Шымкенттік полицейлер онлайн концерт берді

 1,594 

Шымкенттік патрульдік полиция полкінің қызметкерлерінен құралған «Полиарт» тобы полиция департаментінің ресми Instagram парақшасында онлайн концерт өткізді. Құқық қорғау қызметкерлерінің мақсаты карантинге байланысты үйде отырған қала тұрғындарына қолдау көрсету. Полицейлер тікелей эфирде көрермендердің сұранысы бойынша жеті ән орындады. Сонымен қатар тәртіп сақшылары төтенше жағдай кезінде барлық сақтық шараларын сақтауға шақырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Еске сала кетсек, 8 наурыз халықаралық қыз-келіншектер мерекесінде Арбатта гитарамен әр салған құқық қорғау қызметкерлерінің алғаш рет ән орындап, көпшіліктің ықыласына бөленген еді.
Тікелей эфир көрермендері бұл жолы да талантты тәртіп сақшыларының тұрғындардың көңілін көтергені үшін алғыс айтып, оң пікірлерін білдірді.

Бөлісу:


Және де: