Қылмыс пен оқиға

Өскемен сотының төрағасы мен үш судьясы жұмыс кезінде алкоголь ішкен

Сот ғимаратында жұмыс уақытында пара алғаны және алкоголь ішкені үшін төрт судья жұмыстан шығарылды.

 

 

ШҚО сот ғимаратында жұмыс уақытында пара алғаны және алкоголь ішкені үшін төрт судья жұмыстан шығарылды. Бұл туралы ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ерекше маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров мәлімдеді.

«Шығыс Қазақстан облысы департаменті Жоғарғы Сотқа сот ғимаратында пара алу және алкогольдік ішімдік ішу фактілері бойынша Шығыс Қазақстан облысының төрт судьясына, оның ішінде Өскемен қаласының No2 сотының төрағасына жұмыс уақытында сот ғимаратында пара алу және алкогольдік ішімдіктерді ішу фактілері бойынша ұсыныс жіберді», – деді ол.

Биғайдаров тәртіптік комиссияның шешімімен Өскемен қаласының No2 сотының төрағасы Касымов, судьялар Арғымберді, Кайролдина және Глубоковский аудандық сотының судьясы Амиров қызметінен босатылғанын қосты.

Сондай-ақ, оның айтуынша, осы аптада қызметтік міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін: қалалық соттың кеңсесіндегі заң бұзушылықтар үшін Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық сотының төрағасы Оспанова қызметінен босатылды.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 4.5 / 5. Бағалар саны: 8

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.