Шымкент қаласы

Шымкентте «Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздеріне оқыту басталды

5
(1)

Бүгін Шымкент қаласында «Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздеріне оқыту басталды.

Бүгін Шымкент қаласында «Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздеріне оқыту басталды. Бұл туралы ақпараттық-коммуникация орталығында өткен брифингте Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Олжас Жансейітов мәлімдеді.

– Оқуға тіркеу және оқыту 10 маусымда басталды. Карантиндік шектеулерге байланысты биыл «Бизнес Бастау» жобасына тіркелу де, оқыту да онлайн форматта «Atameken Academy» платформасы арқылы өтеді. Оқыту маусым мен қыркүйек айлары аралығында 5 кезең бойынша жүргізіледі, — деді Олжас Ерланұлы.

Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Жанат Өтебаеваның айтуынша, оқуға тіркелу үшін алдымен жұмыспен қамту орталығынан жолдама алуы тиіс. Кейін сол жолдаманы жеке куәлікпен бірге https://atameken.co/kk/course-bastau сілтемесіне жүктеу қажет.

– Оқуға 18 бен зейнет жасы аралығындағы жұмыссыздар, еңбекке қабілетті мүгедектер, аз қамтамасыз етілген, көп балалы отбасы мүшелері мен оралмандар қатыса алады. Оқу мерзімі 21 күннен аспайды, — деді Жанат Өмірсейітқызы.

Айта кетейік, «Бастау Бизнес» жобасы аясында оқыған азаматтар мемлекет тарапынан берілетін 200 АЕК көлеміндегі грантқа үміткер бола алады.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Scroll Up
Close