Түркістан облысы

Түркістан: Теміржолшылар кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдайды

Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі халықтық коалицияның Түркістан облыстық штабы сайлаушылармен кездесуді жалғастырып жатыр, деп newsroom.kz хабарлайды.

Бүгін штаб төрағасы Бейсен Тәжібаев бастаған кандидаттың сенімді өкілдері «Түркістан темір жол» вокзалында болып, ондағы еңбек адамдарымен және ұжыммен кездесті.

Сайлауалды бағдарламадағы айқын басымдықтарды атап өткен Бейсен Дәулетұлы, алдағы уақытта атқарылар жұмыстармен таныстырды. Кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы ұсынған «Әділетті мемлекет – әділетті экономика – әділетті қоғам» қағидаттарынан тұратын бағдарлама еліміздің алдағы 7 жылдағы даму бағдарын айқындайтынын атап өтті.

– Азаматтардың адал өнімді еңбегі құрметтеледі, қорғалады және оған лайықты еңбекақы төленеді. Біз жұмысшы құқықтары мемлекеттің қатаң қадағалауымен және күшті кәсіподақтармен қамтамасыз етілетін бәсекеге қабілетті және қауіпсіз еңбек ортасын құрамыз. Біз ішкі еңбек нарығын қорғап, еліміздің азаматтары болып табылатын жұмысшылардың мүдделерін қамтамасыз етеміз» – деді штаб төрағасы.

Кездесуде облыстық мәслихаттың депутаты, «Ақ жол» партиясының атынан облыстық штабтың мүшелігіне енген Әбдірасұл Құрбаналиев 2025 жылдан бастап инфляция деңгейіне байланысты ең төменгі жалақыны көтеру механизмі енгізілетіндігін айтып өтті.

– Кандидатымыз еңбек адамдарының мәселесене айрықша көңіл бөліп отыр. Себебі, елді дамудың даңғыл жолына бастайтын негізігі күш еңбек адамдары – Сіздерсіздер. Әрбіріңіздің балаларыңыз жақсы оқып, білім алуы, бәсекеге қабілетті маман болу да біздің кандидатымыздың басты назарында» – деді ол.

Кездесуде Түркістан қалалық штабының төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев, «Түркістан станциясы» бастауыш партия ұйымының төрағасы Қадыр Сырлыбеков, қалалық мәслихат депутаттары Ақиқат Абдуллаев және Сүлеймен Арыстанов, «Шауғар» бастауыш партия ұйымының төрағасы Бақытжан Құлжабаев сайлауалды бағдарламадағы халықтың әл-ауқатын арттыру, еңбекті қорғау, лайықты еңбекақы төлеу, әлеуметтік қызмет түрлерінің сапасын жақсарту секілді басым бағыттар бойынша кең көлемді мәлімет берді. Сондай-ақ, алдағы сайлауға белсенді қатысуға шақырды. Ал, жарыссөзге шыққан теміржолшылар кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты  қолдайтындықтарын айтты.

Фото: «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспаөз қызметі

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.