Шығыс Қазақстан облысы

«Үйден шығып, қайта оралмаған»: Cемейде 19 жастағы бойжеткен іздестірілуде

0
(0)

Семей қаласында 19 жастағы Айым есімді ару іздестірілуде. Бойжеткен 3 мамыр күні үйден шығып, қайта оралмаған. Қыздарын өздігінен таба алмаған соң туыстары полицияға хабар берген

 

Қалалық төтенше жағдайлар басқармасының мәліметінше, қазір Айымды іздеу жұмыстарына 7-ші құтқару бөлімшесінің қызметкерлері мен сүңгуірлер тартылған.Сүңгуірлер жеті шақырымға жететін өзенді шарлап шыққан.

Бүгінде олар Ертіс өзенінің жағалауын аспалы көпірден бастап қарауда. Сондай-ақ құтқарушылар моторлы қайықпен барлық аралдарды тексеруде.

Айта кетейік, із-түзсіз кеткен Айымның бойы – 165 см, көзі – қоңыр, шашы – сары. Үстінде қара жемпір мен джинсы шалбар болған. Айым қайда екені жайлы қандай да бір ақпарат білген жандар 8 7222 569717 немесе 102 нөміріне хабарласуы қажет.

Сілтеме

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:

Тағы да

Scroll Up
Close