Түркістан облысы

Түркістан: дәрі-дәрмекті қымбат бағаға сатқан дәріхана анықталды

0
(0)

Түркістан облысы Созақ ауданындағы дәріханалардың бірінде дәрі-дәрмектерді негізсіз жоғары бағамен сату жайты орын алды. Бұл туралы Newsroom+Ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Жергілікті полицияға Созақ ауданы Құмкент ауылының дәріханасында дәрі- дәрмектерді жоғары бағамен сатқаны туралы хабарлама келіп түскен. Аталған жайтты тексеру мақсатында жергілікті жерге құрамында полиция қызметкерлері мен басқа да мүдделі органдардың өкілдері бар мобильді топ шығады.

Осылайша Созақ аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері дәріхана сатушысының тұтынушылардың біріне 10 дана “Терафлю”, “Цефозалиннің” бес ампуласы және 5 медициналық шприцті 4000 теңгеден астам қаржыға, яғни белгіленген бағадан екі есе қымбат сатқанын анықтады.

Осы жайт бойынша жиналған материалдар ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Түркістан облысы бойынша фармакологиялық комитетіне заңды шешім қабылдау үшін жіберілді.

Жалпы алғанда карантин кезінде Түркістан облысы Полиция департаментінің полицейлері мен жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері дәрі-дәрмек пен медициналық құралдарды жоғары бағамен заңсыз сатудың 52 жайтын анықтаған.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll Up
Close