еске түседі. Ә.Бөкейханов та алаштың азаттығына қол жеткізу үшін барлық саяси әдіс-тәсілден бас тартқан жоқ.

Сол үшін де азамат соғысы жылдары «Алашорда» үкіметі Құрылтай үкіметінің құрамына кірді. Ондағы мақсаттарын сұраған түрме тергеушісіне Х.Досмұхамедов:

«Құрылтайдың тапсыруымен Орал қазақтарының басқару құрылымын жасадым, ол еш өзгеріссіз құрылтайда бекітілді. Кейінгі демократиялық өзерістердің барысында ол жеке кітапша боп басылып шықты. Құрылтай: монархияға – демократияның құлдығының символы, бір халықты екінші халыққа арандатудың ошағы ретінде баға берді. Егерде: барлық халықтардың өзін-өзі билеуіне ерік берілген жағдайда және барлық державалар қарусыздандырылса, онда құрылтай өкілдері ешқандай аннекциясыз, контрибуциясыз бейбіт келісім жасауды жақтайтынын мәлімдеді. Жалпыға ортақ ашық және жасырын дауыспен сайланған Құрылтай жиналысы – Россияның мелекеттік заңдық құрылымы ретінде танылды, өзінің санына байланысты әр ұлттың өкілі мемлекеттік мекемелерге қабылданатын болсын деп шешім шығарды»,– деп жауап берді.

Екінші уәж: Әлихан Бөкейхановқа қаратыла жиі айтылатын «шоқыншы», «еуропашыл», мұсылмандыққа қарсы деген пайымсыз байбаламға байланысты айтарымыз мынау. Кеңестік жетпіс жылда біздің діни танымымыз толықтай тоқырауға ұшырап, өзіміздің мұсылмандық тарихатымыздан айырылып қалдық. Бізге бұйырылған жол – имам Ағзамның жолы ғой. Бұл туралы Абайдың 17 түрлі тәпсірлі түсінігі бар. Ол Абайдың «Имамсыздық намазда қызылбастар салған жол» – деген түсінігімен тікелей байланысты. Қадыми діншілдердің кесірінен мұсылман әлемі жаратылыстану мен өнеркәсіптік ғылымнан мүлдем ажырап қалды. Қазақ, өзбек, қырғыз, түрікмен, тәжіктер әлі де өнеркәсіптік ғылымды жатырқап келеді. Соның нәтижесінде, ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырда бүкіл мұсылман қауымы отарланып қалды. Соған қарсы мұсылман және түркі әлемінде жадидтік ағым мен саяси күрес басталды. С.Асфандияров: «Алаш идеясының оянуына әсер еткен – жәдидтік бағыт пен күрес»,– деп ашық жазған. Ал Өзбекстан мен Түркменстандағы 1927 жылға дейінгі созылған басмашылар соғысы – тек кеңеске қарсы соғыс емес, ол қадым мен жәдидшілердің арасындағы азаматтық соғыс болатын. М.Тынышбаевтің Қоқан автономиясының премьер-министрлігінен бас тартуының өзі сол екі ағымның бітіспейтін майданының кесірі еді.

Үшінші уәж: 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі туралы мына пікірді атап өткім келеді.

1916 жылы 3 ақпанда Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, Н.Бегімбетов Петроградқа барып, әскери министр генерал Поливановқа жолығып, қазақтарды әскерге алу мәселесін жеткізді. Ондағы басты мақсат: қазіргі заманның қару-жарағының тілін білмей, тұрақты әскерге тартылмай ұлттық тәуелсіздік туралы қиялдауға да болмайтын. Мұны алаштықтар: келешек ұрпақтың алдындағы парызымыз, – деп түсінді. Заманның беталысы ұлттан соны талап етті. Саналы армиясыз «сәулетті, еркін күнді» аңсаудың өзі надандық болатын.

Төртінші уәж: осы Түркістан идеясы деген не? Ол Қазақстанның тәуелсіздігіне кепілдік беретін идея ма, жоқ па? – деген сұраққа тарихшыларымыз тура жауап бермей, бетін бүркемелеп келеді. Сол идеяны өткізу үшін кейбір «тарихшылар» кешегі алаш ұранды азаматтарды қолдан жікке бөлді: олардың қателігі – Түркістан иедясын бөліспеді, ана тұлғаға, мына тұлғаға қарсы шықты – десті. Сонда, 1991 жылы тәуелсіздік жарияланғанда, оның тәуелсіздігін таныған елу төрт ел қандай мемлекетті, оның қандай шекарасын мойындады? Ол шекара қашан және қалай құрылды, олардың басында кім тұр еді? Өткен жылы Қазақстанның мемлекеттік шекарасының бектіліп, автономиялы мемлекет болып жарияланғанына 90 жыл толды. «Одақтас республикалардың кез-келген уақытта дербес мемлекет ретінде СССР-дің құрамынан бөлініп кетуіне құқы бар» – деген бапты кімдер кеңестің конституциясына кіргізіп еді? Әрине, оның ішінде Украина мен Грузия өкілдері, «Алашорда» үкіметінің көсемдері, оның ішінде тікелей осы мәселемен айналысқан Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, Ә.Ермеков, Х. және Ж.Досмұхамедовтер бар. Егер Түркістан идеясын қолдаса, онда солтүстіктегі бес облыс – Ресейге, оңтүстіктегі бес облыс – Өзбекстанға қалар еді. «Алашордашылардың» мақсаты – біртұтас қазақ мемлекетін құру. Бұған Х.Досмұхамедовтің түрмедегі тергеушіге берген мына жауабы дәйек бола алады. Онда:

«Қазақстан жағырапиялық жағынан біртұтас мемлекет ретінде басқарылуы тиіс. Барлық жоғарғы лауазымдар сайланып қойылуы керек. Егерде Кеңес өкіметі саяси еркіндік жариялап, еркін партия құруға мүмкіндік берсе, оларға да осы талапты қою керек – дестік. Бұл бағдарламаға Тынышбаев екеуміз қандай үлес қоссақ, Жаһанша Досмұхамедов те сондай дәрежеде белсене қатысты.

«Ұйымның басты құрылымы екі жағдайды ескере отырып қарастырылды: бірінші, кеңес өкіметі құлаған жағдайда, екінші Әнуар паша жеңілген жағдайда не істеу керектігі басты назарға алынды… Біз ол кезде сіздердің федерация туралы шешімдеріңізді білмейтін едік, ол кезде Түркістанды өзбек басшылары билеп-төстейтін, жобаны жасаған да солар болатын. Қазақтардың өзбектермен аралас тұратынына қарамастан, біз өзбектердің бұл ұсынысына мүлдем қарсы болдық. Өйткені біздің басты мақсатымыз – барлық қазақтың басын қосу болатын. Біз тіпті қытайдағы қазақтарды да қосып алудың жолын қарастырдық. Әрине, олар өздері мекендеп отырған территориясымен қазақтың құрамына кіру керек – деп есептедік. Бұл жоспар сол қиял күйінде қалды, іс жүзінде еш нәрсе де атқарылған жоқ. Бұған қазақстандық қазақтардың қалай қарайтыны маған белгісіз. Жат жердегілердің жағдайы өте ауыр күйде, өмір сүру дәрежесі төмен, сондықтан да бірігуге қарсы бола қоймас деп ойладық», – деп атап көрсетті.

Міне, Бөкейхановтың да түпкі мақсаты мақсаты осы еді.

Бесінші уәж: біз, «Алашорда» мен Ә.Бөкейханов туралы сөз еткенде саяси эмиграция мәселесіне баса көңіл бөліп, кейде жалаң жанашырлыққа дейін барып жүрміз. Алайда біз ұлттық идея үшін күрескен зиялылардың саяси эмиграция туралы:

««Қазақтың – Қазақстаннан басқа отаны жоқ. Сондықтан да қазақ үкіметінің мүшелері қазақ ішінде қалуы тиіс. Егерде біз теңдікке қол жеткізгіміз келсе, онда қазірден бастап тереңдеп ойламасақ болмайды. Бүгін не ексек, ертең соны орамыз»,– деген астыртын уағдаластығын олардың күрес жолындағы таңдауы ретінде сыйлауымыз керек.

