Шымкент қаласы

Бәрекелді! Шымкенттік «Bal-Tekstil» Мақтааралға 6 млн теңгенің кілемін жеткізді

0
(0)

Су тасқынынан зардап шеккен Мақтаарал ауданына Шымкенттегі «Bal-Tekstil» кілем фабрикасы да көмек көрсетті.

Атакент ауылындағы облыстық штаб қоймасына жалпы сомасы 6 млн теңгелік 404 кілем келіп жеткізілді. Аталған кілем керуенін «Nur Otan» партиясы саяси кеңесінің мүшесі, «Bal-Tekstil» кілем фабрикасының директоры, белгілі кәсіпкер-меценат Талғат Ысқақов мақтааралдықтарға деп арнайы көмек ретінде жөнелтіпті.

«Мақтаарал ауданындағы су тасқынынан 6 мыңға жуық тұрғын зардап шекті. Мыңға жуық отбасы баспанасынан айрылды. 8 мың гектарға жуық егістік жер мен мал-мүліктерін су шайып кетті. Осыны ескере отырып, біздің ұжым да Мырзашөл халқына көмек қолын созуды азаматтық борышымыз деп санадық. Біз жіберген кілемдер жаңа үйге кіріп, қоныс тойын тойлайтын тұрғындарға тегін таратылатын болады», – дейді «Bal-Tekstil» кілем фабрикасының директоры Талғат Ысқақов.

Қоймаға келіп түскен кілемдердің көркі көз тартады. Көлемдері де сан қилы. Үйге төселетін шағын әрі ірі кілемдер облыстық штабтың арнайы жиһаз, көрпе-төсек жиналатын қоймасына түсірілді.

Айта кетейік, бүгінде облыстық штаб қоймасында 300 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек келіп жеткен. Оның 91 мың тоннасы эвакуация орындарына таратылып берілген.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Scroll Up
Close