Ұсынылған

Сүйінші! Шымкентте Тәшенев есімін университетке берді

Сырдария университеті Жұмабек ТәшенОв университеті болып өзгеріп, Шымкент қаласына қоныс аударыпты.

Бұл туралы белгілі журналист Ғанибет Ғалымбекұлы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

«Бірақ, неге екені белгісіз, оқу орны ТәшенОв атында деп жазылып тұр» , – деген журналист «Мемлекет қайраткерінің өзі ТәшенЕв деп қол қойғанын естіп едік», – деген сауал тастады.

Айта кететін жайт, Сырдария университеті Түркістан облысының Өзбекстанмен шекаралас жатқан Жетісай қаласында орналасқан жеке ЖОО-ның бірі болатын. Жуырда ғана еліміздің үшінші мегаполисіне қоныс аударған университет басшылығы Қазақстанның қазіргі шекарасын қорғауда арыстанша айқасып, ақыр соңында Шымқалаға «жер аударылған» Жұмабек Тәшеневтің есімін беріп игі іс жасады.

Осындай ел мен жер жолында жаны мен қанын қиған ерлердің есімін ұлықтайтын ұлы істер жалғаса берсін. Естеріңізде болса, жақын күндердің бірінде Семей қаласындағы университеттердің біріне Әлихан Бөкейхан есімі берілген еді.

 

Фото: Шадияр Молдабек.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 3.3 / 5. Бағалар саны: 7

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Астана қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.