Қылмыс/ОқиғаШығыс Қазақстан облысы

Балабақшалардың бірінде болған. Тәрбиеші бүлдіршінді еденге алып ұрды (видео)

0
(0)

Бүлдіршінді еденге алып ұрды! Оқиға Өскемендегі балабақшалардың бірінде болған. Баланы аямаған тәрбиешінің әрекеті ойын  бөлмесіндегі  бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Мына кадрлардан тәрбиешінің баланы желкеден түйіп жіберіп,  артынша тепкіге алғаны анық көрінеді.   Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы бұл жайтты растады. Ведомствоның хабарлауынша, балабақша директоры мен тәрбиеші жұмыстан босатылып, соңғысына қатысты қылмыстық іс қозғалыпты. Ал топтағы балалармен психолог жұмыс істеп жүр. Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Әйгерім НҰРҒАЗИНА, облыстық ПД баспасөз хатшысы:

«Тәрбиешінің жеке-басы анықталды. Қазіргі уақытта ол жұмыстан шеттетілді. Аталған факті бойынша Өскемен қаласы полиция басқармасымен ҚР Қылмыстық Кодексінің 140 бабы екінші бөлігінде көзделген қылмыстық құқықбұзушылық белгілері бойынша, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде».

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Ақнұр Сағатова

Инстаграм парақшасы

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button