Өмірдің өзі көрсетіп отырғанындай, егерде алаш зиялылары жаппай эмиграцияға кеткенде, онда 1920-1930 жылдар арасындағы ағарту және ғылым саласындағы еңбектер дүниеге келер ме еді? Ол еңбектер жазылмаса қазіргі қазақ тілінен бастап алгебра, геометрия, биология, физика, зоология, жағырафия терминдері қалай қалыптасар еді? Сонымен қатар, түпкі күрес мақсатына жете алмаса да, жоғарыдағы бес тұжырым үшін күрескен С.Сәдуақасов сияқты жас қайраткерлер қалыптасар ма еді, Қазақстандағы саяси ахуал мен саяси күрес қалай бет алар еді?

Міне, Алаш идеясы мен оның көсемі Әлихан Бөкейхановтың ұлттың толықтай бостандығы жолында ұстаған ұстанымының бір тарамы осындай. Менің ойымша, бұл идея – мәңгілік және қазақ ұлты өмір сүріп тұрған жағдайда күн тәртібінен түспейді деп ойлаймын.

4 – Міржақып Дулатұлы

Міржақып Дулатұлы (1885 жыл, қарашаның 25 – 1935 жыл, қазанның 5) — қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын, жазушы, жалынды көсемсөз шебері, либералды-демократияшыл зиялылардың бірі.

Туған жері — Торғай уезінің, Сарықопа облысының бірінші ауылы (қaзipri Қостанай облысының Жанкелді ауданына қарасты «Қызбел» ауылы). Әкесі — Дулат аймағына аты шыққан шебер кісі болған, ер тұрман жасап, етік, мәсі тіккен. Шешесі — Дәмеш ойын тойдың базары, әнші кісі болған. Әкесі балаларын жастайынан оқуға береді. Алғашқыда бала Міржақып ауыл молдасынан оқып, хат таниды. Молдадан екі жыл оқығаннан кейін, 1897-1902 жылдары, ауыл мектебінде орысша оқытатын Мұқан мұғалімнен дәріс алады. Бұл мектеп Міржақыптың білімін толықтырумен қатар, азамат ретінде қалыптасуына да аса зор ықпал жасайды, Мұқан мұғалім ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин іргетасын қалаған оқу орнының, дәлірек айтқанда, Торғай қаласындағы уездік орыс-қазақ мектебінің түлегі болатын. Өз шәкірттеріне де ол осы рухта тәлім-тәрбие, терең білім береді.

Міржақып анасынан екі жасында, әкесінен он екі жасында айырылып, ағасы Асқардың қолында тәрбиеленеді. Асқар әкесі Дулаттың Міржақыптың оқып, білімді азамат болып, өсуін армандаған тілегіне сай, інісінің оқуын әрі жалғап, білім алуына ерекше көңіл бөледі. Ауылда туып, ауылда өскен, ауылда оқып, ауылда қызмет етіп, «ауыл мұғалімі» атанған зерделі жас ауыл тұрғындарының ауыр тұрмысын, теңдігі жоқ аянышты хәлін көріп, түңіле түршігіп, тебірене толқиды.

Бұл кезең патша өкіметінің отаршылдықты қазақ даласында күрт күшейтіп, қалың елге тізесін қатты батырып тұрған шағы болатын. Бұл жағдай сол кездегі қазақтың көзі ашық, оқыған, зиялы азаматтарына қозғау салды. Наразылық туды. Күресудің жолдары қарастырылып жатты. Оның негізгі жолы ретінде оқуға, білім алуға ұмтылыс күшейді. Бірте-бірте халық саяси құбылысқа айналып, ел ішінде отаршыл саясатқа қарсы ұлт-азаттық идеялары туындады. Патшалық Ресей де бірінші буржуазиялық-демократиялық дүмпудің қарсаңында болатын.

Езілген еліне ес болуға, жоғын жоқтап, мұңын мұңдауға серт байлайды. Халық ісіне бар болмысымен бүтіндей беріліп, «Қалғанша жарты жаңқам мен сенікі, Пайдалан шаруаңа жараса, алаш!» деп бар даусымен жар салады.

Өз бетінше талпынып, білім жинап, орыс тілін жетік меңгерген Міржақып орыстың озық ойлы азаматтарының еңбектерімен танысуы арқасында замана тозаңын суырып, дүниені дүр сілкіндірер дауылды күндердің тақап келе жатқанын өзгелерден бұрын сезеді.

Міне, осындай күрделі кезеңде, 1904 жылы Міржақып Омбы қаласына келеді. Осында ұлт зиялыларының ұстазы Ахмет Байтұрсынұлымен кездеседі. Бұдан кейінгі уақытта біpi — ұстаз, бipi — ізбасары ретінде жұптарын жазбайды. 1905 жылы Міржақып Ахмет Байтұрсынұлымен бipre Қарқаралыдағы саяси-бұқаралық жұмыстарға қатысады. 1905 жылы патша өкіметіне қазақ халкының атынан петиция жазушылардың қатарында болады.

Кең даласында алаңсыз өмір сүріп, мал бағып жатқан бейқам халқын: «Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты, Өткізбей қараңғыда бекер жасты» деп жырымен жұлқылап оятып, оларды білімге, ел үшін пайдалы іс әрекетке шақырады. Бүкіл халықтың еркіндікке жетуінің басты шарты түнек болып торлаған қараңғылық ұйқысынан ояну, дүр сілкініп, надандықтан арылу деп білген ол: «Оян, қазақ!» деп ұрандаудан танған жоқ. Сондықтан да оның үні қалың ұйқыдағы қазағын құлағының түбінен «маса» болып, маза бермей ызыңдап оятуды мұрат тұтқан өзінен он екі жас үлкен рухани ағасы Ахмет Байтұрсынұлының үнімен қатар естіліп, қазақ даласын қатар шарлады. Сол егіз үн тарих мінбесінен қатар көрінген екі алыптың қашан соңғы демдері таусылғанша, тағдыр талқысымен екеуі екі жақта жүрсе де, қуғынға түсіп, қамауға алынса да үзілмей, қатар естіліп тұрды. Ол екеуі екі атадан туса да, бір туған бауыр еді, екі баспен ойласа да, қорытар ойы бір еді, екі ауызбен сөйлесе де, шығар сөзі бір еді. Өйткені оларды туыстырған халқының мүддесі, ойландырған халқының қамы, сөйлеткен халқының мұң зары болатын. Сондықтан да халқы оларды жанашыр жақыным деп білді, олардың жұбын жазбай, «Ахаң, Жахаң» деп бірге атады. Пенделік бар қазақтан бас тартап, халқының бақыты үшін күрескен есіл ерлерді өз халқының жауы атандырып, кешегі күні Қызылдың қызылкөз жендеттері екеуін еріксіз айырып, екі жерде атып өлтіріп, атын өшіреміз дегенде де халқы олардың асыл есімдерін есінен шығарған жоқ, аялап жүрегінде сақтады, ардақ тұтты.

1906 жылы Петербургке барып қайтады. Бұл сапарынан ол саяси күрескер ғана емес, шабытты ақын болып оралады. 1907 жылы Петербургте шыққан «Серке» газетіне “Жастарға» деген өлеңін, бүркенпік атпен «Біздің мақсатымыз» деген мақала жариялайды. Мақалада Міржақып қазақ халқының басындағы қиын жағдайдың анық себептерін саралап, отарлық саясатты әшкерелейді. Патша өкіметі мақала авторын тұтқындамақ болғанмен, бүркеншік аттың иесін таба алмайды. 1909 жылы Петербургте М. Дулатұлының «Оян, қазақ!» атты өлеңдер жинағы жарық көреді. Бұл кітап та патша әкімшілігінің қуғындауына ұшырайды.

1913 жылы ол Ахмет Байтұрсынұлымен бipre «Қазақ» газетін шығарып, басылымның бұдан кейінгі жұмысына белсене араласады. 1920 жылы Ташкентке келіп, сондағы “Ақ жол» газетінде қызмет атқарады. 1922 жылы жазықсыз қамауға алынады. Түрмеден шыққан соң, 1922-1926 жылы Орынбордағы ағарту институтында оқытушы болады. 1928 жылдың аяғында бip топ қазақ зиялыларымен бipre қамауға алынады да, он жылға сотталып, 1935 жылы тұтқында қайтыс болады.

