Түркістан облысы

Демеушілер 2 мыңнан астам оқушыға көмек көрсетті

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі дереккөздеріне сүйене отырып, Түркістан облысында демеушілер қолдауымен 2 мыңнан астам балаға мектепке арналған оқу құралдары үйлестірілді, деп newsroom.kz хабарлайды.

«Самұрық-Қазына» қорының демеушілігімен және Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен, жыл сайынғы «Мектепке жол» республикалық акциясы өңірімізде қарқынды түрде жүргізілуде.

Балаларға оқу құралдарын үйлестіру, табыстау жұмыстарын жастар мен волонтерлер ұйымдастырып жатыр. «Мектепке жол» қайырымдылық шарасы жыл сайын өткізіліп келеді. Шараның басты мақсаты – әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңiнде қолдау көрсету.

Акция 1 тамыз – 30 қыркүйек аралығында осымен он бірінші жыл өткізіліп отыр. Акция өткізілген 10 жыл ішінде 2 млн. 600 мыңнан астам балаға жалпы сомасы 17 млрд. 800 миллион теңгеден астам материалдық көмек көрсетілді.

«Самұрық-Қазына» қоры еліміз бойынша 12 мың балаға бірінші сынып оқушыларына арналған, оқуға қажетті құрал-жабдықтар салынған рюкзактар таратуды көздеген. Түркістан облысында бұл сый аудан, қала бойынша 2403 оқушыға берілді.

Айта кетейік, 31-тамызда Түлкібас ауданында 600-ге жуық балаға «Мектепке жол» акциясы аясында қолдау көрсетілді деп хабарланған болатын. Түлкібас ауданына қарасты Састөбе кентінде Конституция күніне орай, Шерхан Мұртаза атындағы WAQF қайырымдылық қоры және «Састөбе Цемент» зауытының басшылығының және аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен «Мектепке жол» акциясы жалғасын тапты. Бұл жерде жомарт жанды азаматтар жалпы сомасы 6 млн. теңгеден астам қаржыға 172 балаға мектепке қажетті киім-кешек пен құрал-сайман үлестірді. Мерекелік жиынға қайырымдылық шараға ұйытқы болған Қазақстан халқы Ассамблеясының Кәсіпкерлер қауымдастығының президенті, Шерхан Мұртаза атындағы қайырымдылық қордың төрағасы, Түлкібас ауданының Құрметті азаматы Қ.Айтбай, аудан әкімінің орынбасары Е.Орманов, Састөбе цемент зауытының басшылық құрамы, аудандық адами әлеуетті басқару бөлімінің басшысы Е.Қадырбек, ауыл тұрғындары мен бұқаралық ақпарат құрал өкілдері қатысты. Игі шарада аудан әкімінің орынбасары Е.Орманов сөз сөйлеп, жиналған қауымды бүгінгі мерекелерімен құттықтады. Сонымен қатар Ербол Керімбекұлы осындай игі шараға мұрындық болып отырған Қайрат Орынбайұлы мен зауыт басшылығана аудан халқы және өз атынан алғысын білдіріп аудан әкімі Нұрлан Байғұттың құттықтауын жеткізіп, Алғыс хатын табыс етті. Шерхан Мұртаза атындағы қайырымдылық қоры мен Састөбе цемент зауыты аудан аумағындағы көптеген игі шараларға мұрындық болып келеді. Яғни, мектеп кітапханалары, мәжіліс және спорт залдарын қажетті жабдықтармен жабдықтап, мұқтаж жандарға қол ұшын созып, ауыл аймақтарда спорт алаңдарын көтеріп, киелі орындарды жаңғыртуға, мешіттер соғуға демеушілік көрсетуде. Бүгінде Түлкібас ауданында мұқтаж және асыраушысынан айырылған отбасы мен көпбалалы отбасылардағы балаларды мектепке даярлау мақсатында 600-ге жуық оқушыға кәсіпкерлер, мекеме басшылары, әкімдік қызметкерлері мен депутаттар тарапынан демеушілік қолдау көрсетіліп отыр.

Ал жалпы Түркістан облысында 511 158 оқушы бар. Жаңа оқу жылында бірінші сыныпқа 52272 оқушы барды. Биыл 10 жаңа жекеменшік мектеп ашылып, білім ұяларының жалпы саны 961-ге жетті. Оның ішінде 56-сы жекеменшік. Түркістан қаласындағы алғашқы қоңырау салтанатты жиынына облыс әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы мен Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков қатысып, балаларға сәттілік тіледі. Облыстағы барлық білім беру ұйымдары «Bilim Land» білім беру платформасына қосылған. Сонымен қатар мектеп кітапханаларының базасын есепке алу, мектептер арасындағы кітап алмасу, электронды түрде сұраныс беру жүйесі бойынша «Е-Кітапхана» платформасы енгізілді. 2022-2023 оқу жылына оқулықтар сатып алуға 5 048, 738 млн теңге қаржы бөлінді. Және оқушылар санының өсуін ескере отырып жетіспейтін және ескі оқулықтар жаңартылды. Облыс бойынша 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен 199 мектептің құрылысын салу жоспарланған. Биыл 59 мектептің құрылыс жұмыстарын жүргізуге 20,7 млрд. теңге қаржы қаралды. Жоспарға сәйкес биыл 34 мектептің құрылысын аяқтап, пайдалануға беріледі. Оның ішінде, 4 апатты және 2 үш ауысымды мектептің құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін жоспар толығымен орындалады. Сондай-ақ 32 мектепті күрделі жөндеуден өткізу үшін 4 012,7 млн.теңге (оның ішінде: ОБ – 1125,8,2 млн.теңге, «Ауыл Ел-бесігі» – 2 886,9 млн.теңге) қаралды.

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.