Шығыс Қазақстан облысы

Өскеменде жеті жасар баланы ит талап өлтірді

Жәбірленуші ауыр жағдайда жансақтау бөліміне жеткізілді.

Әлеуметтік желіде Өскеменде жеті жасар баланы иттер талап өлтіргені туралы хабар тарады. Полиция департаменті осы оқиғаға қатысты Sputnik Қазақстан тілшісіне ақпарат берді.

«Біз, «Лесхоз» аулының, «Надежда», «Эдельвейс» бау-бақша серіктестігінің тұрғындары тиісті органдардың назар аударуын сұраймыз. Бүгін иттер жеті жасар баланы талап тастады. Біз қауіпті аймақта (қоқыс тастайтын аймақ) тұратындықтан үнемі қаңғыбас иттердің шабуылына тап болып отырмыз», – деп жазды жергілікті тұрғындар әлеуметтік желіде.

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті 17 желтоқсанда Ертіс полиция бөлімі осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастағанын хабарлады. Тиісті сот сараптамасы тағайындалып, мән-жайды толық анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Басқа ақпарат әзірше таратылмайтыны айтылды.

Біраз бұрын Атырауда қала сыртында төрт ит жасөспірім қызды талап тастағаны хабарланды. Жәбірленуші ауыр жағдайда жансақтау бөліміне жеткізілді.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 3 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.