Міржақып Дулатұлы — әдебиеттің әр түрлі жанрына қалам тартқан қаламгер. Алғашқы кітабы — «Оян, қазақ!» деген атпен Петербург қаласындағы жарық көрген өлең жинағы. Одан кейін 1913 жылы Орьнборда «Азамат», ал 1915 жылы «Терме» атты өлеңдер кітаптары басылып шығады. Ақын өлеңдерінің басты такырыбы—ел тағдыры болды. Алғашқы кітабы «Оян, қазақ!» жұртшылық арасында ауыздан-ауызға, қолдан-қолға тез тарап кетеді. Қайта басылады. Кітаптың нeriзгi мазмұны халықты оятуға, әділетсіздікпен күресуге шақырған өлеңдер құрады. Сол себепті де кітап тұтқындалып, авторы қуғынға ұшырайды.

Өзінің шығармашылық жолын ә дегеннен өлеңнен бастаған Міржақып проза жанрына да қалам сілтейді. 1910 жылы оның осы жанрдағы туындысы «Бақытсыз Жамал» романы Қазан қаласында басылып шықты. Бұл – қазақ әдебиетіндегі таза көркем проза үлгісінде туған тұңғыш роман еді. Кітап 1914 жылы екінші peт басылды.

Бұл жылдары Міржақып бірқатар мақалалар мен фельетондар жазады. 1922 жылы Ташкентте екі бөлімнен тұратын «Есеп кұралы» оқулығын бастырады. «Балқия» пьесасын жазады.

М. Дулатұлының шығармалары қазақ елінің тәуелсіздік алған кезінен бастап кеңінен жариялана бастады. 1991 жылы шығармаларының бip томдық, ал 1996-1997 жылдары екі томдық жинақтары жарык көрді. М. Дулатұлы шығармашылығы жөнінде ғылыми зерттеулер жүргізіліп, бірқатар кітаптар мен мақалалар жарияланды.

Өзінің алғашқы өлеңдерінен бастап туған халқының тағдырындағы қиындықтар мен ауыртпалықтардың сырына үңіліп, оның әлеуметтік тамырын әшкерелеуді мақсат еткен ақын Міржақьш «Оян, қазақ!» атты тұңғыш өлеңдер жинағьн мынандай өлең жолдарымен бастайды:

Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты,

Өткізбей қараңғыда бекер жасты.

Жер кeттi, дін нашарлап, хал һарам боп,

Қазағым, енді жату жарамас- ты.

Ресей патшасының отарлау саясаты, қазақ жұртының хал-жағдайы, өнер-білімнің аздығы, басқа да түрлі қacipeттep осы төрт жолға сыйып тұрған секілді. Онын үстіне бұл жолдарды Міржақып шығармашылығының өне бойына тартылған темірқазық, идеяның басты бағдардың көрінісі деуге де болады. Ақын үшін халқының өмірін жырлаудан асқан мәртебелі тақырып жоқ. Көп өлеңдерінде ол қазақ елінің ауыртпалықтағы, отарлық езгідегі жағдайын баяндай келіп, елдің мүддесіне қызмет ету—әpбip азаматтың парызы деген тұжырым жасайды. Атап айтқанда, «Қазақ халқының бұрынғы һәм бүгінгі халі», «Таршылық халіміз хақында аз мінәжат», «Сайлаулар хақында», «Жастарға», “Қазақтың ру басшыларына», «Атқамінер сұмдарға», тәрізді өлеңдерінде қазақ қоғамының сипаты, ондағы адамдар психологиясы, соларды көрген ақынның өкінішті күйі анық бейнеленген. Ақынның сол тақырыптағы шығармаларының бipi — «Шағым» өлеңі.

…Бір қарағанда «Шағым» өлеңі ақынның аз ғана сәттік көңіл күйінен туған тәрізді. Әйтсе де мұнда жеке бастың мұңынан гөpi әлеуметтік ой басым жатыр. Ел ішіндегі білімсіздік, бойкүйездік, жалқаулық, енжарлық, алауыздық тәрізді тольш жатқан кеселдерді көре тұрып, ақын мұңаяды. Тығырыққа тірелгендей болады.

Жүректен қашан шығар қадалған оқ,

Жандырған жанды нахақ сөнер ме шоқ?

Қажыған қам көңілді бip көтерер

Жанымда жан ашитын адам да жоқ, —

деп Міржақыптың өзі айтқандай, халқының тұрмысындағы әлгіндей керітартпа кемшіліктер оның жүрегіне оқ болып қадалады. Сондай сәттерде айналасынан өзіне серік болатын, тірек болатын адам іздейді. Таппай көңілі құлазиды. Дегенмен ақынның мұңы терең қайғыға ұласьш кетпейді. Өлеңінің соңында: «Әділдік аста қалған еш күні жоқ», — деп, түптің түбінде әділдіктің жеңетініне сенеді. Сол жолда өзінің бар күшін, өмірін аямайтынын былайша жеткізеді:

Мен біткен ойпаң жерге аласа ағаш,

Емеспін жемісі көп тамаша ағаш

Қалғанша жарты жаңқам мен сенікі —

Пайдалан шаруаңа жараса, алаш!

Аталған өлең азамат ақынның алдына қойған мақсатын қаншалықты айқын түсінетінін байқатады. Ақынның мақсаты—халқының тағдырына ара түсу, елі үшін еңбек етуге, бел буу. Сол себепті де ақынның өлеңдері ел ішіндегі надандықты, әділетсіздікті әшкерелейді, олардан арылудың жолын іздейді. Мәселен, «Таршылық халіміз хақында аз мінәжат» өлеңінде қазақ ауылының көpiнісі суреттелш, ондағы ішкен-жегенге мәз, жайбарақат тіршіліктің беті ашылады. Ел ішіндегі бірліктің, ынтымақ пен бірауыздылықтың жоқтығын айта отырып, ақын ел билеу жүйесіндегі жүгенсіздік пен әділетсіздікті сынға алады.

Міржақыптың осы тәрізді азаматтық, әлеуметтік сарындағы өлеңдерінің тақырыбы да, айтар ойы да, кұрылысы да, айтылу ерекшеліктері де әр алуан. Ақын бірде халықтың тағдырын, бүгінгісі мен келешегін толғаса, бірде жастарды оқу-білімге шақырған насихат айтады немесе күнделікті өмірдегі құбылыстарға қатысты адамгершілік мәселесін қозғайды, ал енді бірде патша өкіметінің озбыр саясатын, ел билеушілердің әділетсіздігін сынайды.

Міржақьш қаламынан туған көркем де күрделі туынды — «Алашқа» өлеңі. Ақын халқына қарата сөйлеп, оның өткендегі өмірін есіне түсіріп, жақсы мен жаманды, кешегі мен бүгінгіні салыстыра отырып, бірқатар әлеуметтік шындықтың бетін ашады.

Ақын алдымен күні кеше төскейі төрт түлік малға толған бетегелі қырлардың, онда көшіп-қонған берекелі ауылдардың сәнін әсем суреттейді, ел баскарған ақылды хандар мен билерді еске алады.

Салтанат Сарыарқада кұрған қазақ,

Толықсып жүрген кеше күнің қайда? —

деп келе, ел ішінен халқының сөзін сөйлейтін шешендер мен елін, жерін қорғайтын ерлер, ақылдың кені іспетті дана қарияларын іздейді. Солар бар жерде елдің берекесі де артык болмақ

Бірақ өмір Міржақьш ойлағандай емес. Би — парашыл, қарттары — қарау. Бірлік жоқ, алауыздық үстем. Ақын осыған өкінеді.

Алашым, айтқанды алсаң, без бұлардан

Еш нәрсе тәуіп бермес, білгенге ермес.

Қой бағьш қасқыр қашан опа қылған,

Көре бер өз бетіңмен күніңді өлмес,

— деп, туған халқын ойлануға шақырады. Қойды қасқырға бақтырғандай әділетсіз заманның жайын түсіндіреді. Ел басқарушы залымдарға сенбей, өз күшімен күн көру қажеттігін айтады.

