Қылмыс/ОқиғаШымкент қаласы

Шымкентте ит өзінің қожайынын жеп қойған

0
(0)

Шымкентте өз үйінде қайтыс болған тұрғынның мәйітін ашыққан иті жей бастаған. Бұл туралы қалалық Полиция департаменті хабрлады.

5 мамырда, сағат 12:50 шамасында Шымкент қалалық Полиция департаменті Қаратау аудандық полиция басқармасына жергілікті тұрғыннан ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы мұқият тексеру жүргізді. Көз жұмған ер адамның жеке басы анықталды. Ол 1958 жылы туған жергілікті тұрғын болып шықты. Ер адам үйінде жалғыз өзі итімен тұрған. Алдын ала болжам бойынша, ер адам қайтыс болған соң бірнеше күн өткенде ашыққан ит иесінің мәйітін жей бастаған», – делінген хабарламада.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында ер адамның өлім себебін анықтауға бағытталған бірқатар сараптама тағайындалды.

«Тексеру нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады», – деп нақтылады полициядан.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button