Шымкент қаласы

Шымкент қаласының қоғамдық көліктеріне электрондық төлем жүйесі енгізілді

5
(1)

Қалада қоғамдық көліктерде электрондық төлем жүйесін енгізу 15 қазанда іске қосылады, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Шымкент ақпараттық-коммуникациялық орталығына сілтеме жасап.

Бұл туралы бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов мәлімдеді.

Бұл жүйеге 1 қарашада толық көшеді. Жолаушылар ол уақытқа дейін қолма-қол және төлем карталарын қолдану арқылы төлейді. Жоба «QazSmartTrans» компаниясы инвестициясының арқасында жүзеге асып отыр. Яғни, жобаға мемлекет қаржысы жұмсалып жатқан жоқ. Электрондық билеттендіру жүйесі бәріне де тиімді. Мәселен, қоғамдық көлікті жан-жақты модернизациялау барысында көмегі көп, – деді М.Исахов.

Баспасөз мәжілісінде белгілі болғандай, бұл жүйені енгізудегі негізгі мақсат – «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру, цифрлық шешімдері мен қолма-қол ақшасыз төлемдерді енгізу, қоғамдық көліктің қызметін жақсарту мен жолаушыларға қолайлы жағдайларды жасау және қалалық бюджетке түсімдерді арттыру.

Мақсұт Пернебайұлының сөзінше, бұл жүйенің мүмкіндіктері мол. Атап айтқанда, икемді тарифтік саясат арқылы қоғамдық көліктің тартымдылығын арттырып, жолаушылар ағынының таралуы бойынша нақты статистикалық есебін береді. Одан бөлек, маршруттық желісін тиімді пайдалану және нақты деректер арқылы әлеуметтік мәні бар маршруттарды субсидиялау барысында пайдасы орасан.

Ширатып жеткізсек, қоғамдық көлікте жол жүру төлемақысын төлеу үшін көлік карталарының 4 түрі қарастырылған. Олар – стандарттық (жалпы пайдалануға), мектеп оқушылары мен студенттерге арналған және жеңілдік картасы. Құны – 500 теңге. «QazSmartTrans» ЖШС-і тарапынан 14 мың көлік карта Ұлы Отан Соғысы ардагерлері мен мүгедектерге, тыл еңбеккерлеріне («ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталғандар) «батыр ана», «алтын алқа», «күміс алқа» төс белгілерімен марапатталған және І топтағы көру қабілеті нашар зағип жандарға тегін таратылады.

Сондай-ақ, төлемақы төлеудің бір ерекшелігі – жолаушылар көлік картасынан бөлек, SMS, QR-код, смартфонды (NFC) қолдана отырып төлей алады. Бұл орайда смартфон пайдаланушыларына арналған «Open Shymkent» мобильдік қосымша әзірленгенін айта кеткен жөн. Ал қала тұрғындарына тиісті мәліметті беру үшін CALL-орталығы (8 775 811 2222) ашылған.

Айта кетейік, бүгінде жүйені енгізу үшін көлік компанияларымен шарт жасалып, автобустарға валидаторларды орнату жұмыстары жүргізілуде.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll Up
Close