Ордабасы ауданы

Үлгі аларлық: аудан әкімі күнделік жазуды бастап кетті

Алайда аты жаман тәжтажалдың кесірінен игі бастамалар кешеуілдеп жатыр.

Биыл ұлтымыздың толағай перзенті, қазақ деген халықты айдай әлемге танытқан даңықты балуан  Қажымұқан Мұңайытпасұлының 150 жылдығы.

Жауырыны жер иіскемеген алып күш иесі  қартайған шағында жамбасы жерге тиген киелі Ордабасы ауданы биыл атамыздың 150 жылдығына бірқатар іс-шара жоспарлаған болатын. Алайда аты жаман тәжтажалдың кесірінен игі бастамалар кешеуілдеп жатыр.

Дегенмен, бабаларымыздың ерлігін ел есіне, ұрпақ жадына ұялату мақсатында #ОрдабасыКүнделігі айдарымен сайын даланың бұлшық еті атанған атамыздың ерліктерін жалпыға жария етуді жөн көрдім. ⤵️⤵️ – деп жазды Түркістан облысы, Ордабасы ауданының әкімі Бағлан Батыршаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

«Күш атасы – Қажымұқан «Алашордашылардың» демеушісі болған»

Алаштанушы ғалым Тұрсын Жұртбай Қажымұқанның «Алашордашылардың» рухани демеушісі болғанын алға тартады. «Қажымұқан – «Алашордашылардың» рухани демеушісі. Сондай-ақ, ол кісі «Алашорданың» барлық жиындарына қаржылай көмек берген. Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Халел Ғаббасов сияқты тұлғалармен өте тығыз қарым-қатынаста болған.

1905 жылы «Алаш» идеясымен таныстыру үшін Қажымұқан Қоянды жәрмеңкесінде өнер көрсеткен. Қажымұқанның өнерін көреміз деп жиналған жұрт петицияға қол қойған.

Возможно, это изображение (3 человека и люди стоят)

Сондай-ақ, 1914 жылы Омбы, Семей қалаларында Алаштың кеңестері өтер алдында міндетті түрде Қажымұқан қатысып, өнер көрсететін болған. Бұл – «Цирктің әртісі Қажымұқан өнер көрсетті» деп, жандармерияға алаштықтардың басқосуын көлегейлеу үшін де таптырмас себеп болыпты. Қажымұқан өнер көрсетіп тапқан қаржы-қаражатын «алашордашыларға» беріп отырған болса керек», – дейді алаштанушы.

Қажымұқан өмірінің жиырма жылдан астам уақытын Омбы қаласында өткізген. Бәлкім, ол Алаш зиялыларының жанына жақын жүруді мақсат тұтқан болар. Алаштықтар қуғынға түскенде, Қажымұқан оңтүстікке қарай қоныс аударған екен… деген оймен түйіндеген әкім жазбаларын алдағы уақытттарда жалғастыратынын да жазып, аталмыш жазбасына дереккөз ретінде Жоллығазы Долдаұлының мәліметтерін пайдаланыпты.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 4.4 / 5. Бағалар саны: 7

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.