Шымкент қаласы

Шымкeнттe үздiк көpкeм гимнacтшылap aнықтaлды

Ал Шымкент қаласының құрамасы 1 алтын және 2 күміс жүлдені қанжығаларына байлады.

Шымкeнттe Қaзaқcтaн Кyбoгi үшiн көpкeм гимнacтшылap apacындa өткeн caйыcтa жeңiмпaздap aнықтaлды, дeп хaбapлaйды newsroom.kz.

Жapыcқa бapлығы 330-дaн aca cпopтшы қaтыcты. Oлapдың өнepiнe бac төpeшi Нaтaлья Мaмaшeвa бaғa бepдi.

Қaзaқcтaн Кyбoгы бac бәйгeciндeгi жeкeлeй жәнe тoптық көпcaйыcтa Шымкeнт қaлacының құpaмacы жeңicкe жeттi. Жapыcқa cпopт шeбepi жәнe cпopт шeбepлiгiнe үмiткep жacтap қaтыcты. Нәтижeciндe

Шымкeнт қaлacының құpaмacы 1 aлтын жәнe 2 күмic жүлдeгe иe бoлды.

Жeкeлeй көпcaйыcтa шымкeнттiк cпopтшы Милaнa Пapфилoвa бipiншi opынғa иe бoлды, aл Нұp-Cұлтaн қaлacының cпopтшылapы eкiншi жәнe үшiншi opынды қaнaғaт тұтты.

Coндaй-aқ cпopт шeбepлepi apacындa өткeн тoптық көпcaйыcтa Шымкeнт қaлacының құpaмacы eкiншi opынды иeлeндi.

Қaлa құpaмacындa Apиaднa Cквopцoвa, Зepe Әбдicaдық, Eңлiк Epжaнқызы, Ұлжaн Шaлмұхaнбeтoвa, Aйcaнa Ұлықпaнoвa жәнe Виктopия Бopиcoвa бoлды. Oлap тoптық көпcaйыcтa eкiншi opынғa иe бoлды.

Үшiншi opынды Нұp-Cұлтaн жәнe Aлмaты қaлaлapының cпopтшылapы aлды.

Бүгiндe Шымкeнттeгi көpкeм гимнacтикa cпopт мeктeбiндe 400-дeн aca бaлa жaттығып жүp.

Айта кетейік, Қазақстан президенті Қасым Жомарт Тоқаев елде бұқаралық спортты дамыту маңызды екенін мәлімдеген еді. Мемлекет басшысы тапсырмасын орындау мақсатында Шымкент әкімдігі қаладағы спортты дамыту, ондағы жастардың үлесін арттыру үшін спорттық үйірмелерде жан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесін енгізген.

Бүгінде қалада әртүрлі спорт түрінен спорт секциялар жұмыс істейді. Оған 4 жастан 18 жасқа дейінгі балалар тегін қатыса алады.Соңғы дерекке сәйкес, онда 4 мыңнан аса бала спортпен шұғылданып жүр. Бұл жұмысқа жергілікті бюджеттен 340 млн теңге бөлінген. Сонымен қалада 5 спорт клубы бар. Әкімдік дерегінше, спорт саласындағы мемлектетік тапсырысты орындауға 24 кәсіпкерден өтінім түскен. Сондай-ақ баласының болашағын спортпен байланыстырғысы келетін ата-аналардан 2300-ге жуық өтінім түскен.

Айта кетейік, бүгінде Шымкентте 340 мыңнан аса тұрғын бұқаралық спортпен шұғылданады, бұл жалпы халық санының 31,2%. Оған жастар, оқушылар мен ересектер кіреді. Әкімдік дерегінше, жыл соңына дейін көрсеткіш 35% жеткізілмек. Сонымен қатар қаладағы жұмыс істемей тұрған тойханаларда спорт үйірмесін ашу мәселесі пысықталып жатыр.

Қазіргі таңда қалада 24 спорт мектебі жұмыс істеп тұр, онда әртүрлі спорт үйірмелері бар.

