Шымкент қаласы

Шымкент сыра зауыты өнімін алкогольсіз сусындармен толықтырмақ

2
(1)

Шымкент сырасы шет елдіктердің сүйікті сусыны. Отандық өнім Өзбекістан мен Ресей, Қырғызстан және Қытайға экспортталуда. Шымкенттегі кәсіпкерлікті қолдау мақсатында бүгін қала әкімі М.Әйтенов «Шымкент сыра» зауытына барды. Шымкенттің салқын сырасын шығаратын зауытта 500 адам жұмыспен қамтылған. Сырадан бөлек квас секілді алкогольсіз сусындар шығару жоспарлануда екен. Жылына 2 миллион гига литрге жуық өнім беретін сыра зауытының аумағы 9 гектарды құрайды.​ Бүгінгі таңда өндіріс қуаттылығы жоғары, сапалы өнім беретін отандық ірі кәсіпорын ретінде көш​ бастап тұр. «Шымкент сыра өндіру зауыты» ЖШС-ның атқарушы директоры Наталья Антонова Шымкент қаласының әкіміне өндірістің ішкі жұмыстарын таныстырып қана қоймай, болашақтағы жоспарларын да баяндады. Отандық өнім ішкі нарықты ғана емес, өзге елді де қамтуда. Мәселен, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Қытайға да жөнелтіледі.​

Зауытты аралау кезінде Шымкенттің әкімі​ Мұрат Дүйсенбекұлы кәсіпкерлікті дамыту бағытында мемлекеттік бағдарламалар аясында инвестиция тарту жолдарын қарастыру жөнінде тиісті басқарма басшысына тапсырма берді.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 2 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:

Тағы да

Scroll Up
Close