Қылмыс/ОқиғаШығыс Қазақстан облысы

ШҚО-да мас жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып, қашып кеткен

1
(1)

Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданында мас күйде рульге отырған ер адам жаяу жүргіншіні қағып өлтіріп, оқиға орнынан қашып кеткен,деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға Көкпекті ауданындағы «Көкпекті-Васильев өткелі» жолында болған. Мас күйде көлік тізгіндеген 35 жастағы жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып, сол жерден із суытқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 20 жастағы азамат аурухананың жансақтау бөлімінде қайтыс болды.

Полиция қызметкерлері көлік жүргізушісін қолға түсіріп, уақытша ұстау изоляторына жеткізді. Қазіргі уақытта бірқатар сот сараптамалары тағайындалған. Соның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 1 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button