Түркістан облысы

Дархан Сатыбалды: «Құрылыс пен абаттандыру жұмыстары үйлесімді атқарылуы тиіс»

Түркістандағы жаңа тұрғын үй кешендері мен жаңа нысандардың құрылысы бір сәтке де тоқтамауы керек. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі дереккқздеріне сүйене отырып, ол үшін облыс әкімдігі тарапынан тиісті қолдау көрсетіледі, деп newsroom.kz хабарлайды.

Атап айтқанда, инфрақұрылым, құжаттандыру мәселелері назарда болады. Шаһардағы құрылыс нысандарын кезекті рет аралаған облыс әкімі Дархан Сатыбалды мердігерлермен кездесіп, жұмыстарды ширатуды тапсырды. Әр нысанның жұмыс барысын бақылап, кестеден кешікпеуін қадағалады.

– Құрылыс барысында кездесетін кедергілерді айтыңыздар. Саралап, әкімдікке тиісті мәселелерін жедел шешуге әзірміз. Тұрғын үй құрылысы өз уақытында аяқталғаны жөн. Өйткені абаттандыру жұмыстары да жоспарға сай жүргізілуі керек. Құрылыс пен абатандыру жұмыстары үйлесімді атқарылуы тиіс, – деген Дархан Сатыбалды әрбір нысандағы жауапты мердігермен сөйлесті. Отандық құрылыс материалдарына басымдық беруді тапсырды.

Өңір басшысы «Turan» футбол академиясының құрылыс барысымен танысты. Облыс футболын дамытып қана қоймай, республикалық деңгейде оқу-жаттығу орталығына айналатын бұл нысан жеке инвестор есебінен салынып жатыр. 10 футбол алаңы, 300 орындық қонақүйі бар. Футбол алаңдары іске қосылуға дайын. Жалпы жоба 2024 жылы толық жүзеге асады деп жоспарланған. Дегенмен инфрақұрылымы реттелсе, жоба ертерек аяқталуы мүмкін. Облыс әкімі инфрақұрылым мәселесін реттеуді тапсырды.

Бүгінде облыс орталығында жеке инвесторлар есебінен салынған тұрғын үйлер саны артқан. Өңір басшысы солардың бірқатарына барды. Атап айтсақ, «Feb Turkestan», «Yassy Green House», «Park View Residence», «DEL&Invet» және өзге де компаниялар салған тұрғын үй кешендерін аралап көрді. Түрлі сәулет үлгісінде салынған үш қабатты үйлер және коттедждер Түркістанның ажарын аша түспек. Облыс әкімі әрбір үйдің құрылысы талапқа сай болуын ескертті. Бүгінде шаһарда бірнеше тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталуға жақын. Олардың біразы қазан айында тапсырылса, бірнеше тұрғын үй кешені жыл соңына дейін иелелеріне берілмек.

Айта кетейік, ел президенті 1-қыркүйек күнгі жолдауында Құрылыс пен ауыл шаруашылық секторын аса атап өткен болатын:

Ұлттық экономика құрылымында құрылыс секторы маңызды орынға ие.  Осы сала ішкі жалпы өнімнің 5-6  пайызын береді. Жанама салалар қосылса, бұл көрсеткіш одан да көп. Бүгінде Қазақстандағы сәулет-құрылыс қызметін реттейтін 2,5 мыңнан астам құжат бар. Бұл жүйе әбден қағазбастылыққа көмілген. Жемқорлық аз емес. Ескі құрылыс стандарттары мен нормалары әлі де қолданылады. Сондықтан, Үкіметке мүлдем жаңа құжат – Қала құрылысы кодексін қабылдауды тапсырамын. Әрбір қаланың жер телімдері мен коммуналдық желілердің схемасы көрсетілген функционалды интерактивті картасын жасау керек. Жер кадастрында өнеркәсіптік мақсатқа арналған жер телімдерінің картасын қолданыстағы көлік және коммуникация инфрақұрылымының схемаларымен толықтырып отыру қажет. Ауыл шаруашылығын дамыту – негізгі проблеманың бірі.  Осы саладағы ахуал мемлекетіміздің азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді. Еліміздің ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін және оның қосымша құнын арттыру қажет. Бұл – стратегиялық міндет. Қазір тек бидай мен мал сатып отыратын заман емес. Үкімет агроөнеркәсіп саласын субсидиялаудың ұзақ мерзімге арналған жаңа тәсілдерін әзірлеуге тиіс. Бюджет қаражатының қайтарымы болуы керек. Мемлекет қаржыны оңды-солды шашып, ысырап етуге жол бермейді. Субсидия бөлуге және оның жұмсалуына жүргізілетін бақылауды күшейту керек. Шаруалардың өзара ұжымдасуы ауыл шаруашылығын дамытуға жол ашып отыр. Біз осындай пилоттық жобаны жүзеге асырдық. Оған қатысқан ауыл шаруашылығы кооперативтерінің егіні екі есе артық өнім берген. Ал, мал басы шамамен 25 пайызға көбейген. Әр өңірдің ерекшелігін ескере отырып, оң тәжірибені бүкіл елге біртіндеп тарату қажет. Бұл салада озық технологиялар тапшы. Қазір ауыл шаруашылығына арналған жер туралы толыққанды ақпарат жоқ. Жердің құнары, су ресурсы мен суару жүйесі және оның жолдары жайлы мәліметтер жан-жақта шашырап жатыр. Цифрлық платформа осының бәрін  бір жерге жинақтайды. Тұтастай алғанда, еліміздің агроөнеркәсіп кешені келесі жылдан бастап жаңа әрі тұрақты ереже бойынша жұмыс істеуі қажет. Игерілмей жатқан жерді қайтарып алу жөніндегі комиссияның қызметіне жеке тоқталғым келеді. Комиссия жұмысының аясында ауыл шаруашылығы мақсатындағы 2,9 миллион гектар жер мемлекетке қайтарылды. Жылдың соңына дейін кемінде 5 миллион гектар жерді қайтарып алу жоспарланып отыр. Игерілмей жатқан немесе заңсыз берілген жер көлемі 10 миллион гектарға жуықтайды. Үкімет пен әкімдіктер келесі жылдың соңына дейін осы жерлерге қатысты нақты шешім қабылдауға тиіс. Қазір жер мәселесін тексеруге жарияланған мораторий де күшін жойды. Бұл қадам жұмысқа оң ықпалын тигізеді деп ойлаймын. Ел экономикасын тұрақты дамытуға су тапшылығы қатты кедергі болып отыр. Қазір бұл ұлттық қауіпсіздік мәселесіне айналды. Сырттан келетін су азайып барады. Сол судың өзін тиімсіз пайдалану жағдайды одан әрі ушықтыруда.  Судың 40 пайызы құмға сіңіп жатыр. Бұл салада басқа да түйткілдер аз емес. Атап айтқанда, инфрақұрылым әбден тозған. Сондай-ақ, автоматтандыру және цифрландыру деңгейі төмен. Ғылыми негіздеме жоқ, мамандар тапшы.  Бұл мәселелерді шешу үшін Үкімет жанындағы Су кеңесінің жұмысын жандандыру қажет, білімді сарапшыларды жұмысқа тарту керек. Қажетті мамандарды даярлау үшін бұл саладағы іргелі әрі мықты жоғары оқу орнын анықтаған жөн. Су саласын дамытудың үш жылдық жобасын әзірлеу керек.

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.