Қала әкімдігі бұқаралық спортты дамыту үшін ауладағы спорт алаңдарының маңызы зор екенін атап өтті. Осы орайда мамандар шаһарда жаңадан салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйлердің ауласында жаңа спорт алаңдарын салуға мән беру өзекті екенін жеткізді.

Сондай-ақ қалада жастарды баспанамен қамтамасыз ету мәселесіне де ерекше көңіл бөлініп отыр. Мысалы, биыл шаһарда жұмыс істейтін жастарға жалдамалы 300 пәтер беріледі. Олар «Асар 2», «Жаңа Тұрлан», «Тұран» шағын аудандарында орналасқан. «Жастар» бағдарламасы сатып алу құқығынсыз пәтерде жалға беру бойынша 4 мыңға жуық өтінім түскен. Бүгінде тапсырылған құжаттарды зерделеу мен бағдарлама талаптарына сәйкестігін тексеру жұмыстары жүргізілген. Пәтерлер сатып алу құқығынсыз 5 жылға жалға беріледі.

Бағдарлама талаптары:

– Жұмыс істейтін 29 жасқа толмаған;

– Шымкентте соңғы 2 жылда тұрақты тіркеуде тұрған;

– Қазақстан аумағында тұрғын үйге соңғы 2 жылда меншік құқығы тіркелмеген;

– Ай сайынғы табысы 116 680 теңгеден кем болмауы шарт.

Осыған дейін Шымкентте жастарды жұмыспен қамту үшін бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткен еді.  Оған 50-ге жуық жұмыс беруші кәсіпорын қатысқан. Олар 9 мыңға жуық медициналық, техникалық, педагогикалық, жеңіл өнеркәсіп және қызмет көрсету салалары бойынша тұрақты және уақытша бос жұмыс орындарын ұсынған.

Жәрмеңкеде «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде «Әлеуметтік жұмыс орындары», «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны» бағыттары бойынша жұмыстар да ұсынылып, жұмыспен қамту орталығы мамандарының кеңес берді.

«Қалада шағын аудандар өте көп. Сондықтан біз арнайы жәрмеңкелер ұйымдастырып жатырмыз. Мақсатымыз жұмыссыз тұрғандарға көмектесу. Олардың ішінде жастар да бар», – деді қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекова.

Осы орайда жас маман Айкүміс Орынбек жәрмеңкеден жұмыс тапқанына қуанышты екенін жеткізді.

«Мүмкіндікті пайдаланып жұмыс орнына жолдама алдым. Жәрмеңке тек жұмыссыз  жастар үшін ғана емес  жұмыс берушілер үшін де тиімді.  Олар «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының «Әлеуметтік жұмыс орындары», «Жастар практикасы» , «Алғашқы жұмыс орны» бағыттары бойынша жастарды жұмысқа шақырды. Мәселен, қазір қаладағы сауда үйінің бірінде 50 жұмыс орны бос тұр екен. Орталықта студенттер үшін де жұмыс бар», – деді ол.

Сауда үйінің өкілі Анна Солдатова жастар мен студенттер аталған жәрмеңкеден жұмыс таба алатынын, жұмыс графигі тиімді екенін атап өтті.

Жыл басынан бері қалада «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 18 мыңнан адам жұмысқа орналасқан. Оның 2,5 мыңға жуығы жастар. Сондай-ақ 100-ден аса жас жұмыс орны жобасымен жұмыс істеуге мүмкіндік алған. Мысалы, қалада аталған бағдарламасының үшінші бағыты жастар практикасы бойынша жас мамандар жұмысқа орналасып жатыр. Жастар практикасы жас маманның мамандығы бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алу мақсатында ұйымдастырылып отыр.

21 жастағы жас маман Болат Шахизада жолдама бойынша Қаратау ауданының әкімі аппаратында жұмыс істеуге мүмкіндік алған. Биыл ол университетті «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітіріп, жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркелген. Тамыздан бастап ол өз мамандығы бойынша есеп-қисап бөлімінде жұмыс істеуге кіріскен.

