Шымкент қаласы

Коммуналдық-техникалық қамтамасыз ету қызметтерінің қыс мезгіліне дайындығы пысықталды

5
(2)

Шымкентте авариялық-құтқару және коммуналдық-техникалық қамтамасыз ету қызметтерінің қыс мезгіліне дайындығын пысықтау іс-шарасы өтті, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қала әкімі М.Әйтенов, төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасарлары, азаматтық қорғау полковнигі М.Жақсыбаев, полковник Ж.Кәрімбаев арнайы техниканың дайындығын тексерді. Сондай-ақ, іс-шараға жол-патрульдік полициясының қызметкерлері де қатысты.

Іс-шараның мақсаты – қыс мезгіліне инертті материалдар қорымен қамтамасыз ету және төтенше жағдайларда авариялық-құтқару жұмыстарына жол-пайдалану техниканың дайындығын тексеру, арнайы техниканың жұмысқа жарамдылығын және техникалық жағдайын анықтау.

Коммуналдық-техникалық қамтамасыз ету қызметінің құрамындағы 5 ұйым – «ЛТД Тұрмыс», «Югдорсервис», «Бәйтерек ЛБ», «Нұртас сервис» және «Жасыл жер» мекемелері қажетті техникалармен жабдықталды. Аталған бес мекеме қалада ұзындығы 1012,16 шақырым 299 көшеде қызмет көрсетеді.
Қысқы маусымға инертті материалдардан, 5000 тонна тұз, 17217 м3 құм дайындалған.

Жеке құрамында 670 адам және 182 техника дайындалды. Сондай-ақ, Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінен 28 техника қажетті құралдармен жабдықталды. Қысқы маусымға дайындалған техниканың жалпы саны – 210 бірлік (жоғары өтімді техника, шнекоротор, автосамосвал, автогрейдер, бульдозер, погрузчик т.б.).

Техникалардың қысқы маусымға дайындығын тексеру барысында қыс мезгілінде қауіпті метеорологиялық құбылыстардың пайда болуына байланысты төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мәселелері пысықталды.

Қысқа дайындық барысында анықталған барлық кемшіліктер қалалық төтенше жағдайлар комиссиясының отырысында қаралады.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 2

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll Up
Close