Шымкентте мониторингтік топ сақтық шаралары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде

 220 

Шымкент қаласының Бас санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 17 мамырдағы №17 қаулысына сәйкес, коронавирус індетінің таралуына жол бермеу мақсатында қала аумағында түсіндірме жұмыстары қарқынды жүруде.

Әл-Фараби ауданында орналасқан коммерциялық нысандарының иелерімен және тұрғындар арасында коронавирустық инфекцияның алдын алу бойынша сақтық шаралары күшейтілген.

Аталған мониторингтік топ (аудан әкімі аппараты, аудандық полиция және тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы) қызметкерлерімен коммерциялық құрылымдарға іріктеп, түсіндіру жұмыстары іске асырылып отыр. Яғни, санитарлық нормалардың сақталу барысына бақылау жүргізілуде.

Қауіпті сейілтіп, індетті өршітпеу мақсатында түсіндірме жұмыстары өзге аудандарда да жалғасуда.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Бөлісу:


Және де: