Шымкент қаласы

Жантүршігерлік жол апаты қайда орын алды?

Шымкентте үш адам жантүршігерлік жол апатынан оқиға орнында қаза болды.Тағы жетеуі ауыр жарақатпен жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. Шымкент полициясы жол апатының мән-жайын анықтап жатыр, деп хабарлайды Newsroom.kz порталы  Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Жол апатына бірден үш көлік – Hyundai Starex, Toyota және Daewoo Gentrа түсті.

Соққының қатты болғаны соншалық бірнеше адам көлік салондарынан жолға ұшып кетті. Олар қауіпсіздік белдігін тағуды ұмытып кеткен болуы мүмкін.

Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем үш адамның өлімін тіркеді. Зардап шеккен қалған адамдар ауруханаға жатқызылды.

Олардың бәрі ауыр жарақат алған: аяқ-қолы сынған, миы шайқалған және тағы басқа.

Жол апатынан кейін автокөліктердің бірінен өрт шыққан. Апат орнына шұғыл жеткен өрт сөндірушілер оны сөндірді.

Қазіргі таңда полицейлер жол апатын тергеп жатыр. Кінәлі адам анықталып, сотқа тапсырылады. Ол он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.