Шымкент қаласы

Шымкентте базар өртеніп кетті

0
(0)

Шымкентте «Бекжан» базарындағы автовокзал өртеніп кетті, – деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы қалалық ТЖД баспасөз қызметі мәлімеді.

Ресми ақпаратқа сүйенсек қызыл алау аяқ киім сататын дүңгіршікте сағат 15:13 шамасында пайда болған.

«Темірлан тас жолындағы «Бекжан» базарының алдында автокөлік тұрағында орналасқан аяқ-киім дүңгіршектері жанып жатқаны белгілі болды. Өртті сөндіруге ТЖД-ның 70 өрт сөндірушісі мен 24 дана арнайы техникасы жұмылдырылды. Жалын 280 шаршы метр аумақты шарпыған. Оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Тілсіз жау сағат сағат 15:40 шамасында сөндірілді. Қазіргі таңда өрттің шығу салдары анықталуда», – делінген ресми хабарламада.

Атап кетерлік жайт, бұл базар бірінші рет өртеніп тұрған жоқ. Бұған дейін мұнда орналасқан сауда орталығын тілсіз жаудың құрсауында қалып, бірнеше азамат қаза тапқан еді.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Scroll Up
Close