Мiржақып ел ішіндегі кемшіліктерді әшкерелей отырып, халқына одан арылудың жолын көрсетеді. Өзінің «Шәкірт», “Насихат ғумумия» тәрізді бірқатар өлеңдерінде өнер мен білім жинаудың пайдасын бipiншi кезекке қояды. Tіпті адамгершіліктің өзі білімнен, оқудан басталады деген ой айтады.

1924 жылы Қазақ білімпаздарының тұңғыш сиезіне қатысып, сөз сөйлейді. Екі бөлімді «Есеп құралын», «Балқия» атты пьесасын, библиографиялық көрсеткішін жарыққа шығарды. Кеңестік тоталитарлық жүйе оны 1928 жылы тұтқындады. 1930 жылы Ақтеңіз-Балтық каналының жұмысына жер аударды. Қайраткер 1935 жылы 5 қазанда Сосновец жерінде дүние салды. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін сүйегі туған жеріне әкелініп жерленді.

Сонымен, Қазаққа қатысты тарихтың көне Түркістанды айналып өткен жері жоқ. Ұлт руханиятының бесігі саналатын Түркістан басынан талай жақсы күндерді де, қиын-қыстау заманды да, қуанышты да, қайғыны да өткізген. Хатта қалмағандары жадта қалған.

Okg.kz дереккөздерінде Түркістан бойынша репрессия құрбандарының тізімі көрсетілген:

