Шымкент қаласы

Шымкентте газ тапшылығы түбегейлі жойылады

0
(0)

Шымкент қалалық Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Жолшыбек Шайхсламов және орынбасары Нұрлан Жаманкөздің қатысуымен брифинг өтті. Бұл туралы Шымкент ақпараттық-коммуникациялық орталығына Newsroom+Ақпарат агенттігі сілтеме жасап хабарлайды.

Баспасөз мәжілісінде сөз алған басқарма басшысы атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтты.

– Биыл басқармаға 19 бюджеттік бағдарлама аясында бюджеттен 50,9 млрд теңге қаржы қаралды. Яғни, республикалық бюджеттен 14,2 млрд теңге, ал жергілікті бюджеттен 25,8 млрд теңге бөлінді. Бүгінде қаржының 62%-ы игерілді. Бұл ретте атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталсам, ауыз су бойынша 30 нысан, оның ішінде Тұран, Шымкент сити шағын аудандарына ауыз сумен қамту үшін 5 ірі жоба Көмешбұлақ су имаратынан 4,48 км, 6,88 км және Ахунбабева-Гагарина 15 км құрайтын магистралдық суаққылары жобасы іске асырылуда. Ал кәріз жүйесі бойынша 11 нысан, жылу бойынша 15 нысан, сейсмонығайту бойынша 12 нысан, инженерлік инфрақұрылым бойынша 16 нысан (Тұран ш.а. көшелер) мен Аэропорт 1,2 кезең, Триумф заводы және абаттандыру бойынша 13 жоба жүргізілуде. Сондай-ақ, электр қуаты бойынша (14 нысан) қаланың солтүстік және оңтүстік бөлігін сапалы электр қуатымен қамту үшін 3 ірі жоба 220 кВ «Бозарық», 110 кВ «1-М-1» және 110 кВ «Ақжар» қосалқы станса жобалары мен табиғи газ бойынша (8 нысан) қаланың табиғи газға тапшылығын толық шешу үшін «АГРС-3» газ станциясы ірі жобасы іске асырылуда, – деді Жолшыбек Мұхтарұлы.

Спикерлердің сөзіне сүйенсек, жыл соңында көрсетілген 8 бағыт бойынша 68 нысанның (21 ауыз су нысан, 1 кәріз нысан, 9 электр нысан, 1 табиғи газ нысан, 13 жылу нысан, 12 сейсмонығайту нысан, 11 абаттандыру нысан) құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға тапсыру жоспарлануда. Ал қалған 51 нысанның жұмысы 2021 жылға өтпелі. Сонымен қатар, жыл қорытындысымен индикатор көрсеткіштері ауыз сумен қамту 94,7%-дан 95,3%-ға, сапалы электр энергиясымен қамту 93%-дан 95%-ға өсу және жылу жүйелерінің тозу деңгейі 42,7%-дан 38%- ға дейін төмендету күтілуде.

Брифинг барысында жылу беру маусымына дайындық жоспары бекітіліп, бүгінде қызу жұмыстар жүріп жатқаны айтылды. Одан бөлек, БАҚ өкілдері тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап берілді.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll Up
Close