Шығыс Қазақстан облысы

ШҚО-да улы сары өрмекші қаптап кетті

1
(1)

Мамандар табиғат аясына шыққанда немесе саяжайда жұмыс істегенде жабық киім және қонышы ұзын етік киюге кеңес береді.

Шығыстағы кейбір саяжайларда улы өрмекшілер пайда болды. Әсіресе, қалаға жақын Ұлан ауданында көбейіп кеткен, – деп хабарлайды NewsRoom+ Ақпарат тілшісі Skifnews.kz порталына сілтеме жасап.

Тұрғындардың айтуынша, сары түсті жәндіктер тек елімідзің оңтүстігінде болады. Ал биологтар өрмекшінің бұл түрінің шығыста пайда болуына биылғы ыстық, жауынсыз күн райы әсер еткенін алға тартады.

Мамандар сары өрмекші өте сезімтал болғанымен, адамға зияны жоқтығын айтады. Дегенмен, шақса бірден өлтіріп жібермегенімен, уы денеге жайылып, қауіп төндіреді.

Сондықтан мамандар табиғат аясына шыққанда немесе саяжайда жұмыс істегенде жабық киім және қонышы ұзын етік киюге кеңес береді.

«Адам өміріне бүйі мен қарақұрт өте қауіпті саналады. Қалған жәндіктер де шаққан жеріне сілекейі арқылы уын қалдырады. Сол арқылы қоректенеді деуге болады», – дейді биолог Константин Прокопов.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 1 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll Up
Close