Түркістан облысы

Түркістанда кәсіпкерлік нысандарда мемлекеттік тілге қатысты заңның сақталуы тексерілді

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі дереккөздеріне сүйене отырып, Түркістан қалалық «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» КММ-нің мамандарынан құрылған арнайы үгіт-насихат тобы шаһардағы жарнамалар мен тамақтану орындарындағы ас мәзірінің Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңына сәйкестігін тексеруде, деп newsroom.kz хабарлайды.

Рейдтік аралау барысында жұмысшы топ 30-ға жуық тамақтану орнының мәзірін бақылап, анықталған кемшіліктер бойынша иелеріне заңның талаптарын түсіндірді.

Рейдтік топ 20-ға жуық жарнамадан олқылықты анықтап, Қазақстан Республикасы «Тіл туралы» Заңның талаптары мен «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңы бойынша үгіт-насихат жұмысын жүргізді.

Былтыр Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көрнекі ақпарат және діни қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойған болатын. Соған сәйкес хабарландыру, жарнама, прейскурант, баға белгілері, мәзір, көрсеткіштер және басқа да көрнекі ақпараттар ең алдымен мемлекеттік тілде жариялануы тиіс. Тек қажет болған жағдайда орыс және (немесе) басқа тілдерде орналастыруды көздейді. Нысандардағы маңдайшадан бастап, ас мәзірлеріне дейін қазақшалануы тиіс. Бұл бағытта түсіндіру жұмыстары жалғасады.

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.