Шымкент қаласы

Шымкенттіктер мақтааралдықтарға киім-кешек пен қажетті заттар жіберді

0
(0)

Мақтааралдықтардың бүгінгі жай күйі шымкенттік кәсіпкерлерді де бей-жәй қалдырмады. Жомарт жандар Мырзашөл өңіріне қажетті киім-кешек пен гигиеналық заттар жіберді. Атап айтсақ, кәсіпкерлер тарапынан 4000 адамға аяқ-қиім мен спорттық киімдер, одан бөлек 200 дана жейде мен 150 дана әйелдерге арналған көйлек, шалбарлар жөнелтілді, – деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі Adyrna.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

«Апаттың айтып келмейтіні белгілі. Сондықтан Мақтаарал ауданына қиын сәтте қол үшін созып, төтенше жағдай зардаптарын жоюға бүкіл халық болып атсалысу – баршамыздың азаматтық міндетіміз. Көмек көрсету бұнымен тоқтап қалмай, әрі қарай да жалғасатын болады,» – дейді Шымкент қаласы отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқарма басшысы Жандос Қалтаев .

Сонымен қатар, «Шымкент волонтерлар қауымдастығы» көмекке алғашқылардың бірі болып ат салысуда. Қазір аталған қауымдастық су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға қажетті заттар, азық-түліктер мен балаларға ойыншықтар, төсек орындарын жеткізу үшін көмектесуде.

Айта кетейік, Шымкенттік еріктілер қауымдастығы балаларға көңіл бөліп жазғы кампус ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Төтенше жағдайда зардап шеккен ата-аналардың күйзелісі балаларға әсер етпес үшін осындай істі қолға алуды жөн деп тапқан. Олардың мақсаты – оқушыларың мектеп бағдарламасы бойынша қосымша сүйемелдеу сабақтарын өтіп, түрлі шаралар арқылы демалыс уақытын тиімді өткізу.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Scroll Up
Close