«Оқуды бітірген соң жұмыспен қамту орталығының әлеуметтік желідегі парақшасында бағдарлама арқылы жұмысқа шақыру жөнінде хабарландыруды көрдім. Кейін орталыққа келіп, мамандардан көмек сұрадым. Олар маған бірнеше жұмыс орнын ұсынды. Мен Қаратау ауданының әкімдігін таңдадым. Уақытша болса да жұмысқа орналасқаныма қуаныштымын», – деді ол.

2021 жылы қалада екі мың бес жүзден аса жасты жұмысқа орналастыру жоспарланып отыр. Бүгінде екі мың алты жүзге жуық жас жұмысқа орналасқан.

Бағдарлама талабына сәйкес, қатысушының жасы 29-дан аспауы тиіс және «жұмыссыз» мәртебесі болуы шарт. Сондай-ақ жоғары оқу орындары мен колледжердің түлектері бағдарламаға бір-ақ рет қатыса алады.

Өткен жылы бағдарлама шеңберінде 3 мыңға жуық жас аталған бағдарламамен жұмыспен қамтылған. Оның 536-сы тұрақты жұмыс орны.

Сонымен қатар Жастар практикасы бағыты бойынша жұмысқа орналасқан жастың бірі – Жанерке Қуандық. Жас маман өткен жылы қаладағы медициналық колледжді медбике мамандығы бойынша бітірген. Осылайша, биыл № 1 қалалық клиникалық ауруханада уақытша жұмысқа орналасқан.

«Қазіргі таңда ауруханадағы жансақтау бөлімінде көмекші ретінде жұмыс істеп, біліктілігімді арттырып жатырмын. Жұмыс істеймін деген жастарға әрқашан жұмыс бар», – деді жас маман.

Жыл басынан бері 2 мыңнан аса шымкенттік жас маман аталған бағдарлама бойынша түрлі мекеме мен кәсіпорында біліктілігін арттырған.

Айта кетейік, Шымкентте жастармен тығыз байланыс орнату үшін 4 ауданда Жастар ресурстық орталығының бөлімшелері ашылған болатын. Іс-шараға Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов, қалалық мәслихат хатшысы Бахадыр Нарымбетов, Қаратау ауданының әкімі Абзал Әлімқұлов, «Қазақстан жастар конгресі» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры Тоқтар Болысов қатысқан. Жастар ресурстық орталығының басшысы Ерлан Айтбаев жиналғандарға аудандық бөлімшенің жұмысымен тарыстырды.

Жастар үшін ашылған жаңа орталық орталық 2 қабаттан тұрады, бір мезетте 50-100 жасқа қызмет көрсете алады. Орталық 5 бағыт бойынша жұмыс істейді: жастарға қызмет көрсету, талантты жастарды қолдау, коворкинг орталығы, шағын кітапхана, психологиялық кеңес беру. Мұнда жастар шығармашылық бастамалары мен жас кәсіпкерлерді қолдау, жұмыспен қамту, тұрғын үйге қол жеткізу, жұмыс орнын табу секілді мәселелер қаралады. Жаңа орталық жастармен жұмыс жүргізуге, олардың бос уақытын тиімді өткізуге жол ашады. Іс-шарада Мұрат Әйтенов «Қазақстан жастар конгресі» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры Тоқтар Болысовпен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Сонымен қатар Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан Жастар ресурстық орталығында болып, жастарды толғандырып жүрген сұрақтарға жауап берген болатын. Кездесу барысында Шыңғыс Мұқан орталықтың жұмыс барысымен танысып, қала жастарының өзекті мәселелері мен қызығушылықтары жайында өз пікірін айтты.

Іс-шараға жас кәсіпкер, жас режиссер, мұғалім, композитор, дизайнер, қолөнерші, биші, жас ақын, жас суретші, еріктілер, пікірсайысшылар қатысты.

Кездесу барысында қала әкімінің бірінші орынбасары жеке өміріндегі қызықты сәттермен бөлісіп, еңбек тәжірибесін айтты, әрі жастарды толғандырған сұрақтарға жауап берді. Мұндай еркін форматтағы кездесу алдағы уақытта тұрақты өтеді деп жоспарланып отыр.

Мөлдір АХМЕТОВА

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.