Түркістан облысы

Түркістан: Отырарда шаруалардың ағын су мәселесі шешімін тауып келеді

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі дереккөздеріне сүйене отырып, соңғы жылдары таулы аудандардағы жауын-шашын мен мұз деңгейінің төмендігінен отырарлық шаруаларды ағын сумен қамтамасыз ету күрделі мәселелерге айналып келеді, деп newsroom.kz хабарлайды.

Әсіресе шілде, тамыз айлары аралығында ағын су деңгейінің шамадан тыс төмендеуі шаруалардың мол өнім алуына кедергі келтіруде.

Аудан әкімі Сәкен Сұлтанханов ағын су жетіспеушілігін жою мақсатында «Қызыл ту» насос станциясындағы су айдайтын насостарды күрделі жөндеуден өткізіп, шаруаларды қажетті мерзімде ағын сумен қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Осы орайда, аудан әкімінің орынбасары Ержан Оралбай аудан басшысы тапсырмаларының орындалу барысымен және ағын су арналарының өткізгіштік қабілетімен танысып, «Қызыл ту» насос станциясының жұмысын көрді.

«Қызыл ту» станциясында орналасқан 4 дана СНП-500 маркалы насостарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қолданысқа берілген. Бүгінгі таңда Д.Алтынбеков каналы арқылы 6,5 м/с су босатылса, Арыс өзеніндегі Сырдария өзенінің кері тепкісінен насос станциясы арқылы каналға қосымша 2 м/с су тасталуда. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде Талапты ауылының Сегіз там тұсындағы егін алқаптары толығымен суғарылып, Қоғам ауыл округі шаруаларының мәселесі шешімін тапты.

Ендігі кезекте Қарғалы ауыл округінің Отырар елдімекені аумағындағы егіс алқаптарына су жеткізу басты назарға алынып отыр. Аудан әкімдігі тарапынан шаруаларға қажетті су жеткізу үшін күнделікті кезекшілер қойып, қатаң бақылауда ұстау назарға алынған.

Айта кетейік, Ағымдағы жылы Көксарай су реттегішіне су жинау 16 наурызда басталды, 11 сәуірге дейін 822 млн.м3 су жиналды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1086 млн. м3 аз (2021 ж. – 1907,35 млн. м3). Көксарайдан су жіберу ағымдағы жылғы 11 сәуір мен 29 мамыр аралығында жүзеге асырылды, бүгінгі күні контрреттегішке су көлемі – 24,4 млн.м3 құрайды.

Шардара су қоймасына вегетацияаралық кезеңде (қазан-наурыз) ағымның төмен болуына байланысты ағымдағы жылы Көксарай су реттегішін толтыру күтілмегенін атап өткен жөн.

Өткен вегетация аралық кезеңде Шардара су қоймасына ағын 8 млрд.272 млн. м3 құрады, бұл болжамды кестеден 2 млрд. 69 млн. м3 аз (10 млрд. 341 млн. м3).

Осыған байланысты, ақпан айында вегетациялық кезеңге дайындық жұмыстары шеңберінде Министрлік Түркістан және Қызылорда облыстарында ЖАО, су шаруашылығы ұйымдары мен АШТӨ өкілдерінің қатысуымен көшпелі кеңестер өткізді, онда қалыптасқан су шаруашылығы жағдайы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді және тараптардың іс-әрекеттері айқындалды.

Сонымен қатар, бұл мәселе Үкімет отырыстарында талқыланып, Министрлік Түркістан облысының әкімдігіне Көксарай контрреттегішінің айналасындағы дақылдарды алып тастауды ұсынды.

Бұдан басқа, жеткізу және бұру арнасында, сондай-ақ контрреттегіш тостағанның өзінде пайдалану қағидаларына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарын тұрақты суаруға су алуға жол берілмейді.

Сонымен қатар, а.ж. 12-29 наурыз аралығында Сырдария өзені бассейнінде қатты жауын-шашын болған, соның нәтижесінде осы кезеңде Шардара су қоймасына шамамен 1,5 млрд. м3 су келіп түскен, бұл оны 5 млрд. м3 дейін толтыруға, Қызылқұм каналына су алуды 160 м3/сек дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді (осы уақыт аралығында сұратуға сәйкес 9 күн), Көксарай су реттегішіне су жинауды бастау және төменгі ағысқа су жіберуді ұлғайту, бұл жаппай вегетация басталар алдында өзен арнасын толтыруға және Арал-Сырдария бассейнінің экожүйесін жақсартуға мүмкіндік берді.

27 сәуірде Түркістан қаласында Мемлекетаралық үйлестіру су шаруашылығы комиссиясының отырысы шеңберінде Нарын-Сырдария су қоймалары каскадының болжамды жұмыс режимі келісілді, оған сәйкес Шардара су қоймасына вегетациялық кезеңдегі ағын 3 млрд.900 млн. м3 құрауы тиіс, ол вегетациялық кезеңнен елеулі шығынсыз өтуге мүмкіндік береді.

Мәселен, болжамды кестеге сәйкес Шардара су қоймасына сәуір-шілде айларында су ағыны 3100 млн.м3 құрайды, бұл ретте 13 шілдедегі жағдай бойынша су ағыны 3345 млн. м3 құрады.

МҮСК болжамын ескере отырып, Министрлік Шардара су қоймасының ағымдағы жылдың вегетациялық кезеңіне арналған болжамды жұмыс кестесін есептеді.

Есептеулерге сәйкес, шілде – қыркүйек кезеңінде су қоймасына құйылу МҮСК болжамынан төмен болған кезде, вегетациялық кезеңнің соңына қарай Шардара су қоймасының көлемі 1,009 млрд. м3 құрайды, бұл ретте есептеулерде Қызылқұм каналына 309 млн. м3 көлемінде су алу және Жетісай ауданына машина каналы бойынша 41 млн. м3 көлемінде су беру ескерілді. Осылайша, есептеулер бойынша, ағымдағы жылы су қоймасы 0,98 млрд.м3 өлі көлемге дейін іске қосылмайды.

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.