Шымкент қаласы

Шымкент: коронавирустан жазылып шыққандар саны 3000-нан асты

0
(0)

Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингінде Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушысы Тимирхан Варзилов мәлімдеді. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне Newsroom+Ақпарат агенттігі сілтеме жасап хабарлайды.

Оның айтуынша, дертінен сауыққандардың басым бөлігі егде жастағы азаматтар.

«Шымкент қаласында 2020 жылғы 30 шілдедегі жағдай бойынша коронавирустың 4839 жағдайы тіркелді. Оның 2364-і симптомсыз болып анықталған. Бүгінде инфекциядан жазылып шыққан науқастардың саны 3006-ға жетіп отыр. Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде»,-деді Т. Варзилов.

Айта кетейік, бүгінгі күні емханалар жанынан құрылған мобильді бригадалар саны артып, 211-ді құраған. Мобильді бригада мамандары үйде 16 382 пациентке қызмет көрсетіп, 47 945 адамға дәрі-дәрмек жеткізіп берген.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll Up
Close