  1. АБДЕСОВ Қары – 1880 жылы туған. Түркістан қаласында тұрған. Маусымдық жұмыста жұмыс істеген. 1941 жылы 7 шілдеде сотталған. 1956 жылы 29 шілдеде ақталған.
  2. АБДУЛАСЕНОВ Абдулахан – 1902 жылы туған. Түркістан ауданы, Қарнақ селосында тұрған.
  3. АБДУЛЛИН Шогман – 1908 жылы туған. Түркістан қаласы, Қызылорда көшесі, №4 үйде тұрған. Госстрахта инспектор болып жұмыс істеген. 1937 жылы 28 тамызда сотталған. 1957 жылы 2 тамызда ақталған.
  4. АБДУЛЛАЕВ Каюм – 1899 жылы туған. Тұрған жері – Түркістан стансасы, жұмыс орны аудандық Внуторгта салық жинаушы болып қызмет істеген. 1938 жылы 15 қазанда сотталған. 1962 жылы 2 қыркүйекте ақталған.
  5. АБДУЛЛАХОДЖАЕВ Исматулла – 1868 жылы туған. Туған жері – Түркістан қаласы, Қарнақ көшесі, №43 үй. Мешітте молда болған. 1937 жылы 30 желтоқсанда сотталған. 1954 жылы 14 тамызда ақталған.
  6. АБДУЛЛИН Баймахан Әлішерұлы – 1901 жылы туған. Тұрған жері – Түркістан ауданы, Ащысай руднигі, АХО-да жұмыс істеген. 1938 жылы 28 ақпанда сотталған. 1997 жылы 23 сәуірде ақталған.
  7. АБДУРАХМАНОВ Абдувахап – 1899 жылы Түркістан қаласында туған. Түркістан қалалық Кеңесінің төрағасы. 1938 жылы 14 ақпанда сотталған. 1963 жылы 30 қазанда ақталған.
  8. АБДУРАХМАНОВ Қасым – 1892 жылы Қытайда туған, күзеті болған. 1938 жылы 5 қыркүйекте сотталған. 1989 жылы 25 тамызда ақталған.
  9. АБДУРАХМЕНОВ Құрбан – 1893 жылы туған. Түркістан қаласы, Еңбекші артелінде арбакеш болған. 1938 жылы 11 ақпанда сотталған. 1963 жылы 21 қазанда ақталған.
  10. АБДУРАХМАНОВ Сайт-наби – 1868 жылы туған. Түркістан қаласында сатушы болған. 1930 жылы 9 сәуірде сотталған. 1958 жылы 9 қазанда ақталған.
  11. АБДУРАХМАНОВ Хиския Израилович – 1877 жылы Түркістан қаласында туған. Саудагер болған. 1938 жылы 15 қазанда сотталған. 1957 жылы 23 қарашада ақталған.
  12. АБДУСАМАТОВ Абдураим – 1909 жылы туған. Түркістан қаласында тұрған, жұмыс істемеген. 1930 жылы 9 сәуірде сотталған. 1958 жылы 9 қазанда ақталған.
  13. АБДУСАТТАРОВ Исмаил – 1864 жылы туған. Түркістан қаласында тұрған, жұмыс істемеген. 1930 жылы 9 сәуірде сотталған. 1958 жылы 9 қазанда ақталған.
  14. АБДУЛЛАХОДЖАЕВ Исматулла – 1868 жылы Түркістан қаласында туған, 1937 жылы 30 желтоқсанда сотталған. 1958 жылы 30 қаңтарда ақталған.
  15. АБИШЕВ Тулеген – 1903 жылы туған. Түркістан стансасы, Ащысай полиметалл теміржолында жол қараушы болып жұмыс істеген. 1938 жылы 28 шілдеде сотталған. 1971 жылы 25 тамызда ақталған.
  16. АБСАМЕТОВ Абдужаппар – 1885 жылы туған. Түркістан стансасында тұрған, жұмыс істемеген. 1938 жылы 15 қазанда сотталған. 1989 жылы 26 маусымда ақталған.
  17. АБСАМАТОВ Абсаттар – 1893 жылы туған. Түркістан стансасында тұрған. 1938 жылы 15 қазанда сотталған. 1989 жылы 26 маусымда ақталған.
  18. АВЕКИЕВ Сергей Кириллович – 1905 жылы туған. Түркістан ауданы, Ащысай руднигінде плановик болып жұмыс істеген. 1938 жылы 30 қыркүйекте сотталған. 1989 жылы 4 тамызда ақталған.
  19. АЛДАШУКУРОВ Құрбан – 1904 жылы туған. Тұрған жері – Түркістан ауданы, Корчагин. 1937 жылы 19 шілдеде сотталған. 1989 жылы 31 мамырда ақталған.
  20. АЛДИЯРОВ Мухитдин – 1905 жылы туған. Түркістан қаласында тұрған. Түркістан аудандық партия комитетінде насихатшы болып жұмыс істеген. 1937 жылы 28 қарашада сотталған. 1963 жылы 28 желтоқсанда ақталған.
  21. АЛИЕВ Агажан – 1909 жылы туған. Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтаарал ауданында жұмысшы болған. 1938 жылы 26 қазанда сотталған. 1989 жылы 3 тамызда ақталған.
  22. АМАНТАЕВ Джағанша – 1911 жылы туған. Түркістан ауданы, Ащысай поселкесі. Ащысай руднигіндегі асхана меңгерушісі болып жұмыс істеген. 1937 жылы 28 қыркүйекте сотталған. 1960 жылы 9 тамызда ақталған.
  23. АНАРБАЕВ Асет – 1908 жылы туған. Түркістан ауданы, Қарнақ ауылында тұрған, диқан болған. 1930 жылы 20 мамырда сотталған. 1993 жылы 29 қазанда ақталған.
  24. АНДРЕС Зельман – 1896 жылы Польшаның Собота қаласында туған. Түркістан қаласындағы Буденный атындағы мектепте мүғалім болған. 1942 жылы 2 қыркүйекте сотталған. 1990 жылы 4 мамырда ақталған.
  25. АНЧИКОВ Иван Иванович – 1893 жылы туған. Түркістан қаласында тұрған. Қалалық ауруханада жұмыс атқарған. 1938 жылы 10 қазанда сотталған. 1959 жылы 5 наурызда ақталған.
  26. АСЕТДИНОВ Уркуш – 1903 жылы туған. Түркістан ауданы, Қарнақ ауылында тұрған, жұмыс істемеген. 1930 жылы 20 мамырда сотталған. 1999 жылы 26 ақпанда ақталған.
  27. АСҚАРОВ Есім – 1893 жылы туған. Түркістан ауданында тұрған, еңбек артелінде аға есепші болған. 1938 жылы 5 қыркүйекте  сотталған. 1958 жылы 16 қыркүйекте  ақталған.
  28. АСЫЛБЕКОВ Қадырбай – туған жері Түркістан ауданы, Ащысай поселкесі. Шымкент қаласының жер бөлімі, Түркістан жер бөлімі. 1937 жылы 28 қыркүйекте  сотталған. 1960 жылы 3 тамызда ақталған.
  29. АСЫЛБЕКОВА Кульджан – 1920 жылы туған. Түрған жері – Түркістан ауданы, Хантағы қыстағы. Хантағы руднигінде лебедчица болып жұмыс істеген. 1945 жылы 5 ақпанда сотталған. 1945 жылы 5 наурызда ақталған.
  30. АТАЖАНОВ Ибай – 1887 жылы туған. Түркістан ауданы Карачинде тұрған. Әртүрлі жұмыстар істеген. 1937 жылы 19 шілдеде сотталған. 1989 жылы 31 мамырда ақталған.
  31. АТАДЖАНОВ Қонбай – 1896 жылы туған. Тұрған жері – Түркістан ауданы, «Ынталы» колхозында төраға болып жұмыс атқарған. 1938 жылы 14 ақпанда сотталған. 1961 жылы 6 сәуірде ақталған.
  32. АТАХОДЖАЕВ Ташходжа – 1898 жылы туған. Тұрған жері – Түркістан қаласы, жұмыс істемеген. 1938 жылы 28 наурызда сотталған. 1989 жылы 26 шілдеде ақталған.
  33. АТАШЕВ Ахмет – 1866 жылы туған. Түркістан, Оранғай ауылында тұрған, жұмыс істемеген. 1937 жылы 27 қыркүйекте  сотталған. 1989 жылы 30 мамырда ақталған.
  34. АТАНСАНОВ Ибат –  Түркістан ауданында туған, колхозшы. 1937 жылы 5 қыркүйекте  сотталған. 1989 жылы 31 наурызда ақталған.
  35. АХМЕТОВ Патша – 1908 жылы туған. Түркістан қаласында асханада аспазшы болған. 1938 жылы 26 шілдеде сотталған. 1989 жылы 26 шілдеде ақталған.
  36. АХМЕТОВ Судан – 1886 жылы туған. Түркістан ауданы, Ащысай поселкесіндегі рудникте жұмысшы болған. 1937 жылы 5 қыркүйекте сотталған. 1957 жылы 16 мамырда ақталған.
  37. Әбдірахманов Моша – 1895 жылы Түркістан қаласында туған, қазақ. Түркістандағы №1 сырахананың меңгерушісі. 1938 жылы 15 қазанда сотталған. 1957 жылы 25 қарашада ақталған.
  38. ӘБДІҒАЛИЕВ Темірғали – 1912 жылы Қарағанды облысында туған, қазақ. Түркістан ауданы бойынша қаржы тексерушісі. 1942 жылы 31 наурызда сотталған. 1957 жылы 17 шілдеде ақталған.
  39. ӘБДІШҮКІРОВ Әлихан – 1908 жылы Түркістан қаласында туған, қазақ. Ащысай кенішінің жұмысшысы. 1938 жылы 14 ақпанда сотталған. 1957 жылы 14 наурызда ақталған.
