Түркістан облысы

Шөкеев жапа шеккен әлеуметтік нысан мен мал-мүлік санын анықтауды тапсырды

0
(0)

Өмірзақ Шөкеев апаттан зардап шеккен аймаққа арнайы келіп, Арыстың тәжірибесіне сәйкес Мақтаарал ауданында да тиісті жұмыстар жүргізілетінін айтты, деп хабарлайды  NewsRoom+ақпарат агенттігінің тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Түркістан облысы өңірлік коммуникация қызметі таратқан мәліметте, облыс әкімі Мақтаарал ауданындағы су басқан Жаңатұрмыс пен Жеңіс елді мекеніне барып, апаттан жапа шеккен үй іргелерін қарап шыққан.

Ең алдымен облыс басшысы Еңбекші ауылдық округі Жаңа тұрмыс ауылында болды. Мұнда 47 тұрғын үйде 321 тұрғын тұрған. 2 мамыр күні түнгі сағат 01:50-де аталған елді мекенде эвакуациялау іс-шаралары басталды, – делінген хабарламада.

Жалпы елді мекенде 1 мектеп, 1 медпункт, 1 мешіт орналасқан. Жаңа тұрмыс ауылында ірі қара мал саны – 2700, қой саны – 3000, жылқы – 150, тауық 450 болатын. Облыс басшысы аудан әкімі Б. Асановқа төтенше жағдайдан зақым келген әлеуметтік нысан мен жапа шеккен мал-мүлік санын анықтауды тапсырды.
Бұдан кейін өңір басшысы Жеңіс ауылына аялдап, ауылдың жағдайымен танысты. Бұл ауылдағы 280 тұрғын үйде 1922 азамат болған.

Елді мекенде 1 мектеп, 2 балабақша, 1 медпункт, 1 мешіт, 1 мәдениет үйі орналасқан. Қазіргі таңда аталған нысандардың ғимараттары зақымдалғаны анықталу үстінде. Бұл ауылда қазіргі таңда жайымдылық жердің 500 гектары, егістік алқаптың 50 гектары шамасында су басқан. Ауылда ірі қара мал саны – 350, қой саны – 270, түйе – 300, жылқы – 70, тауық -700 құрайтын еді, – делінген хабарламада.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Scroll Up
Close