Қылмыс/ОқиғаШымкент қаласы

Шымкентте бес жастағы қызды қағып кеткен автобус жүргізушісі қамауға алынды.

0
(0)

Шымкентте бес жастағы қызды қағып кеткен автобус жүргізушісі қамауға алынды. Бұл туралы қалалық Полиция департаменті ресми мәлімет таратты.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға 11 сәуірде сағат 12:55 шамасында болған. Әлия Молдағұлова көшесінің бойында жүргізуші №147 бағыттағы маркасы «Yotong» қоғамдық автобусымен жасөспірім жаяу жүргіншіні қағып кетіп, мерт қылған. «Жүргізуші 1979 жылғы жергілікті тұрғын. Жол-көлік оқиғасының нәтижесінде алған дене жарақаттары салдарынан жаяу жүргінші жасөспірім оқиға орнында қайтыс болды.

Аталған жайт бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалы жүргізілуде. Тиісті сараптама тағайындалды», делінген хабарламада. Айта кетейік, 147 бағыттағы автобус «T-Bus» компаниясына тиесілі. Бұл оқиғаға байланысты жолаушылар тасымалына жауапты басқарма өкілдері автобустың жылдамдығы сағатына 40 шақырымнан аспағанын алға тартты.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button