  40. БАБАМЖАНОВ Рахменқұл – 1886 жылы туған. Түркістан ауданы, Еңбекші артелінде қойма меңгерушісі болған. 1938 жылы 11 ақпанда сотталған. 1963 жылы 21 қаңтарда ақталған.
  41. БАЙБЕРГЕНОВ Байзақ – 1893 жылы туған. Түркістан ауданы, «Өсектас» колхозында колхозшы болған. 1933 жылы 25 қыркүйекте сотталған. 1996 жылы 28 мамырда ақталған.
  42. БАЙБУЛАТОВ Нұрмыш – 1897 жылы туған. Түркістан ауданы, Қаражон ауылында ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істеген. 1936 жылы 14 ақпанда сотталған. 1961 жылы 6 шілдеде ақталған.
  43. БАЙЗАҚОВ Дәулетбай – 1883 жылы Түркістан ауданында туған, қазақ. Колхозшы. 1937 жылы 11 қазанда сотталған. 1957 жылы 11 сәуірде ақталған.
  44. БАЙМЕТОВА Хильвета-Кулгат – 1894 жылы Түркістан қаласында туған. 1937 жылы 27 қыркүйекте сотталған. 1989 жылы 31 мамырда ақталған.
  45. БАЙҒАРАЕВ Ибрайхан – 1903 жылы туған. Түркістан ауданы, Ащысай руднигінде шахтада забойщик болып жұмыс істеген. 1937 жылы 28 қарашада сотталған. 1956 жылы 3 қарашада ақталған.
  46. БАЙЖАНОВ Абдукарим – 1903 жылы туған. Түркістан ауданы, Хантағы ауылында рудниктің транспорт бөлімінің меңгерушісі болған. 1937 жылы 28 қарашада сотталған. 1955 жылы 30 шілдеде ақталған.
  47. БАЙЖАНОВ Шермет – 1905 жылы туған. Түркістан ауданы, «Бірлік» колхозында қойма меңгерушісі болған. 1938 жылы 30 қыркүйекте сотталған. 1964 жылы 8 қыркүйекте ақталған.
  48. БАЙЗАҚОВ Мәуленқұл – 1870 жылы туған. Түркістан ауданы, Шоқтас мал шаруашылығы фермасында ферма бастығы болған. 1937 жылы 19 қарашада сотталған. 1989 жылы 30 мамырда ақталған.
  49. БАЙМАХАНОВ Ақан – 1896 жылы туған. Түркістан ауданы, Ащысай ауылында рудникте откатчик болып жұмыс істеген. 1937 жылы 28 қыркүйекте сотталған. 1960 жылы 9 тамызда ақталған.
  50. БАКИМОВ Бурхан – 1901 жылы туған. Түркістан ауданы, Қарнақта тұрған. Жұмыс істемеген. 1930 жылы 20 мамырда сотталған. 1999 жылы 26 ақпанда ақталған.
  51. БАКМЕНКО Константин Игнатьевич – 1911 жылы туған. Түркістан ауданы, Ащысай руднигінде аға электро-монтер болып жұмыс істеген. 1937 жылы 30 желтоқсанда сотталған. 1958 жылы 11 қыркүйекте ақталған.
  52. БАЛТАЕВ Хашим – 1893 жылы туған. Түркістан қаласындағы асханада жұмысшы болған. 1938 жылы 5 қыркүйекте сотталған. 1989 жылы 25 тамызда ақталған.
  53. БАУАТДИНОВ Гулам – 1900 жылы туған. Түркістан қаласында – Жигулиде фермада атбақташы болған. 1938 жылы 2 қыркүйекте сотталған. 1989 жылы 28 шілдеде ақталған.
  54. БАХИЛЬБЕКОВ Абдуманап – 1902 жылы туған. Түркістан мақта зауытында меңгеруші болған. 1938 жылы 14 ақпанда сотталған. 1957 жылы 17 қазанда ақталған.
  55. БЕКМАМБЕТОВ Ташмембет – 1896 жылы туған. Түркістан ауданы, Қаражог ауылында ауылдық Совет председателі болған. 1938 жылы 14 ақпанда сотталған. 1961 жылы 6 шілдеде ақталған.
  56. БЕКТҰРСУНОВ Шаймерден – 1906 жылы туған. Түркістан қаласында орта мектептке мұғалім болған. 1942 жылы 31 наурызда сотталған. 1956 жылы 17 шілдеде ақталған.
  57. БЕЛИСАРОВ Досқұл – 1902 жылы туған. Түркістан ауданы, Ата ауылында (Атабай) тұрған, жұмыс істемеген. 1937 жылы 1 қарашада сотталған. 1956 жылы 30 желтоқсанда ақталған.
  58. БЕРТ Карл Михайлович – 1898 жылы Латвияда туған, латыш. Түркістан аудандық өкілетті комитетінде істеген. 1938 жылы 12 қазанда сотталған. 1958 жылы 28 шілдеде ақталған.
  59. БИСЕМБАЕВ Шаяхмет – 1876 жылы туған. Түркістан Ащысай руднигінде техник болып жұмыс істеген. 1937 жылы 28 қыркүйекте сотталған. 1956 жылы 18 тамызда ақталған.
  60. БИТЕБАРОВ Тулеш – 1902 жылы туған. Түркістан ауданы, Ащысай қыстағында тұрған, жұмыс істемеген. 1937 жылы 28 қыркүйекте сотталған. 1960 жылы 9 тамызда ақталған.
  61. БОСПАЕВ Әлішер – 1904 жылы туған. Түркістан ауданы, Ащысай руднигінде «десятник», «забойщик» болып жұмыс істеген. 1937 жылы 30 желтоқсанда сотталған. 17 шілдеде ақталған.
  62. БРАТИШКА Прокофий Павлович – 1884 жылы туған. Түркістан мақта зауытында шофер болып жұмыс істеген. 1938 жылы 15 қазанда сотталған. 1989 жылы 26 шілдеде ақталған.
  63. Бурнашев Ибрагими Мұхамеджанович – 1899 жылы туған. Түркістан мақта зауытында жұмыс істеген. 1938 жылы 14 ақпанда сотталған. 1957 жылы 17 қазанда ақталған.
  64. БУХАРОВ Исатай – 1895 жылы туған. Түркістан ауданы, Ащысай руднигінде ОРС-та сатушы болған. 1938 жылы 15 қазанда сотталған. 1959 жылы 16 сәуірде ақталған.
  65. БОРУХОВ Михаил Иосифович – 1909 жылы Түркістан қаласында туған, жер құрылыс маманы. 1938 жылы 15 қазанда сотталған. 1957 жылы 25 қарашада ақталған.
  66. ВЕДЕРНИКОВ Семен Гаврилович – 1903 жылы туған. Түркістан теміржолында вагон қараушысы болып жұмыс істеген. 1937 жылы 21 қыркүйекте  сотталған. 1966 жылы 14 қазанда ақталған.
  67. ВЕКЛИЧ Никонстрат Евгеньевич – 1881 жылы туған. Ащысай руднигінде жабдықтау бөлімінде жұмыс істеген. 1938 жылы 30 қыркүйекте сотталған. 1959 жылы 26 ақпанда ақталған.
  68. ВОРОЖИНСКИЙ Борис Иванович – 1888 жылы Харьков қаласында туған. Түркістан қаласында жол шебері болған. 1938 жылы 10 қазанда сотталған. 1989 жылы 3 тамызда ақталған.
  69. ВОЛОЩЕНКО Григорий Трофимович – 1894 жылы туған. Ащысай руднигінде 7-ші участокта бастықтың көмекшісі болған. 1942 жылы 24 қарашада сотталған. 1989 жылы 5 қазанда ақталған.
  70. ГАЙНУЛЛИН Якуб Хайруллаевич – 1888 жылы туған. Ащысай руднигіндегі кен байыту фабрикасында завхоз болған. 1938 жылы 20 наурызда сотталған. 1989 жылы 3 тамызда ақталған.
  71. ГАЛИЦИНА Надежда – 1871 жылы туған. Түркістан қаласында тұрған, жұмыс істемеген. 1938 жылы 2 ақпанда сотталған. 1989 жылы 03 тамызда ақталған.
  72. ГЕЧЕВ Андрей Михаилович – 1888 жылы туған. Түркістан қаласында аудандық «внуторгта» директор болған. 1938 жылы 8 қазанда сотталған. 1963 жылы 14 тамызда ақталған.
  73. ГОРИН Никифор Иванович – 1888 жылы туған. Түркістан стансасында кузнец-единоличник болып жұмыс істеген. 1937 жылы 1 қарашада сотталған. 1989 жылы 30 мамырда ақталған.
  74. ГУЛЬМЕТОВ Чал – 1872 жылы туған. Түркістан ауданы, Қарнақ ауылында тұрған, жұмыс істемеген. 1930 жылы 25 тамызда сотталған. 1999 жылы 26 ақпанда ақталған.
  75. ГУРАЛЬСКИЙ Мирон Петрович – 1902 жылы туған. Түркістан стансасында жұмысшы болған. 1937 жылы 26 желтоқсанда сотталған. 1989 жылы 23 маусымда ақталған.
  76. ДАВЛЕТБАЕВ Бадақ – 1880 жылы туған. Түркістан ауданы, 10-шы ауылда жұмыс істеген. 1930 жылы 7 мамырда сотталған. 1989 жылы 7 мамырда ақталған.
  77. ДАУРЕНБЕКОВ Оразбек – 1897 жылы туған. Түркістан ауданы, «Баспақкөл» колхозында колхозшы болған. 1938 жылы 14 ақпанда сотталған. 1956 жылы 3 қарашада ақталған.
  78. ДЕДОЛКО Федор Андреевич – 1910 жылы Гродно губерниясында туған. Түркістан байланыс бөлімшесінің меңгерушісі. 1938 жылы 16 қаңтарда сотталған. 1989 жылы 25 тамызда ақталған.
  79. ДЖАБАЕВ Рүстембек – 1894 жылы туған. Түркістан қалалық милиция бастығы болған. 1937 жылы 19 қарашада сотталған. 1957 жылы 17 шілдеде ақталған.
