Шымкент қаласы

Шымкентте «HALAL EXPO – 2021» халықаралық көрмесі өтеді

3
(2)

Осы жылдың 11-12 қазанында ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Шымкентте «QMDB Halal» сертификатын алған өнімдердің «HALAL EXPO 2021» халықаралық көрмесі өтеді деп хабарлайды newsroom.kz.

Бұл жәрмеңкені «Халал Даму» стандарттау және сертификаттау орталығы және Шымкент қаласы әкімдігі ұйымдастыруда. Бұл атаулы көрме Шымкенттегі Н.Назарбаев даңғылында орналасқан «Көрме» орталығында өтеді. Халықаралық «HALAL EXPO – 2021» көрмесіне халал индустриясындағы белді кәсіпорындар, әлемдік және отандық кәсіпкерлер, инвесторлар, халықаралық сертификаттау органдары, мемлекеттік мекеме басшылары, дін қайраткерлері, БАҚ өкілдері т.б қатысады деп жоспарланған.

Сонымен қатар іс-шара барысында халықаралық сарапшылар, дін ғалымдары мен зиялы қауым өкілдері баяндама жасайды. Ал үздік шыққан кәсіпорындарды ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы марапаттайды.

ҚМДБ баспасөз қызметінің ақпарынша, «HALAL EXPO – 2021»  көрмесі сауда нарығында жаңа бағыттарға жол ашып қана қоймай, халал өнімдерді тікелей өндірушіден нарықтық бағадан төмен алуға таптырмас мүмкіндік. Көрме 11 қазан сағат 10.00-де басталады, Шымкент қалалық «КӨРМЕ» орталығы, Н.Назарбаев даңғылы, 12, Нұрсәт 2 шағын ауданында өтеді.

 

Мақсат ЖАҚСЫЛЫҚОВ

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 3 / 5. Бағалар саны: 2

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button