Қылмыс/ОқиғаШығыс Қазақстан облысы

ШҚО-да ер азамат туған анасын ұрып өлтірді

3.5
(2)

Шығыс Қазақстан облысында өз анасын ұрып өлтірді деп деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап.

Оқиға Риддер қаласында орын алған. 60 жастағы азамат анасының айтқан сөзін жақтырмай, оны соққыға жыққан. Ішінен теуіп, басынан ұрған. Жарақат алған зейнеткер ауруханаға тек келесі күні түсіпті. Кейуананы көрген дәрігерлер жағаларын ұстағанын айтады. Зардап шеккен тұрғынның басына мен өкпесіне зақым келіп, ағзасында қан кеткен. Бұған қоса, бірнеше сүйектері де сынған. Кейуана көп ұзамай алған жарақаттарының кесірінен көз жұмған. Өз анасын ұрып өлтірген азамат кінәсін мойындапты. Сот оны қылмыскер деп тауып, алты жылға түрмеге жапты.

Сот айыпталушының жасын, екі тараптың келісімге келгенін, бұрын азаматтың сотталмағанын, жәбірленуші жақтың сөзін ескере отырып, оны алты жылға бас бостандығынан айыру туралы шешімге келді. Екі тарап бұл шешіммен келісті, сондықтан сот үкімі заңды күшіне енді», – деді Риддер қалалық сотының судьясы Айнұр Рахимова.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 3.5 / 5. Бағалар саны: 2

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button