Шымкент қаласы

Шымкентте коронавирусқа шалдыққан бір отбасыдан 9 адам үйіне шығарылады

0
(0)

Шымкентте коронавирусқа шалдыққан бір отбасыдан 9 азамат сауығып, үйіне шығарылады. Бұл туралы бүгін Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Бекбауова БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен брифингте мәлімдеді.

Дертінен сауыққандар – 2 бала, олардың біреуі – 1 жасқа дейінгі бала, жетеуі – ересек. Ауруханадан шығарылған пациенттердің зертханалық зерттеулері теріс нәтиже көрсетті, денсаулық жағдайлары жақсарған.

Айта кетейік, ауруынан сауығып шыққан науқастар медициналық қызметкерлердің уақытылы көмек көрсетуінің арқасында емделді.

Осыған байланысты Шымкентте карантин 3 ошақтан алынады. Олар: Тайманов көшесі, Төреқұлов көшесі және Мақталы көшесі.

Шымкент қаласының төтенше жағдай жөніндегі штабы

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Scroll Up
Close