  80. ДЖАНЗАҚОВ Наримбек – 1899 жылы туған. Түркістан мақта зауытында өндіріс меңгерушісі болған. 1938 жылы 11 ақпанда сотталған. 1963 жылы 21 қазанда ақталған.
  81. ДЖОЛДАСБЕКОВ Данарбек Арыспаевич – 1907 жылы туған. Ащысай руднигінде десятник, забойщик болып жұмыс істеген. 1937 жылы 30 желтоқсанда сотталған. 1957 жылы 17 шілдеде ақталған.
  82. ДЖОМАРТОВ Жолдасбай – 1896 жылы туған. Ащысай поселкесінде тұрған, жұмыс істемеген. 1937 жылы 30 желтоқсанда сотталған. 1957 жылы 17 шілдеде ақталған.
  83. ДЖУМАБЕКОВ Рысбай – 1888 жылы туған. Ащысай руднигінде тұрған, жұмыс істемеген. 1937 жылы 5 маусымда сотталған. 1958 жылы 5 маусымда ақталған.
  84. ДОРЖАНОВ Болыс – 1880 жылы туған. Түркістан ауданы, Фрунзе колхозында колхозшы болған. 1937 жылы 19 қарашада сотталған. 1999 жылы 12 тамызда ақталған.
  85. ДОСАНОВ Абдунаби – 1893 жылы туған. Ащысай руднигінде жұмыс істеген. 1938 жылы 16 тамызда сотталған. 1989 жылы 28 тамызда ақталған.
  86. ЕРЖІГІТОВ Рахым – 1910 жылы Түркістан қаласында туған. Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал ауданында мемлекеттік банк инспекторы болған. 1938 жылы 8 ақпанда сотталған. 1958 жылы 31 қаңтарда ақталған.
  87. ЕСЕНСЕЙІТОВ Ахмет – 1913 жылы туған. Түркістан ауданында туған. 1938 жылы 11 ақпанда сотталған. 1957 жылы 16 ақпанда ақталған.
  88. ЖАКЕЕВ Жорабек – 1903 жылы туған. Ащысай руднигіндегі коммунальный бөлімінде десятник болған. 1937 жылы 28 қыркүйекте сотталған. 1960 жылы 9 тамызда ақталған.
  89. ЖАКЕНОВ Сұлтан – 1908 жылы туған. Ащысай руднигінде өрт сөндіру күзетінің бастығы болған. 1937 жылы 7 желтоқсанда сотталған. 1956 жылы 17 тамызда ақталған.
  90. ЖАНДАРБЕКОВ Дарменбай – 1888 жылы туған. Қандөз ауылында мешітте молда болған. 1938 жылы 14 ақпанда сотталған. 1956 жылы 9 ақпанда ақталған.
  91. ЖАНАЗАРОВ Базарбай – 1896 жылы Түркістанда туған, шаруа адам болған. 1930 жылы 8 сәуірде сотталған.  1989 жылы 7 мамырда ақталған.
  92. ЖАРМЕТОВ Сапаш – 1886 жылы туған. Қарнақ ауылында тұрған, жұмыс істемеген. 1930 жылы 20 мамырда сотталған. 1999 жылы 26 ақпанда ақталған.
  93. ЖУРЕВИЧ Александр Николаевич – 1897 жылы туған. Түркістан теміржолында вагон қараушы болған. 1937 жылы 21 қарашада сотталған. 1989 жылы 30 желтоқсанда ақталған.
  94. ЖУРЛОВ Владимир Лукич – 1897 жылы туған. Ащысай комбинатында бас инженер болған. 1938 жылы 26 ақпанда сотталған. 1939 жылы 30 желтоқсанда ақталған.
  95. ЗАЙЦЕВ Иван Сергеевич – 1905 жылы туған. Түркістан стансасында бригадир болған. 1938 жылы 28 шілдеде сотталған. 1971 жылы 25 тамызда ақталған.
  96. ЗАРВА Василий Петрович – 1891 жылы туған. Хантағы руднигінде экономист болған. 1938 жылы 10 қазанда сотталған. 1989 жылы 30 қазанда ақталған.
  97. ЗЕФИРОВ Сергей Павлович – 1894 жылы туған. Ащысай полиметалл комбинатында инженер-электрик болған. 1938 жылы 26 ақпанда сотталған. 1997 жылы 22 сәуірде ақталған.
  98. ЗИМГУРОВ Наби Хайрулович – 1891 жылы туған. Ащысай руднигінде дробильщик болған. 1938 жылы 12 қазанда сотталған. 1958 жылы 15 мамырда ақталған.
  99. ИБАДУЛЛАЕВ Хачи – 1909 жылы туған. Түркістан ауданы, Қарнақта тұрған, жұмыс істемеген. 1930 жылы 20 мамырда сотталған. 1999 жылы 26 ақпанда ақталған.
  100. ИБРАГИМОВ Ильяс – 1891 жылы туған. Ащысай ауылында тұрған, жұмыс істемеген. 1937 жылы 30 желтоқсанда сотталған. 1957 жылы 17 шілдеде ақталған.
  101. ИБРАГИМОВ Махмут-Ахун – 1897 жылы туған. Түркістанда тұрған, жұмыс істемеген. 1938 жылы 2 қыркүйекте сотталған. 1989 жылы 5 тамызда ақталған.
  102. ИБРАИМОВ Ешмет – 1882 жылы туған. Түркістан ауданы, Шорнақ ауылында тұрған, жұмыс істемеген. 1937 жылы 19 қарашада сотталған. 1956 жылы 3 қарашада ақталған.
  103. ИБРАИМОВ Идрис – 1871 жылы туған. Түркістан ауданы, «Баспақкөл» колхозында тұрған, жұмыс істемеген. 1938 жылы 14 ақпанда сотталған. 1956 жылы 3 қарашада ақталған.
  104. ИЗБАНОВ Аққозы – 1905 жылы туған. Түркістан аудандық партия комитетінің хатшысы болған. 1938 жылы 19 ақпанда сотталған. 1958 жылы 21 мамырда ақталған.
  105. ИМАМБАЕВ Оразбай – 1891 жылы туған. Түркістан аудандық заготпушнинада жауапты қызметкер болған. 1937 жылы 28 тамызда сотталған. 1957 жылы 2 тамызда ақталған.
  106. ИМАМБАЕВ Бейсенбай – 1906 жылы Түркістан ауданында туған. 1938 жылы 14 ақпанда сотталған. 1957 жылы 14 наурызда ақталған.
  107. ИМАМХОДЖАЕВ Халит – 1897 жылы туған. Түркістан ауданы, Еңбекші артелінде төрағаның орынбасары болған. 1938 жылы 11 ақпанда сотталған. 1963 жылы 21 қазанда ақталған.
  108. ИНОГАМОВ Атахан – 1905 жылы Түркістан ауданында туған. Арыс су шаруашылығы басқармасының бастығы болған. 1938 жылы 21 ақпанда сотталған. 1962 жылы 23 тамызда ақталған.
  109. ИСКАКОВ Қали – 1898 жылы туған. Хантағы руднигінде партия комитетінің хатшысы болған. 1937 жылы 30 желтоқсанда сотталған. 1957 жылы 17 шілдеде ақталған.
  110. ИСЛАМОВ Балтақожа – 1869 жылы туған. Түркістан ауданы, Қырық кепе ауылында тұрған, жұмыс істемеген. 1937 жылы 15 қыркүйекте сотталған. 1957 жылы 28 мамырда ақталған.
  111. ҚАЛБЫРОВ Бекмамбет – 1879 жылы туған. Ащысай руднигінде коммунальный бөлімінде жұмысшы болған. 1937 жылы 30 желтоқсанда сотталған. 1957 жылы 17 шілдеде ақталған.
  112. КАЛМЫКОВ Николай Васильевич – 1894 жылы туған. Байжансай руднигіндегі геологиялық-барлау партиясының есепшісі болған. 1938 жылы 10 қазанда сотталған. 1989 жылы 25 тамызда ақталған.
  113. КАМЕЛЕДДИНОВ Мифтик – 1915 жылы туған. Ащысай руднигінде счетовод болған. 1938 жылы 12 қазанда сотталған. 1958 жылы 15 мамырда ақталған.
  114. КАН Алексей Николаевич – 1906 жылы туған. Түркістан қаласы, К.Маркс көшесі, 12-үйде тұрған. Облыстық сауда базасында товаровед болған. 1938 жылы 10 қазанда сотталған. 1960 жылы 1 қыркүйекте ақталған.
  115. КАНАЕВ Имамберді – 1908 жылы туған. Ащысай руднигінде күзет бастығының орынбасары болған. 1937 жылы 28 қарашада сотталған. 1956 жылы 3 қарашада ақталған.
  116. КАРАБАСОВ Зульнасар – 1883 жылы Түркістан ауданындағы Жаңа Иқан ауылында туған. 1938 жылы 20 шілдеде сотталған. 1939 жылы 10 қыркүйекте ақталған.
  117. ҚАРЫБАЕВ Джусут (Жусуп) – 1868 жылы туған. «Қандөз» колхозында колхозшы болған. 1938 жылы 14 ақпанда сотталған. 1956 жылы 3 қарашада ақталған.
  118. ҚАШАҒАНОВ Көней – 1885 жылы туған. Ащысай қыстағында тұрған. 1937 жылы 28 қыркүйекте сотталған. 1960 жылы 9 тамызда ақталған.
  119. КАВРЕНУБАЕВ (Керуенбаев) Амре – 1906 жылы туған. Түркістан аудандық партия комитетінің хатшысы. 1937 жылы 28 қыркүйекте сотталған. 1955 жылы 30 тамызда ақталған.
  120. КЕГЕЛЬ Николай Николаевич – 1888 жылы туған. Ащысай полиметалл комбинатында электрик болған. 1938 жылы 27 ақпанда сотталған. 1999 жылы 17 маусымда ақталған.
