Сайрам ауданы

Сайрам ауданында «Ауыл – Ел Бесігі» жобасы аясында бірқатар нысан күрделі жөндеуден өтті

0
(0)

Сайрам ауданының орталығындағы Қ.Жандарбеков атындағы Мәдениет үйі «Ауыл – Ел Бесігі» жобасы аясында күрделі жөндеуден өтті. Тозығы жеткен ғимарат толығымен жаңарып, жуырда пайдалануға берілмек. Нысан табиғи газ арқылы жылыту жүйесімен қамтамасыз етілген.

Сондай-ақ Сайрам ауданында аталған жоба аясында Ақсукент және Манкент ауылдарындағы 1 білім, 1 мәдениет және 1 денсаулық сақтау нысандары күрделі жөндеу жұмыстарынан өтті. Сонымен қатар екі ауылдық округтегі 10 жолдың орташа жөндеу жұмыстары қарқынды жалғасуда.

Бұл – Мемлекет Басшысының Жолдауына орай, аудандағы мәдениет саласына жасалған зор қолдау.

Айта кетейік, күні кеше Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Аманкелдіұлы Сайрам ауданындағы іс-сапар барысында құрылысы аяқталған бірқатар нысандарды аралап, бақылау жүргізді.

 

 

Түркістан облысы өңірлік коммуникация қызметі

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll Up
Close