Түркістан облысы

Түркістанда «Қамқорлық» оңалту орталығы ашылды

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі дереккөздеріне сүйене отырып, жаңа технологиямен жабдықталған «Қамқорлық» балалар оңалту орталығы жүйке жүйесі мен тірек-қимыл аппаратының бұзылыстары бар науқас балаларды қабылдап, ем-дом көрсетеді, деп newsroom.kz хабарлайды.

Маңызды нысанның ашылу салтанатына Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев қатысып, ем қабылдап жатқан балалармен кездесті. Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық басқармасына қарасты «Қамқорлық» балалар оңалту орталығы заманауи үлгіде жасақталған.

– Баршаңызды Балаларды қорғау күнімен құттықтаймын. Адам өміріндегі ең үлкен әрі маңызды мәселе – балаларының денсаулығы, болашағы, олардың бақытты болуы. Облысымыз елімізде ең халық тығыз орналасқан аймақ болғандықтан біз денсаулық сақтау мәселесін назарда ұстап келеміз. Орталық өте сапалы әрі жақсы салынған. Жергілікті бюджет арқылы ғимарат жөнделді. Облыс әкімдігімен бірлесе жұмыс атқарып, құрылғыларды алуға қолдау көрсеткен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорына рахмет. Өздеріңіз көріп тұрсыздар. Іші заманауи әрі бұл өңірде жоқ құрал-жабдықтармен қамтылған. Бұл оңалту орталығы балалардың денсаулығын жақсартуға оң ықпалын тигізері анық, – деді Өмірзақ Шөкеев.

Іс-шара барысында оңалту орталығындағы балаларға мерекелік сыйлықтар тапсырылды.

Оңалту орталығының төсек орын саны 50 күндізгі және 10 тәуліктік болып жабдықталған. Орталықта тұз шахтасы, шунгит бөлмесі, эрготерапия, сенсорлық бөлме, механотерапия, бальнеотерпаия, интерактивті бөлме, емдік дене шынықтыру, ойын бөлмелері бар. Қазіргі таңда мұнда 1-14 жас аралығындағы жүйке жүйесі мен тірек-қимыл аппаратының бұзылыстары бар науқас балаларға көмек көрсетіліп жатыр.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялады. Осыған байланысты Түркістан облысы әкімдігінің кешенді жоспары бекітілген. Оның 3-бөлімінде балалардың және мүмкіндіктері шектеулі балалардың денсаулығын нығайту мен қорғау шараларын іске асыру жоспарланған. Балалардың денсаулығын жақсарту, мақсатында Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасы балаларға арналған оңалту төсек орындарын көбейтуде. Қазіргі таңда 613 оңалту төсек-орны бар, соның ішінде балаларға арналған үш оңалту орталығы, бір шипажай мен екі «Қамқорлық» орталығы қызмет атқарып жатыр.

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.