Түркістан облысы

МӘМС жүйесіне 8000-ға жуық өтініш түскен

1
(1)

Түркістан облысында ағымдағы жылдың 7 айда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне 8 мыңға жуық өтініш келіп түскен, деп хабарлайды newsroom.kz. порталы.

Бұл алдыңғы жылдармен салыстырғанда едәуір жақсы көрсеткіш. Мамандар МӘМС жүйесіне деген сұраныстың артуын елдегі эпидемиологиялық жағдаймен байланыстырады. МӘМС қорының Түркістан облысы бойынша филиал директорының орынбасары Асхат Бейсенбаев сақтандыру жүйесі азаматтардың сапалы медициналық қызмет алуына кепіл болатынын жеткізді.

«Облыс тұрғындарына медициналық сақтандыруға қатысты 3 мыңға жуық түрлі кеңестер берілді. Бұдан азаматтардың МӘМС жүйесінің маңыздылығын ұғына түскенін көруге болады. Бүгінде жүйенің жұмысын жетілдіру үшін тиісті жұмыстар атқарылып келеді. Егер медициналық ұйымда көрсетілген қызметке көңіліңіз толмаса мекемедегі пациентті қолдау қызметіне және ішкі сараптамаға жүгінуіне болады. Медициналық ұйымдардағы жауапты мамандар көрсетілген қызмет сапасының стандарттарға сәйкестігін бақылап, ішкі талдау жүргізеді. Сондай-ақ, медициналық қызмет көрсету стандарттары мен тәртібінің бұзылуын анықтайды. Қордан кеңес алуға немесе шағым қалдыруға болатын бірнеше кері байланыс арналары бар», – деді А.Бейсенбаев.

Айта кетейік, шағымдар мен өтініштердің басым көпшілігі 1406 бірыңғай байланыс орталығы арқылы түскен. Мамандар бұдан бөлек азаматтардың шағымдары мен ұсыныстарын қабылдайтын www.fms.kz сайты жұмыс істейтінін мәлімдеді. Сондай-ақ, өтініш беруді қосымша Telegram-да «Saqtandyrybot» және Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы да арқылы жүзеге асыруға болады.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 1 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button