Шымкент қаласы

Шымкентте сәләфиттер ордасы ашылған ба?

0
(0)

Олар қандай астыртын идеология жүргізіп отыр? Әлгі даулы видеоға байланысты Айгүл Орынбек пікір жазды, – деп хабарлайды NewsRoom+тілшісі  Oinet.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап

Иман шүберекте емес, жүректе. Нәпсіңе ие бола алмасаң, сені ешқандай шүберек тоқтата алмайды. Қызды скотчтап қойсаң да, зорлық жасағысы келген еркек жасайды. Қазақстанда талақ құрбандары өте көп! Алты рет неке қиған, бірінен талақ алып екіншісімен неке қидырып, бір-біріне сыйланып жабық киініп жүрген қыздардың жезөкшеден несі артық?

Тек киімінде ме? Киім киіп иманды болып көрініп, жүз жігітті суғарып жүргендер бар. Ашық киініп арына ие болып жүрген қыздар да бар! Мұхамеджан Тазабектің лекциясы нәтижесін беріп жатыр! Мәселе киімде емес, Шымкент Жастар орталығы сәләфиттер ордасына айналған ба? Астыртын кімдердің идеологиясын жүргізіп отыр?

Қалайша бұндай роликтің шығуына жол берген? Жастарға не тәрбие беріп жатсыңдар? Ертең кез келген миы уланған жас, көшеден көлікке қызды отырғызып алып, осылай қорқытып үркітіп, ұрып соқса ше? Кім жауап береді? Мұхамеджан Тазабектің өңірлерді аралап, жастарға лекция оқығанынан қорқып едім. Міне нәтижесін беріп жатыр, – дейді ол.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Scroll Up
Close