Шымкент қаласы

Шымкент: тойхана, мейрамхана иелері ғимараттарын провизорлық орталыққа айналдыруға дайын

1.8
(5)

Шымкент қаласындағы мейрамхана иелері эпидемиологиялық жағдай нашарлап, мұқтаждық туса өздерінің меншігіндегі ғимараттарды провизорлы, стационарлы орталықтарға айналдыруға дайын. Бұл ұсыныстарын олар қала әкімі Мұрат Әйтеновке жеткізді.

Шаһардағы бірнеше ғиаратты аралап шыққан Мұрат Дүйсенбекұлы, әзірге қосымша провизорлық орталықтарды ашудың қажеттілігі жоқ екенін жеткізді. Өйткені, бүгінде ауруханалар мен стационарларда медициналық көмекке мұқтаж барлық науқастарды жатқызу үшін жеткілікті орындар бар. Алайда, індеттің таралуы өсіп, науқастар көбейген жайғайда әкімдік мейрамханаларды, тойханаларды провизорлы стационар ретінде пайдаланатын болады.

«Қазіргі таңда Шымкент қаласы әкімінің тапсырмасына сәйкес, эпидемиологиялық жағдай күрт нашарлаған жағдайға дайындық жұмыстары жүргізілуде. Коронавирус пен пневмонияға шалдыққа науқастарды емдеуге 7 миллиард қаржы бөлуді жоспарлап отырмыз. Бірінші кезекте, үлкен сұранысқа ие дәрі – дәрмектермен, ӨЖЖ (ИВЛ) аппараттарымен және компьютерлік томографиямен (КТ) қамтамасыз ету мәселесі шешілетін болады», – деді қала әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр баяндады.
Сондай-ақ, сауда орталықтары мен басқа да қаладағы ірі нысан иелері тұрғындарға уақтылы медициналық көмек көрсету үшін тегін көмек көрсетуге дайын екендігін атап өтті.

«Егер, күзде эпидемиялық жағдай нашарлап, індеттің екінші толқыны басталатын болса, біз сол жағдайға дайын болуымыз керек. Сондықтан қазір кәсіпкерлердің өздері ұсынған қаладағы ірі ғимараттарды қарастырып жатырмыз. Жағдай күрделенер болса, біз шұғыл провизорлық орталықтарды ұйымдастыруға дайынбыз. Бүгінгі таңда науқастарды емдеуге арналған қосымша 3000 орын дайындадық. Жақын арада кәсіпкерлер ұсынған ғимараттардан да дәл солай төсек-орындар дайындамақпыз» – дейді Ербол Садыр.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 1.8 / 5. Бағалар саны: 5

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll Up
Close