  121. ҚАЗАНҚАПОВ Шубай – 1908 жылы туған. Ащысай руднигінде сауда бөлімінің бастығы болған. 1931 жылы 28 қарашада сотталған. 1955 жылы 30 желтоқсанда ақталған.
  122. КОНДУХОВ Абсамит – 1896 жылы туған. «Бірлік» колхозында колхозшы болған. 1938 жылы 15 қазанда сотталған. 1989 жылы 30 қазанда ақталған.
  123. КОНКУРКУЛЬДЖАЕВ Анет – 1891 жылы туған. Ащысай руднигінде асхана меңгерушісі болған. 1937 жылы 7 желтоқсанда сотталған. 1958 жылы 5 маусымда ақталған.
  124. КУДИЕВ Саты – 1870 жылы Түркістан ауданында туған, колхозшы. 1937 жылы 11 қазанда сотталған. 1957 жылы 11 сәуірде ақталған.
  125. ҚАРЫНБАЕВ Жүсіп – 1904 жылы Түркістан ауданында туған. 1938 жылы 14 ақпанда сотталған. 1956 жылы 3 қарашада ақталған.
  126. ҚОЙШЫБАЕВ Бексейіт – 1899 жылы Түркістан ауданында туған, шөп қабылдаушы болған. 1938 жылы 28 қыркүйекте сотталған. 1989 жылы 19 тамызда ақталған.
  127. ҚУАНДЫҚОВ Жалмұхан – 1899 жылы Түркістан ауданында туған, колхозшы. 1938 жылы 15 қазанда сотталған. 1957 жылы 11 сәуірде ақталған.
  128. ҚҰНДЫЗОВ Әбсейіт – 1897 жылы Түркістан ауданында туған, колхозшы болған. 1938 жылы 15 қазанда сотталған. 1989 жылы 30 қазанда ақталған.
  129. МЫРЗАЕВ (Мұрзаев) Мекембай – 1896 жылы Түркістан ауданында туған, колхоз төрағасы болған. 1937 жылы 30 желтоқсанда сотталған. 1955 жылы 7 мамырда ақталған.
  130. НАХИПОВ Шамсутдин – 1882 жылы Түркістан ауданында туған, молда болған. 1937 жылы 15 қыркүйекте сотталған. 1958 жылы 12 маусымда ақталған.
  131. НӘЖІМОВ Ергеш – 1899 жылы Түркістан ауданында туған, нұсқаушы болған. 1937 жылы 30 желтоқсанда сотталған. 1989 жылы 7 мамырда ақталған.
  132. НӘЛІХОДЖАЕВ Оспан Ходжа – 1867 жылы Түркістан ауданында туған. 1937 жылы 30 желтоқсанда сотталған. 1958 жылы 30 қаңтарда ақталған.
  133. НҰРМҰХАМЕДОВ Баша (Нұрмұхамед Ходжаев) – 1837 жылы Түркістан ауданында туған. 1937 жылы 15 қыркүйекте сотталған. 1958 жылы 12 маусымда ақталған.
  134. НҰРШАТАЕВ Әнетбек – 1893 жылы Түркістан ауданында туған, ауылдық Кеңестің төрағасы болған. 1937 жылы 28 қарашада сотталған. 1964 жылы 28 қарашада ақталған.
  135. ОМАРОВ Көккөз – 1885 жылы Түркістан ауданында туған. 1938 жылы 31 қыркүйекте сотталған. 1960 жылы 29 қыркүйекте ақталған.
  136. ОНБАСОВ Нұрман – 1897 жылы Түркістан қаласында туған. 1938 жылы 31 қаңтарда сотталған. 1989 жылы 7 мамырда ақталған.
  137. ОРЫНБАЕВ Мамет-Сыдық – 1900 жылы Түркістан қаласында туған, артель аспазы болған. 1938 жылы 5 қыркүйекте сотталған. 1989 жылы 19 тамызда ақталған.
  138. ПИНХАСОВ Нуриэль – 1906 жылы Түркістан қаласында туған. «Осоавиахимның» Түркістан аудандық отрядының бастығы. 1938 жылы 15 қазанда сотталған. 1956 жылы 3 қарашада ақталған.
  139. ПИНХАСОВ Ханания Хайлович – 1895 жылы Түркістан қаласында туған. Түркістан тұтынушылар одағының өндіріс директоры болған. 1938 жылы 15 қазанда сотталған. 1957 жылы 25 қарашада ақталған.
  140. ПОЛЯКОВ Михаил Лаврентьевич – 1801 жылы Қызылорда қаласында туған, Түркістан нан зауытының бөлім бастығы болған. 1938 жылы 14 ақпанда сотталған. 1957 жылы 17 қазанда ақталған.
  141. РЫСМЕТОВ Құдайберген – 1890 жылы Түркістан қаласында туған. «Еңбекші» артелінде асхана меңгерушісі болған. 1938 жылы 14 ақпанда сотталған. 1963 жылы 30 қазанда ақталған.
  142. РЫСМЕТОВ Құдайберген – 1869 жылы Түркістан ауданының Майдамтал селосында туған. Қырық кепе мешітінің молдасы болған.
  143. САТАЕВ Рысмембет – 1872 жылы Түркістан қаласында туған, қарауыл болған. 1937 жылы 30 желтоқсанда сотталған. 1989 жылы 31 мамырда ақталған.
  144. САЙДАЛИЕВ Абдуғани – 1899 жылы Түркістан стансасында туған, «Жигули» кондорында мастер болған. 1938 жылы 26 қазанда сотталған. 1959 жылы 21 наурызда ақталған.
  145. СУХО-ИВАНОВ Джео Василий Степанович – 1909 жылы Түркістан қаласында туған, кірпіш зауытының бас инженері болған. 1938 жылы 23 мамырда сотталған. 1957 жылы 23 қарашада ақталған.
  146. ТАУТЫНБАЕВ Садық – 1910 жылы Түркістан қаласының Қандөз ауылында туған, «Баспаққұр» колхозының төрағасы болған. 1938 жылы 14 ақпанда сотталған. 1956 жылы 3 қарашада ақталған.
  147. ТАСАНОВ Есжан – 1874 жылы Түркістан қаласында туған, жеке шаруагер болған. 1937 жылы 11 қазанда сотталған. 1957 жылы 11 сәуірде ақталған.
  148. ТАСТАНБЕКОВ Мырзахмет – 1903 жылы Түркістан қаласының Үшқайық ауылында туған, облыстық білім бөлімінің инспекторы болған. 1942 жылы 31 наурызда сотталған. 1957 жылы 17 шілдеде ақталған.
  149. ТАҒЫБАЕВ Асан – 1888 жылы Түркістан қаласының Хантағы ауылында туған, Хантағы кенішінде өрт сөндіруші болған. 1937 жылы 28 қарашада сотталған. 1955 жылы 23 желтоқсанда ақталған.
  150. ТӘЖІҚОЖАЕВ Асан – 1910 жылы Түркістан қаласының Қандөз ауылында туған. Советтердің VIII съезі атындағы колхоздың төрағасы болған. 1938 жылы 14 ақпанда сотталған. 1956 жылы 3 қарашада ақталған.
  151. ТӘЖІКЕЕВ Үйсен – 1889 жылы Түркістан қаласында туған, қазақ, жеке шаруагер болған. 1937 жылы 11 қазанда сотталған. 1957 жылы 11 сәуірде ақталған.
  152. ТӨРЕЖАНОВ Мұхамедраймов Әбілқасым – 1867 жылы Түркістан қаласының Балтакөл ауылында туған, молда-имам болған. 1937 жылы 28 қарашада сотталған. 1957 жылы 17 қазанда ақталған.
  153. ТУРСУНҚОЖАЕВ Тұяқ – Түркістан қаласында туған. Сталин атындағы колхоздың төрағасы болған. 1937 жылы 30 желтоқсанда сотталған. 1958 жылы 30 қаңтарда ақталған.
  154. УБАЙДУЛЛАЕВ Сайфулла – 1898 жылы Түркістан қаласында туған. «Саюзқожа» кеңесінің егенті болған. 1938 жылы 15 қазанда сотталған. 1948 жылы 28 шілдеде ақталған.
  155. УМАРХОДЖАЕВ Алиш – 1892 жылы Түркістан қаласында туған, молда болған. 1937 жылы 1 қарашада сотталған. 1957 жылы 17 қаңтарда ақталған.
  156. УСМАНОВ Юсупхан – 1893 жылы Қытайда туған. Түркістан қаласында «Қызыл Октябрь» колхозында жұмыс істеген 1938 жылы 2 қыркүйекте сотталған. 1989 жылы 19 тамызда ақталған.
  157. ҮСЕНОВ Әбдіжаппар – 1904 жылы Түркістан қаласының Бабайқорған ауылында туған, ауылдық кеңестің төрағасы болған. 1938 жылы 14 ақпанда сотталған. 1956 жылы 3 қарашада ақталған.
  158. ӨТЕГЕНОВ Садық Халмұхамедович – 1874 жылы Түркістан қаласында туған, мұғалім болған. 1937 жылы 19 қарашада сотталған. 1957 жылы 17 шілдеде ақталған.
  159. ФАЙЗАКОВ Самуил Хойсаламанович – 1904 жылы Түркістан қаласында туған, ШҚЗ-да сауда бөлімінің меңгерушісі болған. 1938 жылы 30 қыркүйекте сотталған. 1956 жылы 19 маусымда ақталған.
  160. ХАНГЕЛЬДИЕВ Әбдіжаппар – 1869 жылы Шорнақ ауылында туған, Фрунзе атындағы колхоздың мүшесі болған. 1937 жылы 19 қарашада сотталған. 1957 жылы 3 желтоқсанда ақталған.
  161. ХАЛТАЕВ Жұраш – 1916 жылы Түркістан қаласында туған, «Еңбекші» артелінде шайханашы болған. 1938 жылы 14 ақпанда сотталған. 1963 жылы 30 қазанда ақталған.

Фото: el.kz

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.