Түркістан облысы

Дәурен Абаев Төлебидегі «Суретшілер үйінде» қылқалам шеберлерімен кездесті

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі дереккөздеріне сүйене отырып, Түркістан облысына Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев іссапармен келді деп newsroom.kz хабарлайды.

Мәдениет саласына жауапты министр былтыр Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесі аясында Аққұм ауылында ашылған «Суретшілер үйінің» жұмысымен танысты. Өңірдің талантты қылқалам шеберлерінің көрмесін тамашалады. Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі Құттыбек Жақыповпен пікірлесті.

Министр қазақ ұлттық гобелен өнерінің үздігі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Құрасбек Тыныбековтің туындыларымен танысты.

Дәурен Әскербекұлы іссапар барысында қылқалам шеберлерімен кездесіп, жас таланттарға шығармашылық шабыт тіледі.

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.