Түркістан облысы

Түркістан: Қоғамдық штабқа 600-ден астам ұсыныс келіп түскен

ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркістан облысы бойынша қоғамдық қабылдау бөлмелері сайлаушылардың ұсыныстары мен тілектерін жинақтап жатыр. Осы орайда үгіт-насихат науқаны басталғаннан сәттен бастап облыстық қоғамдық қабылдау бөлмесіне азаматтар тарапынан 609 ұсыныс-тілек түскен, деп newsroom.kz хабарлайды.

Кандидат Қ.Тоқаевтың Түркістан облыстық қоғамдық қабылдау бөлмесінің басшысы Берік Құлжановтың айтуынша, бұл ұсыныс-тілектердің 140-тан астамы әлеуметтік қамсыздандыру, 106-сы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, 70-ке жуығы жұмысқа орналастыру бойынша болса, қалған басым бөлігі білім саласы, жер қатынастары, инфрақұрылымға қатысты. салаларына қатысты. Сондай-ақ халықты құжаттандыру және тіркеу, денсаулық, банктер мен өзге де кредиттік ұйымдардың қызметі, сот және құқық қорғау жүйесі,  агроөнеркәсіптік кешенге қатысты мәселелер де келіп түсуде.

– Түркістан облысындағы 18 қоғамдық қабылдау бөлмесінің барлығында сайлаушылармен кездесулер өтіп жатыр. Атап өтсек, үгіт-насихат жұмыстары басталған сәттен осы уақытқа дейін 114 кездесу ұйымдастырылып, 500-ге жуық адам қабылдауда болды, – дейді облыстық қоғамдық қабылдау бөлмесінің басшысы Берік Құлжанов.

Атап өту қажет, азаматтар кандидаттың қоғамдық қабылдау бөлмесіне жеке мәселемен жүгінумен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаевқа арнаған ұсыныстары мен тілек хаттарын https://toqaev2022.kz/kk  сайтына жолдай алады немесе бейне хабарлама жүктеуіне болады. Call-орталықтың байланыс телефоны: 8 800 080 44 41.

Фото: «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.