ШҚО-да Құнанбай музейінің құрылысы басталды

 245 

 Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында бой көтеретін Құнанбай музейінің құрылысы басталды, деп хабарлайды  NewsRoom+ақпарат агенттігінің тілшісі .

Бұл жайлы аймақ басшысы Даниал Ахметов өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды. «Жұмыс сапарымен Абай ауданында болдым. Ұлы ақынның туған жеріндегі «Сырт Қасқабұлақ» стелласының құрылысымен таныстым. Жұмыстың бірінші кезеңі аяқталды. Сондай-ақ Ақшоқыда Құнанбай әулетінің қорымы жаңартылып, музей құрылысы басталды. Мұндағы басты міндет – хакімнің ата-анасына құрмет көрсету. Музей қазақ халқының құндылықтары мен ұрпақтар сабақтастығын сақтау тұрғысынан өте маңызды нысан екенін ерекше атап өткім келеді», – деді әкім.

 

Бөлісу:


Және де: