Шымкент қаласы

Шымкентте полиция ғимаратында адам өлді

Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің ғимаратында күдікті ретінде ұсталған азамат қайтыс болды.

«08.12.2021 жылы шамамен сағат 17:00-де Шымкент қаласы Полиция департаментінің ғимаратында қала аумағында бірнеше қымбат шет ел автокөліктерін айдап кету қылмысы бойынша күдікті ретінде жеткізілген 1990 ж.т. азамат жауап алу барысында бірден өзін нашар сезінгенін айтқан.

​Оған сол кезде алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, жедел жәрдем шақыртылған.

Азамат жедел жәрдем келгенше, ес-түсін жоғалтқан. Жедел жәрдем қызметкерлері тексеру барысында азаматтың мезгілсіз қайтыс болғанын растап, тіркеген.

​Осы факті бойынша Ішкі істер министрлігі Өзіндік қауіпсіздік департаментіне және қалалық прокуратураға хабарланды.

​Қайтыс болу себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптамасы тағайындалды.

Сараптама нәтижесі қосымша хабарланады», – деп жазады Шымкент қаласының Полиция департаменті баспасөз қызметі.

Тепсе темір үзетін жастағы азаматтың табан астында көз жұмуына не себеп болды екен деп жазады  «Замана»-ақпарат.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 1 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Астана қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.