Қылмыс/ОқиғаШығыс Қазақстан облысы

ШҚО балалар үйінде тәрбиешілер жасөспірімді соққыға жыққан

1
(1)

Аягөз қаласында Балаларға арналған арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы  тәрбиешілерінің 2006 жылы туған кәмелетке толмаған балаға дене жарақатын салу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі Arnapress.kz  сілтеме жасап.

Баспасөз конференциясы аясында аудан әкімі Сейілбек Ысқақов, аудан прокуроры Руслан Мұратбеков және мекеме директоры Шолпан Мақашева оқиға туралы ресми ақпарат берді.

Дәрігер-психиатрдың қырағылығының және бейнебақылау камераларының арқасында болған оқиғаға жедел мониторинг және бейнетіркеу жүргізілді. Қатыгездік іс фактісі бойынша бірден құқық қорғау органдарына, прокуратураға, аудандық әкімдікке хабарланды, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына баяндалды. Бейнекамералардағы жазбалар құқық қорғау органдарына берілді. Мен қызмет алушының қамқоршысымын, қатыгездік фактісі бойынша арыз жаздым», – деді балалар үйінің директоры Шолпан Мақашева.

Жүргізілген алғашқы іс-шаралардың нәтижесінде  АПБ ТЖТ  қызметкерлері зардап шегушінің бет-әлпеті мен мойын тұсында жарақаттарды байқаған. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 140-бабының 2-бөлігі (кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша қылмыстық іс тіркелді. Заңнамаға сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілмеген. Қазіргі уақытта бұлтартпау мәселесі шешілуде. Сот-медициналық сараптама тағайындау жоспарлануда, деп хабарлады жергілікті әкімдік.

Спикерлер атап өткендей, өткен жылы мекемеде облыс прокурорының бастамасымен және ШҚО әкімінің қолдауымен тәрбиеленушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бейнебақылау камералары орнатылды.

Айта кетейік, іс облыс прокурорының ерекше бақылауында. Оқиға орнына Шығыс қазақстан облысы әкімінің орынбасары Әлішер Мархабат келеді.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 1 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button